Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары

хановтың көршілес халықтардың рухани мұрасын зерттеудегі баға жетпес еңбегі оның бауырлас қырғыз халқының ауыз әдебиетін, тарихы мен этнографиясын жете зерттеуінен айқын көрінеді.

         Бұған – Ш.Уәлихановтың қырғыз халықының әдеби мұрасы «Манас» жырын зерттеушілердің бірі, белгілі ғалым-академик Ә.Х.Марғұлан өзінің «Шоқан және Манас» атты монографиясында ол жайлы былай де жазды: «Манас» - тарихи заманнан таулы Азия қыратында ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан қызықты жыр, қырғыз халқының айтулы мұрасы. Бұл жырды алғаш рет қағаз бетіне түсіріп, оны әдебиет дүниесінің белгілі бір кеніші еткен жас ғалым Шоқан еді»1. Бірақ басқа ағартушылар сияқты, Ш.Уәлиханов та қоғамдық құбылыстарды материалистік тұрғыдан түсіндіре алмады. Оның ойынша, сахарадағы әлеуметтік прогресс пен демократиялық өзгерістерге жетудің шешуші жолы мен құралы тек ғана ағарту, «нағыз шынайы білімдерді» тарату, мәдениетті жетілдіру. Ш.Уәлиханов арнайы педагогикалық еңбектер жазбағанмен, бірақ ол Қазақстанның мәдени өмірінен тыс қалған жоқ.  Ағартушы-ғалым ретінде Ш.Уәлиханов халықтың арасында ағарту ісін тарату және дамыту үшін күресті.

------------------------------------------------------------------------

1Марғұлан Әлкей. «Шоқан және Манас», Алматы, 1971, 3-бет

 

         Шоқан Уәлихановқа орыс педагогикасының революциялық-демократиялық бағытының әсерінің салдарынан, ол қазақ балалары үшін мектептер ұйымдастырғанда оқыту мен тәрбиенің халықтық қағидасын басшылыққа алудың қажеттілігін ескертті. Бірақ Шоқан Уәлиханов басқа да ағартушылар сияқты қоғамдық құбылыстарды материалистік тұрғыдан түсіндіруге дейін көтеріле алмады. Оның түсіндіруінше, тек ғана ағарту ісін «шын мәніндегі білімді» тарату, мәдениетті арттыру құралдары арқылы қазақ даласында әлеуметтік прогреске және демократиялық өзгерістерге жетуге болады деді.

         Шоқан Уәлихановтың көзқарасының қателігі оның дінге қатысында байқалды. Ол дінді жан-жақты сынай отырып, қоғамдық кемшіліктердің негізгі себебі ислам діні деп түсіндірді, шын мәнінде оның себептері қоғамның экономикалық факторларында, материалдық өмір жағдайларында жатқандығын түсінбеді.

         Қорыта келгенде, Ресейдің алдыңғы қатарлы зиялыларының Ш.Уәлихановтың ғалым-ағартушы, қоғам қайраткері ретінде көзқарасының қалыптасуына әсері зор болды. Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің дамуында ерекше із қалдырды.

12
скачать работу

Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ