Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ТАРИХЫНЫҢ КЕЙБІР СҰРАҚТАРЫ

лауазымды тұлғаларға пара беруі (411- бап) [5].

Ауырлататын мән-жайларсыз пара беру үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын Ереженің 411 және 412 — баптарын 1866 жылы Ресей Императоры II Александр «Сұғанақтық туралы» қаулысы күшін жойды.

1903 жылы Ресейдің «Қылмыстық ережесі» әзірленді. 1885 жылғы «Қылмыстық және түзеу жазасы туралы ережелердің» лауазымды қылмыстары туралы барлық нормалары осы ережеге автоматты түрде көшірілді. Алайда, 1903 жылы Ереже заңды күшіне енген жоқ. Қайта құрудың революциялық сипаттамасы Ресейде капиталистік қатынастың дамуын тоқтатты.  Патша үкіметінің барлық заңдары, соның ішінде қылмыстық заңдар 1917 жылы күшін жойды. 1917 жылы қазан айында мемлекеттік құрылыстың және басқару нысанының ауыстырылуы сыбайлас жемқорлық құбылысын алып тастамады. 1918 жылы 8 мамырдың «Парақорлық туралы» декреті осы әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырған Кеңес үкіметінің бірінші құқықтық актісі болды. Кеңес үкіметінің сыбайлас жемқорлықпен күресу тарихы, оның билігімен бірге аяқталды. Бұл күрес бірнеше маңызды және қызғылықты белгілерімен сипатталады:

Біріншіден, билік «сыбайлас жемқорлық» сөзін мойындамады, тек 80 жылдардың аяғында қолданды. Оның орнына «парақорлық», «қызмет бабын теріс пайдалану», «бетімен кетушілік» және тағы басқа терминдер қолданылды.

Екіншіден, кеңестің «құқықтық санасы» әрдайым сыбайлас жемқорлықтың себептерін  қате түсіндірді.

Революцияға дейінгі Ресейдің қылмыстық құқықтық нормаларын жетілдіру нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың келесі нысандары анықталды:

- парақорлық;

- сұғанақтық;

- қорқытып алу;

- мемлекеттік мүлікті ұрлау.

Ресей елінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес туралы тәжірибесінің осындай көріністерін атай кетіп, бүгінгі қазақ елі ТМД елдерінің арасында алдыңғы қатарда келе жатқанын айтуға болады.

1997 жылы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының жоғарғы тәртіптік кеңесі туралы» Жарлық шығарды. Жоғарғы тәртіптік кеңестің басты мақсаты — мемлекеттік тәртіпті бекіту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру, олардың қызмет бабын теріс пайдалануына және өкімет билігін асыра пайдалануына жол бермеу болды.

1998 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының № 267-I “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы” Заңы қабылданды. (2000 жылы 28 сәуір, 2001 жылы 8 маусым, 2001 жылы 12 шілде, 2002 жылы 9 тамыз, 2003 жылы 27 қыркүйек, 2007 жылы 21 шілдедегі өзгерістер және толықтырулар енгізілді).

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998 жылғы 30 қыркүйектегі Жолдауында былай деген: «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет». 2005 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу туралы мемлекеттік Бағдарламаны бекітті. Ал 2006 жылы ақпанда осы стратегиялық құжатты жүзеге асыру жоспары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы шығып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Қорыта айтқанда, Сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ресей тарихындағы I Петрдің кезінде пара алғанды да, пара бергенді де жазалап, өлім жазасын тағайындағанын көреміз. Одан кейін II Екатеринаның кезінде заңға сұғанақтық жасаған адамды қатаң жазалап отырған. Тарихқа үңілсек, осындай мәліметтер арқылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес бұрын да болғанын, бұл мәселенің әлі күнге өзекті мәселелердің бірі болып отырғанын көреміз.

Бүгінгі таңдағы, Сыбайлас жемқорлықтың мақсаты азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді [6].

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей:

1.Қолма-қол айналымды азайту, есептесудің заманауи электрондық жолдарын кеңейту, есеп берудің ақша айналымын бақылауды жеңілдететін, қолма-қол пара беру мүмкіндігін қиындататын заманауи тұрпаттарын ендіру;

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресумен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру;

3.Сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қызметкерлердің жалақысын көтеру;

секілді мәселелерді қарастырса, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоймағанмен біршама азайтар едік.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Заңы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,- Алматы: ЖШС «Издательство Норма-К», 2010. — 16
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негіздері. Оқу құралы, Алматы 2004. 7-10 б.
  3. Рабинович Н.О. О наказуемости взяточничества // Право.-1916.-№11. с.669.
  4. Ключевский В.О. Терминология русской истории. Т.4.-М.: Правда, 1989. с.180.
  5. Российское законодательство Х-ХХ вв. / Под общ. ред. А.И.Чистякова. Т.2. — М.: Юр. литература, 1985. с.390.
  6. Материалы по казахскому обычному праву // Сб. Научно-популярное издание. — Алматы: Жалын, 1998. — 303 с., с. 11
  7. Фукс С.Л. Обычное право казахов в XVIII-первой половине XIXв.- Алма-Ата: Наука, 1981. с.54.

 

12
скачать работу

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ТАРИХЫНЫҢ КЕЙБІР СҰРАҚТАРЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ