Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

СИЛИКАТОЗДАР

мүмкін, бірақ сирек кездеседі.  Соңғы жылдары тальктің канцерогенді әсері байқалған.

Слюда шаңының салдарынан  пневмокониоздардың дамитыны байқалған. Сланц шаңдарынан туындайтын пневмокониоздардың мүмкіндігі әлі анық емес.

Оливинді пневмокониоз.  Сирек кездеседі. Оливин минералы дегеніміз магний мен темірдің отросиликаты, табиғи топырақ түрінде және техникалық өнім (мартен мен домна күлдері, ферромарганц және басқа да балқытулардың күлдері) түрінде кездеседі.  Оливин отқа төзімді заттар мен керамика өндірісінде және  металл құю цехтарында қолданылады.

Оливинді пневмокониоз  1 кезеңінен ары сирек дамиды және түріне қарай өкпенің ортаңғы және төменгі бөліктеріндегі интерстициялық типтегі  ұсақ торлы фиброзға жатады, кейде плевралық жабысқақтар дамиды. Тыныс функциясы қатты зақымданады. Морфологиясында бронхтарда қабыну процесімен қатар дөрекі талшықты дәнекер тінінің дамуы салдарынан альвеолалар аралық перденің қалыңдауы анықталады. Кей жерлерінде эмфизема байқалады. Клеткалық-шаңдық ошақтарында оливиннен басқа көмір мен темірі бар пигменттер, гигантты клеткалар мен жіңішке коллаген талшықтары табылады. Кейде рентген көріністерінің регрессиясы болуы мүмкін, сондықтан оны қатерсіз ағымды аурулар тобына жатқызады.

Каолиноз.  Глина (сары топырақ) шаңынан туындайтын пневмокониоз. Глина дегеніміз каолинит-гидроалюмосиликаттан басым тұратын минералдар тобы. Глина кірпіш-керамика өнідірісінде кеңінен қолданылады. Құрғақ глина шаңының ұнтақтау кезінде, өнімді кептіру мен жасау кездерінде пневмокониозды дамытуы мүмкін. Көбінесе ол интерстициялық немесе әлсіз білінетін ұсақ ошақты диффузды өкпелік пневмосклероздық процесс, ары қарай өршуге бейімсіз, көбінесе бронхитпен қабаттасатын ауру. Көбінесе фарфорщиктерде кездеседі, алайда қос тотықты кремнийдің басым болуынан оларды көбінесе силикоз не силикатоз деп анықталады.

Отқа төзімді зат өндірісінде  шамот шаңынан болған пневмокониоздар  өте белгілі. Шамот дегеніміз құрамында глина мен кремний топырағы бар күйдірілген глина. Шамто шаңында 20% дейін және одан жоғары қостотықты бос кремний болады. Осы пневмокониоз каолинозға жатқызылады және көрінісі силико-силикатозға ұқсас болады.  10 жылдық стажы бар адамдарда дамиды, интерстициялық фиброздың 1-ші кезеңінен ары қарай сирек дамиды, қатынасты үзгеннен кейін ары дамуға бейімсіз. Алайда кейде  күйдірілген шамотты ұнтақтау кездерінде  аурудың ауыр ағымдары байқалуы мүмкін және ол силикозға ұқсас болуы мен туберкулезбен асқынуы да мүмкін.

Цемент пневмокониозы.  Цемент дегеніміз кеңінен қолданылатын материал. Ол құрамына сәйкес әртүрлі болады: портландцемент, шлакопортландцемент, пуццоланды цемент, т.б. Осылардың барлығы химиялық құрылымына сәйкес силикат болып табылады және құрамдарында кремнийдің қос тотығы болады. Цементті дайындау клинкер деген затты ұнтақтау және басқа да заттарды қосу арқылы жүргізіледі. Клинкердің негізіне күйдірілген глина, известь жатады. Қосымша инфузорлы топырақ (аморфты қос тотықты кремний) қолданылады. Цемент шаңының ұзақ әсері кезінде  бронит жиі дамиды, ал пневмокониоздар сирек дамиды (тек көп концентрациясы немесе құрамында қос тотықты кремний көп болғанда). Көбінесе интерстициялы типке жатады,  ары дамуға бейімсіз болады. Тек кейбір цементерде (пуццоланды, қышқылға төзімді, кірпіш қалауға арналған) ғана силикозға ұқсас ауыр певмокониоздар дамуы мүмкін.

Кейде цементтен бронх демікпесі, дерматиттер, экземалар дамуы мүмкін. Цементпен қатынастағы адамдардағы аллергиялық өзгерістер оның құрамындағы хром қоысылыстарының болуына байланысты.

Слюда шаңынан болған пневмокониоздар.   Слюда дегеніміз пластинкалыұ минерал, табиғатта жиі кездеседі, кейде жер беткейіндегі қатпар түрінде болады. ОЛ құрамында суы бар алюмосиликат және әртүрлі болады: мусковит, биотит, флагонит, т.б.  Өте көп концентрациясын жұтқанда сүлелі бронхит, кейде ғана пневмокониоз дамиды.  Соңғысы сирек кездеседі және ол интерстициялық типте кездеседі, ары дамуға бейімсіз болады, фиброздың 1-ші кезеңінен аспайды.  Морфологиясында жайылған тінаралық склероз, альвеолалар аралық перденің, периваскулярлы және перибронхтық фиброз дамиды да эмфизема байқалады.  Ерекшелігі: өкпеде асбестке ұқсас слюда денешіктері анықталады және олар темірге оң нәтижелі реакция береді. Туберкулезбен асқына қоймайды.

Басқа да сиикаттардан адмыған интерстициялық немесе ұсақ ошақты пневмокониоздар кездесуі мүмкін: силлиманит, муллит, серицит, бентонит, фуллер топырағынан (балшықтың ерекше сорты), т.б.  Осылардың барлығына  әлсіз білінетін тінаралық фиброз бен аурудың ары даму мен асқынуға бейімсіздігі тән.

Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1.Силикатоздарға жатады:

1. цементоз

2. асбестоз

3. талькоз

4. оливиалық пневмоканиоз

5. барлық аталғандар

 

2. Асбестоз кезіндегі жиі асқынулар:

1. сұлелі пневмония

2. туберкулез

3. өкпе рагы

4. бронхоэктаз

5. бронх демікпесі

 

3. Жұмыс орнындағы кремнидің бос қос тотығының рұқсат етілген құрамы:

1. 2 мг/м3

2. 5 мг/м3

3. 50 мг/м3

4. 20 мг/м3

5. 15 мг/м3

 

4. Асбест шаңымен дем алғанда демалу жолдарының шырыштарының зақымдану әсерінің механизмі:

1. химиялық зақымдануда

2. механикалық  зақымдануда

3. иммунологиялық зақымдануда

4. пьезо-электрлік зақымдануда

5. барлық аталғандар

 

5. Силикатоздар — бұл келесі заттың шаңымен тыныс алудан болған пневмокониоз:

1. кремнидің бос қостотығы

2. кремнидің байланысқан кремнидің бос қостотығы

3. алюминий

4. мақта

5. бериллий

 

6. Шаңмен тыныс алатын еңбекпен байланысты жұмысшыларды кезеңді түрде медициналық қараулардан өткізу кезіндегі дәрігерлік комиссияның құрамы:

1. терапевт, рентгенолог

2. пульмонолог, гематолог, рентгенолог

3. пульмонолог, отоларинголог, фтизиатр

4. аллерголог, терапевт, фтизиатр

5. барлық аталғандар

 

7. Өндірістік шаңмен күресу жолдарын атаңыз:

1. өндірістік процестің рационализациясы, оның механизациясы және автоматизациясы

2. жалпы және жергілікті желдетуді ұйымдастыру

3. құралдардың герметизациясы, құрғақ әдістер жұмысын ылғалдыға ауыстыру

4. жеке бас қорғаныс заттарын қолдану

5. барлық аталғандар

 

8. Пневмоканиоздардың кеш кезінде ауру дамиды:

1. шаңмен байланысты үзгеннен кейін бірнеше жылдан соң

2. шаңмен байланысты үзгеннен кейін бірнеше айдан соң

3. шаңмен байланысты үзгеннен кейін бір жылдан соң

4. барлық аталғандар

5. барлық аталғандар дұрыс емес

 

9. Асбестоздың 3 кезеңіне бәрі тән, тек:

1. диффузды пневмосклероз

2. эмфизема

3. оң қарыншаның ұлғаюы

4. бронхоэктаздардың қалыптасуы

5. сол жақ қарыншаның ұлғаюы

 

10. Пневмокониоздың қандай түрлерінде жиі өкпенің қатерлі ісігі дамиды?

1. Силикоз

2. Талькоз

3. Асбестоз

4. Цементоз

5. Силикотуберкулез

12
скачать работу

СИЛИКАТОЗДАР

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ