Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сығанақ алғашқы қазақ мемлекеті – Ақ Орданың астанасы

ым қолданылады. Ш.Уәлиханов Мухамед Қайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» еңбегіне жасаған талдау белгілеуінде Ақ орданы Моңғол ұлыстарының басқадай ордаларынан айырып жеке атап көрсетеді [ ]. Бұл пікірді Л.Н.Гумилев жалғастырды. Ол былай дейді «Ныне казахи занимают огромную площадь с монотонным степным ландшафтом. В XIII в.степь обезлюдела после жестокой Монголо-половецской войны и была поделена между тремя ордами: Золотой или Большой, -на Волге, Синей между Аральским морем и Тюменью, и Белой (т.е Старшей)-в Тарбагатае и на верхнем Иртыше, на Волге из конглемерата народов сложилась Татары. Синяя орда оказалась нежизнеспособной и в ХІV в слилась с Волжской, зато Белая орда, опиравшаяся на окрайны Сибирской тайги до Оби, склоны и предгорья Алтая и степи Сырдарьи, в то время перемежавшиеся борами, развивалась в самостоятельный этнос, позднее экстроординарные степи Приаралья, Мангышлак и Рынпески» [ ].

Сығанақты астана еткен Ак Орда мемлекеті қазақтың алғашқы мемлекеті ғана емес, қазақ халқы оның ұлттық ой санасы қалыптасуының ұйытқысы (концентрат) болып табылады. Олай болуының себебі мынада:

1. Ақ Орда Жошы Қыпшақ ұлысының әскери сол қанаты ретінде қазақ даласының төрінде, бұрынғы қыпшақ хандығының негізінде құрылды. Билікке Шыңғыс хан әулеті өкілдері келгенімен қазақ қоғамының дәстүрлік сыр-сипаты орасан өзгерістерге ұшыраған жоқ.

2. Ақ Орданың территориясы (Ертістен Сырдәрияның құйғаны, Саураннан-Арал, Қараталдан Төменге (Тюмень) дейінгі) қазіргі Қазақстан аумағының көлемді бөлігін (шамамен 60-65%) қамтиды.

3. Ақ Орда халқының негізгі бөлігін қазіргі қазақ халқын құрап отырған байырғы тайпалар (Үйсін, Қаңлы, Дулат, Арғын, Қыпшақ, Найман, Жалайыр қатарлы) құрады.

4. Ақ Орданың шаңырағын алғаш көтеріскен Жошы хан ұлы Орда еженнің жетінші ұрпағы Орыс хан Ақ Орданың алғашқы дербес билеушісі, Қазақ хандарының атасы (Қазақ мемлекетінің алғашқы ханы) деп танылады.

5. Қазақ мемлекетінің алғашқы ресми қарулы  қолы «Алаш мыңдығы» Орыс ханның тұсында, Сығанақта жасақталды. Мыңдықтар ақ қара ту ұстап «Алаш» деп ұрандап жауға шапты, ел, жерінің тұтастығын жанкештілікпен қорғады.

6. Ақ Орда дәуірінде Шыңғыс хан әулетінен тараған қазақ хандары династиясы  (Орыс ханнан – Кенесарыға дейін) қалыптасты.

7. Ақ Орда дәуірінде Алаш ұраны – ел ұранына айналып қазақтың бірлігін дәріптейтін мемлекеттік идеология деңгейіне көтерілді.

8. Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде қыпшақ-қазақ тілі мемлекеттік жазба тіліне айналды.

19. Ақ Орда кейін «Қазақ хандығы» атымен Қазақ мемлекеті қайта құрылуының алғы шарты болды.

 XV ғ. өмір сүрген әйгілі ақын Шахрух:

 

Әйгілі қала Сығанақ,

Дешті Қыпшаққа өтер жолы, қақпасы.

Дештігі келер қонақтар

Саған келіп тірер еді ат басын.

Түркістанның орталығы, шебі едің.

Барша жанды тыныштыққа кенедің,

Ежелден-ақ ғалымдардың мекені,

Белгілі еді тыныш қала екені.

Сенде туды Нихаяның ілімі,

Тарады сенен «Хидаяттың» білімі.

О, Сығанақ, қақпаларыңның шаңын сүйіп жылар ем,

Қайта тусам Сығанақта туар ем

 

 деп жырлаған қазақ мемлекетінің астанасы болған әйгілі Сығанақты жер қайнауында тастамауымыз керек. Археологиялық жұмысты жалғастырып Сығанақты ашық музейге айналдырып «Сығанақ – қазақ мемлекетінің астанасы» деген монумент тұрғызу қажет. Астананың бір көшесін Сығанақ деп атағанымыз игі іс болыпты. Ары қарай астананың жаңа райондарының бірін Сығанақ деп атап Сыр бойындағы елді мекендердің біріне Сығанақ атын берсек тарих алдындағы бір борышымыздың өтелгені болар еді.

 

Әдебиеттер:

1 Уәхит Хамзаұлы Шәлекенов. Түріктің отырықшы өркениеті. - Алматы; Қазақ университеті. 2003, 100-б.

2 Майдар Д. Турчин П., Сайн-Эр. Д. Градостроительство МНР. - УБ, 1983. - С. 3

3 Цолмон С. Монголын Алтан Ордон Улс. - УБ., 2006., 119.

4 Жүсіп Баласұғын. Құтты білік. - Алматы, 1986. 602-605-бб.

5 Бартольд В.В. Худуд ал-Алам . Рукопись Туменского Л. 1930; Ninorsky V. Hudud al-alam. The region of the World. A/ Pershian Geography., 372, A. N.982, A.D. London, 1937. p.44

6 Академик В.В. Бартольд работы по исторической геграфии. Соч., Т. ІІІ. - С. 229.

7 Д′Оссон К. От Чингисхана до Тамерлана. – Алматы, 1996. - С. 116.

8 Амар А. Монголын товч түүх, УБ, 1989, 144-б.

9 Тизенгаузен В.Г. СМИЗО. Т. 2. - С. 130, 211.

10 Греков В.Г. Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. - М.Л., 1950. С. - 316

11 Артыкбаев Ж.О. Материалы к истории правящего дома казахов. - Алматы, 2001. - С. 42-45

12 Валиханов Ч.Ч. Собр.соч., в пяти томах. Т.2. - С. 160-161; Левшин А.И. Описание киргиз-казчьих или киргиз-кайсакцких орд и степей. 4-1. - СПБ, 1832. - С. 274-275;

13 Тарих-адамзат ақыл ойының қазынасы: он томдық. Т. З. Ортағасырлақ тарихи ой – 2005, 370-371-бб;

14 Абд ар-Раззак Самарканди. «Қос жарық жұлдыз туылып, қос өзеннің қосылағн жері» атты еңбегіннен. СМИЗО. Т. 2. - С. 197.

15 Лома. Монголын Боржигин овгийн түүх. (Моңғолдың Боржығын тайпасының тарихы). Хөх хот. 2000., 106-б.

16 Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч., в пяти томх. Т.4. - Алма-Ата, 1987. - С. 14.

17 Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера земли. - М., 1997. - C. 231-232.

12
скачать работу

Сығанақ алғашқы қазақ мемлекеті – Ақ Орданың астанасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ