Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шығыс Қазақстан тарихи ескерткіштері

яндама жасаған Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бұл бағдарламаның маңызы мен қол жеткізген жетістіктерін жан-жақты түйіндеп айта келе, осы бағдарламаны 2009-2011 жылдар аясында жалғастырудың ұлттық стратегиялық жобасының жаңа тұжырымдамасын ортаға салған болатын. Онда Мұхтар Абрарұлы жинақталған тарихи-мәдени мұраларды зерттеу және сақтау саласында жаңа бағыттардың қалыптасқандығын, Елбасының тапсырмасымен жобаны жүзеге асырудың жаңа басымдықтары белгіленгендігін баян етті. “Бірінші бағыт ұлттық рәміздерді қалыптастыруды қамтиды. Бұл бағыттың шеңберінде өзінің бірегейлігінің арқасында ұлттық рәміздер болатын және халықты біріктіру функциясын жүзеге асыратын мемлекеттігіміздің асыл қазыналарын қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Олар – Есік, Берел қорғандары және Түркістан қаласы мен Отырар қалашығындағы бірқатар маңызды ескерткіштер. Екінші бағыт Ұлы Жібек жолының тарихи орындарының негізінде мәдени туризмді дамытуды көздейді. Осы бағытта Ұлы Жібек жолының магистральді учаскелеріндегі қорық-мұражайлардың дамуын анықтайтын бас жоспар құру ұйғарылды. Сонымен қатар, барлық тарихи орындарды мұражайландыру жүзеге асырылады. Үшінші бағыт ұлттық тарихи-мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттау жөніндегі жұмыстарды қамтиды. Мұнда Берел мен Есік қорғандары, Түркістан мен Отырар қалашығының ескерткіштері, өзге де тарихи орындар туралы халықаралық талаптарға сай, терең мазмұнды, жоғары сапалы деректі фильмдер жасалып, оларды “Би-Би-Си”, “Дискавери” секілді әйгілі әлем¬дік телеарналардан көрсетуді ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сол сияқты бұл бағыттың шеңберінде еліміздің тарихи-мәдени мұраларын насихаттауға бағытталған халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар, көрмелер ұйымдастырылатын болады. Атақты зерттеушілермен іргелі ғылыми орталықтармен бірге жалпыәлемдік мәдени құндылықтар тұрғысынан ұлттық мұрамызды зерделеу жүзеге асырылады. Төртінші бағыт өткен бес жылда табылған тарихи-мәдени мұраны кешенді зерделеуді көздейді. Ірі тарихи қалашықтар мен құрылыстарда археологиялық зерттеулер жүргізу, мәдени мұра мәселелері бойынша мемлекеттік тілдегі кітаптардың жаңа серияларын әзірлеп шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бесінші бағыт жүйеленген білімді оқу үдерісіне енгізуді көздейді. Бұл ең алдымен, жас қазақстандықтарды патриоттық рухта, халқына деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу қажеттігіне негізделген. Алтыншы бағыт саланы дамытудың стратегиялық ресурсы ретінде кадр саясатын іске асыруды қарастырады. Саланың жоғары деңгейлі аудармашы, тарихшы, этнографтар және басқа мамандарды қажет ететіндігі жасырын емес. Осыған байланысты тиісті мамандарды даярлауды, олардың жас халықаралық оқыту бағдарламаларына қатысуларын қамтамасыз ету, мәдениет қызметкерлерінің еліміздің және шетелдердің үздік мәдениет мекемелерінде біліктілік мектебінен өтуін ұйымдастыру жөніндегі бірқатар шараларды қарастырып отырмыз” деген болатын министр.
Сонымен қорыта айтқанда, “Мәдени мұра” стратегиялық бағдарламасы осы уақытқа дейін терең тамырлы тарихымызда қалыптасқан ақтаңдақтарды аршып, асыл қазыналарымызды халқымызға қайтадан таныстыру бағытында бүгінгі ғана емес, болашақ ұрпақтар үшін де өлшеусіз қызмет етпек. Жаңадан қалыптасып отырған тәуелсіз мемлекетіміздің саяси-қоғамдық, тарихи әлеуметтік, экономикалық қырлары үшін бұл мәселенің маңызы өте зор.

12
скачать работу

Шығыс Қазақстан тарихи ескерткіштері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ