Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Штаттық кесте

7-бабы 5-тармағына сәйкес есеп жүргізу жұмыстарының көлеміне байланысты мынадай міндеттерді айқындауы тиіс:

1) құрылымдық бөлімше ретінде бас бухгалтер басқаратын  бухгалтерлік қызмет орнын тағайындау;

2) штатқа бас бухгалтер лауазымын ендіру;

3) бухгалтерлік есеп жүргізу ісін мамандандырылған бухгалтерлік ұйымға немесе бухгалтер-маманға келісім-шарт негізінде тапсыру;

4) бухгалтерлік есепті жеке өзі жүргізу.

4. Заң қызметі (заң кеңесшісі немесе заң бөлімі).

5. Кадрлар қызметі (кадрлар бөлімі немесе персоналдар бойынша менеджер).

6. Өндірістік бөлім.

7. Жоспарлау-экономика бөлімі.

8. Маркетинг және өткізу (логистика және жарнама) бөлімі.

9. Шаруашылық қызметі (жүргізуші, үй сыпырушы, күзетші).

         Әрине, бұл ұсынылып отырған ұйымдық құрылымды бірден-бір жақсы құрылым деп айтуға болмайды, ол өзге де қызмет орындарымен толықтырылуы мүмкін. Ұйымдық құрылымдарды жасағанда бақылаушы қызмет орнын енгізу де жиі ұсынылады. Ең бастысы, жасалған құрылым қазіргі нарықтық экономика талаптарына сай келуі керек, жақсы басқарылып, экономикалық табыс әкелетіндей болуы тиіс.

Ұйымдық құрылым мен штат кестесі әдетте қандай да бір нақты күнге байланысты: компания қызметінің басталған күніне, жыл басына немесе ұйымдық сипаттағы жәйттерге (мәселен, қайта ұйымдастыру) сәйкес бекітіледі. Компанияның өкілетті орган шешімімен бекітілген штат кестесінде қызметкерлердің фамилиялары әдетте көрсетілмейді. Өйткені вакансиялық орын толыққан кезде штаттық кестеде көрсетілген әрбір нақты лауазым бойынша қабылданған әрбір тұлғаға бұйрық шығарылып, олармен жеке еңбек шарттары жасалады.

Штат кестесінде бұрын болып келген лауазымдарды қысқарту немесе оған жаңа лауазымдар ендіру кезінде «Компанияның ұйымдық құрылымы мен штат кестесіне өзгерістер енгізу туралы» бұйрық шығарылып, онда өзгерту себептері жазылады және қысқартылатын немесе жаңадан ендірілетін лауазымдар тізіп көрсетіледі.

Компанияның ұйымдық құрылымы мен штат кестесін жасау және өзгерту жұмыстарын регламенттейтін нормативтік құжаттар кадрлар қызметінде және мемлекеттік мұрағаттардың толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда тұрақты, ал басқа жерлерде – 10 жыл уақыт сақталады.

Компанияның ұйымдық құрылымы мен штат мөлшері түптеп келгенде үлкен кәсіби стажы бар қызметкерлердің тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі жас мамандардың қуат-жігерімен, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға деген жаңа көзқарастармен ұштасуы тиіс.

Сонымен, штаттық кесте ұйым бөлімшелеріндегі қызметкерлердің сандық және сапалық құрамын, сондай-ақ олардың атқаратын қызметтеріне сәйкес белгіленген айлық еңбекақыларының мөлшерін белгілейтін ұйымдық-құқықтық құжатты білдіреді.

Штаттық кестенің құрылымы сол ұйымның құрылымын айнытпай қайталайды. Құрылымдық бөлімшелердің, лауазымдардың атауын кәсіпорын басшысы анықтайды. Ол көп жағдайда мынадай тәртіпті ұстанады: бірінші кезекте кәсіпорынның басшылық құрамы, содан кейін өндірістік бөлімшелер, қосалқы және қызмет көрсетуші құрылымдар айқындалады.

Штаттық кестеге кәсіпорын басшысының орынбасары қол қояды, бухгалтер бұрыштама соғады, ал басшы бекітеді. Бекітемін деген белгісі бар жерде кәсіпорынның жалпы штаттық саны және айлық еңбекақы қоры көрсетіледі. Белгі (гриф) мөрмен расталады.

12
скачать работу

Штаттық кесте

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ