Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шоқай Мұстафа — Алаш партия қозғалыстарының ең соңғы түйіні

ан еді. Сол ғимаратқа барған делегация Оңтүстік-Шығыс автономиялық Мұсылман Өлкелер Одағы туралы оған мәлімет берді. Сонымен қатар француз тілін білетіндігіне байланысты онан болашақ федерациялық мұсылман ұлттық өкіметінің Сыртқы Істер министрі қызметін қабылдауын өтінді.

Бірақ, 1918 жылғы 12 қыркүйекте өткен кездесуде Акшора өзіне айтылған федерация пікіріне мән бермеді.[14]Түркия азаматы болуына байланысты Ресей ішіндегі қандай да бір саяси қозғалысқа белсене араласуының мүмкін еместігін алға тартып, өзіне ұсынылған қызметтен бас тартты.[15]Сонымен қатар Акшора одақ атын «Шығыс Түріктерінің Федерациясы» деп атаудың дұрысырақ болатындығын көрсетті. Бөкейханов орыстардың бұл одаққа бойлары үйренгенге дейін, оған пантүркизм таңбасы басылуына себеп болатын атаулардан бойды аулақ ұстаудың қажет екенін, бірақ уақыт өте келе ол аттың да қабылданатындығын айтты.[16]Сонымен, Шоқай мен серіктерінің Уфадағы Түркістан Федерациясы туралы пікірлеріне қолдау іздеу жұмыстары табыссыз аяқталды.

Түркістан Одағы пікірі – Алаш көсемдерінің халықаралық жағдайды көріп байқағаннан кейін геостратегиялық жағдайға байланысты ұтымды пікірі. Ол кейін Шоқайдың күресінің белді пікірлерінің бірі болды. Бұл шынайы қажеттіліктен туындамаған жағдайда арада 80 жылдай уақыт өткеннен кейін тәуелсіз Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев оны Орталық Азия Одағы ретінде қайта жаңғыртпас еді. Оның тек Қазақстан үшін ғана емес, аймақтағы өзге елдер үшін де қандай қажет екенін Елбасы Назарбаев 2005 жылы ақпан айындағы жолдауында нақты түрде ортаға салған еді.

Алаш қозғалысы қай жылдарды қамтиды? Егер бұл сұраққа Мұстафа Шоқайды қоспай жауап қайтарар болсақ, ол 1913-1918 жылдарды қамтиды. Оның «Қазақ» газетімен тығыз байланысты екенін айтсақ қате болмас. Өйткені Алаш көсемдері сол журнал маңайында 1913 жиналып, халықтың басын қосты. Кейін бұл басқосу Алаш Партиясы мен Алаш Орда үкіметін дүниеге келтірді. Ал большевиктердің қысымымен 1918 жылы партия, үкімет және газет тарқап кетеді. Демек Алаш қозғалысы Шоқайды қоспай айтсақ бес жылдық бір мерзімді ғана қамтиды.

Біз Алаш қозғалысы 1913-1918 жылдар арасын ғана қамтиды деген пікірмен келіспейміз. Біздің ойымызша ол қозғалыс Қазақстанда Алаш партиясы, үкіметі және баспасөз органы Қазақ газеті тұншықтырылғаннан кейін, Шоқайдың қайраткерлігінде шетелдерде, атап айтқанда Еуропада жалғасты. Міне сондықтан біз оның мерзімін 1913-1939 жылдар арасы деп айтамыз. Демек ол 5 жылдық қозғалыс емес, 26 жылдық қозғалыс. Біз бұл жерде қозғалыстың мерзімін Шоқай қайтыс болған 1941 жылға дейін апарудың да дұрыс еместігін айта кетпекпіз. Өйткені Шоқай 1939 жылы Гитлер ІІ Дүниежүзілік соғыс отын тұтатып кеткен кезде өзінің саяси іс-қимылдарын жалғастырудан қалады. Яш Түркістан тоқтады. Өзі 1941 жылы мамыр айында немістерге тұтқынға түсіп, саяси іс-қимылдардан қалды.

Бұл жерде атап өтерлік жәйт, Алаш қозғалысының бастапқы баспасөз органы «Қазақ» газеті болса, ол өмірін тоқтатқаннан кейінгі екінші баспасөз органын «Яш Түркістан» деп атап көрсеткен дұрыс. Ол өздеріңізге белгілі 1929-1939 жылдары арасында 10 жыл, 117 саны жарияланды.[17]

Енді бұл жерде Ыстамбұлда 1927-1931 жылдары арасында жарық көрген «Йені Түркістан» журналы қайда деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл да орынды сұрақ. Бұл журналдың бағыты, Яш Түркістанға ұқсайды. Сондықтан оны осы орайда атауға болады. Бірақ ол журналда Шоқайдың мақалалары басылып шығып тұрғанмен, Шоқайдың ондағы рөлі шектеулі болды. Ол негізінен Зәки Уәлиди басым болды. Шоқайдың сол журнал шығып тұрғанның өзінде 1929 жылы одан бөлек Яш Түркістанды шығара бастауы оның Йені Түркістанға көңілінің толмағанын көрсетсе керек.[18] Сондықтан оны дара Алаш қозғалысының басылымы деп айту қиын.

Енді Алаш жетекшілері мен Шоқай арасында елеулі көзқарас айырмашылықтарынан болған автономия және тәуелсіздік мәселесіне тоқтала кетейік. Кезінде Алаш жетекшілерінің автономияны, Шоқайдың тәуелсіздікті жақтағаны дұрыс. Бірақ Шоқайдың да бастапқыда автономияшыл болғанын ескерген жөн. Ол Еуропада алғашқы жылдары орыс демократтарымен тізе қоса отырып Ресей Федерациясы құрамында автономиялық ұлттық саяси құқықтар үшін күрес жүргізді. Тіпті бұл үшін сан рет жолдасы Зәки Уәлидидің ащы сынына душар болды. Кейінгі тәжірибелер автономиялық құқықтармен ел мүддесінің көсегесінің көгермейтінін байқатты да, Шоқай 1927 жылдан бастап тәуелсіздік идеясын ту етіп көтере бастады. Демек Шоқайдың тәуелсіздік идеясы, Алаш Орда жетекшілерінің автономия пікірінен алшақтығы емес, қайта оның бастан өткен тәжірибелер негізінде дамытқаны болып отыр.

Қорыта айтар болсақ, Мұстафа Шоқайға Алаш қозғалысының соңғы жетекшісі деп айтуға болады. Ол өзінің саяси ұстаздары, Алаш қозғалысының құрылтайшы жетекшілері большевиктердің қысымына тап болып түрмелерге қамалып, кейін атылып кеткеннен соң, Алаш туын шетелдерде көтерді. Сонымен қатар Түркістан автономиясына да Алаш қозғаласының бір тармағы деп қарау керек. Өйткені Ташкент және Қоқандағы саяси іс-қимылдарға Шоқай өзінің жеке инициативасымен емес, қайта Бөкейхановтардың нұсқауы бойынша араласып атсалысты. Өйткені ол кезде қазақтар Түркістан деп атаған әкімшілік аймақтағы облыстарда қазақтардың жарымынан астамы өмір сүретін. Демек бұл қазақтардың құқығын қорғау да, әрине, Алаш мұраты. Сонымен қатар Алаш қозғаласы мүшелерінің бұл саяси құрылымда басты рөл атқарғандығын да ескергеніміз жөн. Оның бірінші президенті Мұхаметжан Тынышбаев белгілі Алаш қайраткері. Ал кейін оның орнына сайланған екінші және соңғы президенті Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай. Міне осындай жағдайда Түркістан автономиясын қалайша Алаш қозғалысынан тәуелсіз, бөлек әрекет деп айта аламыз?

Бәлкім оны Алаш Орда үкіметінен тәуелсіз саяси құрылым деп бағалауымыз мүмкін. Олай болса, Алаш қозғалысының ауқымы Алаш Орда үкіметінен әлдеқайда кең және ауқымды. Сонымен оның екі саяси құрылымы бар деп айта аламыз. Атап айтқанда біреуі Алаш Орда үкіметі болса, екіншісі Түркістан үкіметі. Мәселеге осылайша қараудан ұтылатын жеріміз жоқ, қайта ұтарымыз көп. Бұл жағдай қазақ саяси ой және философия тарихының ауқымын кеңейтіп, тереңдете түседі. Мұстафа Шоқайсыз, Түркістан Автономиясынсыз Алаш қозғалысының тарихы жарты кеш болып қалады. Оның мәні толық ашылмайды. Сондықтан Мұстафа Шоқайдың іс-қимылдарына Алаш қозғалысының заңды жалғасы, тіпті соңғы түйіні, эволюциясы деп қараған жөн.

Миллетке бек зор үміт – шәкірт халқы.

Сұлтанмахмұт Торайғыров


[1] Шоқайдың Қазақстанда «халық жауынан” халық батырына көтерілу процесі үшін қараңыз. Қара Ә. Мұстафа Шоқай Өмірі Күресі Шығармашылығы. Алматы, 2004, 220-255- бет.

[2] Біз бұл байланыстарды өзіміздің Мұстафа Шоқай өмірі, күресі, шығармашылығы атты еңбегімізде «Қоқан және Алашорда үкіметтері арасындағы байланыстар” атты арнаулы тарауда жан жақты тоқталған болатынбыз. Сонда, 85 – 94- бет.

[3]Қойгелдиев М. «Алаш қозғалысы”. Алматы: Санат, 1995, 339-340 бет.

[4]Хайит Б. «Türkistan Rusya ve Çin Arasında”. Ыстамбұл, 1975,  254-бет.

[5]Қойгелдиев М. «Алаш қозғалысы”. Алматы: Санат, 1995, 340-бет.

[6]Сонда, 263- б.

[7]Нүрпейісов К. «Алаш һәм Алашорда”. Алматы: Ататек, 1995, 151-бет.

[8]Қойгелдиев М. «Алаш қозғалысы”. Алматы: Санат, 1995, 340-бет.

[9]Қойгелдиев М. «Алаш қозғалысы”. Алматы: Санат, 1995, 347-348-бет; Сары арқа, 1918, № 31

[10]Алашорда өкіметі мүшелерінің бір бөлігі Семейге өтіп, Алашорданың шығыс бөлігін құрды. Енді бір бөлігі болса, Орал облысындағы Жымпиты қаласына орналасып, Алашорданың батыс бөлімін құрды. Бұл туралы көбірек мәлімет үшін қараңыз: Нүрпейісов К. «Алаш һәм Алашорда”. Алматы: Ататек, 1995, 159-160-бет.

[11]Бұл одақтың атын Уәлиди әртүрлі береді: Оңтүстік-Шығыс Мұсылман Өлкелері Федерациясы, Шығыс Ресей Мұсылмандар Федерациясы, Шығыс Ресей автономиялық Мұсылман Өлкелері Одағы және Түркістан Федерациясы. Бұл туралы қараңыз: Тоған З. У. «Türkili ve Türkistan’ın Yakın Tarihi”. Істамбұл, 1975, 370-371-бет.

[12]Сонда, 370-бет. Тоган бұл федерация жоспарынан бір картаны ғана шетелге алып кете шығады. Бұл карта үшін қараңыз: Сонда, 371-бет.

[13]Ресейдегі тұтқын түрік әскерлері мен офицерлерінің қайтарылуы мәселесі жөнінде көбірек мәлімет үшін қараңыз: Гүвен Е. «I. Dünya Savaşında Rusyadaki Türk Esirleri ve Rusya Türkleri”. Жарияланбаған мастерлик диссертация. Мармара Ұниверситеті Түркият Институты, Істамбұл, 1996; Қарақартал О. Dünya Savaşı Sonunda Sibirya’daki Esir Türk Askerleri Sorunu ve Türk Dünyası Gazetesi. «Sibirya Araştırmaları” Дайындаған. Амине Гүрсой-Наскали. Істамбұл, 1997, 317-322-бет.

[14]Шоқай М. Юсұф Акчұра. «Яш Түркістан”. Көкек 1935, Но 65, 11-бет.

[15]Тоған З. У. «Hatıralar Türkistan ve Diğer Müslüman Doğu Türklerinin Milli Varlık ve Kültür Mücadeleleri”. Істамбұл, 1969, 230-231-бет; Тоған З. У. «Türkili ve Tür

123
скачать работу

Шоқай Мұстафа — Алаш партия қозғалыстарының ең соңғы түйіні

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ