Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сынып жетекшісінің қызметі мен лауазымдық міндеттері

сектер-ересектер», сонымен қатар «сынып жетекшісі-бала-ата-ана» жүйесіндегі педагогикалық тұрғысынан мақсатқа сай және психологиялық дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыру
  • Ұжымдармен, балалардың бірлестіктерімен және үлкен, кіші топтармен жұмыс жасау
  • Балалармен әлеуметтік маңызды іс-әрекеттер ұйымдастыру, олардың әлеуметтік өзін-өзі анықтау мен қалыптасуы үшін жағдай жасау
  • Шығармашылық бейімділіктерін және балалардың қабілетін анықтау, оларды іске асыру үшін жағдай жасау
  • Жоғарыда айтылғанның барлығын ескере отырып, сынып жетекшісінің әлеуметтік-педагогикалық құбылысының ерекшелігі мен үрдіске қатысушыларына қатысты оның рольдік ұстанымы өзгереді.                                                                                                              Сынып жетекшісінің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетінің мазмұны – формальды түрде  болмайтын кәсіби-педагогикалық емес, керісінше «табиғи» қызметтестік, ересек адам мен баланың өзара түсінікті қатынасы. Оның мазмұны ерекше адамға өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасап, оның тұлғалық қасиеттерін баламен қарым-қатынасқа түсу барысында неғұрлым байыта түседі. Үдерістің қатысушысы болып балаға өзінің ересек адам ретінде сезінуге, оның өз күшіне сенім артып, өзі «менің» көрсетуге мүмкіндігі туады, осындай да бала ересек (досынан, жолдасынан) адамнан нағыз көмек көре алады. Осы компонент субъект ұстанымының қалыптасуына, жас тұлғаның жалпы дамуына оның жеке ерекшелігін ескере отырып, оң әсер етеді. Сынып жетекшесінің балаларымен тәрбие жұмысының бағдарлаамсы әрдайым инновациялық, авторлық, динамикалық болады, бұл –педагогтың шығармашылық, нақты тәжірибеге бағытылған және жемісті іс-әрекетінің нәтижесі.

    Жұмыс формалары:

    1.Эксперименттік жұмыс және ғылыми зерттеулер:

    - эксперименттік алаң

    - авторлық және вариативті бағдарламаларды жасақтау және сынақтан өткізу

    - зерттеу мәселесі бойынша теориялық материалдарды оқу

    - ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысу

    - авторлық материалдар жасақтау

    2.Әдістемелік құжаттарды жасақтау

    - оқу жоспарлары мен бағдарламалары

    - әдістемелік нұсқауларды

    - сауалнамаларды

    - ережелерді (қойылымдар, байқаулар, көрмелер, шығармашылық жұмыстар

    туралы және т.б.)

    -диагностикалау әдістемесін.

    3. Тәрбие жұмысы бойынша мектеп директоры орынбасарының, сынып

    жетекшісінің және тәлімгерлердің біліктілігін көтеру

    • әдістемелік тақырыпта жұмыс жасау
    • проблемалық, үйретушілік семинарлар
    • біліктілігін жетілдіру курстары
    • тәжірибе толықтыру
    • дөңгелек үстелдер
    • жеке кеңестер
    • авторлық семинарлар
    • ашық тәрбиелік іс-шаралар
    • өзара тәжірибе алмасу
    • ғылыми және әдістемелік әдебиеттермен жұмыс
    • ұстаздық жұмыс
    • «Жыл мұғалімі», «Жыл сынып жетекшісі» және т.б. кәсіби шеберліктің байқауларына қатысу

    4. Жаңашыл педагогикалық тәжірибені қорытындылау мен тарату

    - шығармашылық топта жұмыс

    - шығармашылықпен жұмыс жасайтын пелагогтың материалдарын жүйелеу және қорыту

    - БАҚ-ғы зерттеу нәтижелерін дайындау (баяндама, кітапша, мақала, көрнекі құралдар)

    - жаңашыл жобалардың, шығармашылық жұмыстардың тұсаукесер рәсімі,таратылуы және енгізілуі.

    - мастер-кластар, педагогикалық шеберхана

    - педагогикалық кеңесте, тамыз конференцияларында баяндама жасау

    - жылжымалы семинарларға қатысу және т.б.

    12
    скачать работу

    Сынып жетекшісінің қызметі мен лауазымдық міндеттері

     

    Отправка СМС бесплатно

    На правах рекламы


    ZERO.kz
     
    Модератор сайта RESURS.KZ