Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сыпатай Әлібекұлының өмірбаяны мен күрескерлік қызметі

Андыздан шыққан жау ортақ,
Жас қырандай шүйілдік-
Біріміз үшін біріміз,
Жан берісіп, жан алып,
Ауызбірлікке иілдік.
Несін айта берейін?!
Осы шаққа жеткен соң,
Түсіп тұр басқа қиындық.
Арғы беті- Сусамыр,
Бергі беті- Жайылма.
Қашаннан ортақ мекенді,
Бас- басымызға иемденіп,
Іші кеткен сиырдың,
Жапасындай сұйылдық- дейді.(6)
Орманхан ұзақ ойланып отырып, әлден уақытта басын әнтек көтере қызметші жігіттеріне: ...Сыпатайға арнайы үй тіктіріңдер, сыбаға- сыйын беріңдер, қыз- бозбаланы жинаңдар, жастар танысып, біліссін! – дейді. ...Ертеңіне Орманхан Сыпатайды алдына шақырып: -Балам, айтқан датың орынды, өтінішің қабыл. Еліңнің үлкен- кішісіне түгел менің сәлемімді жеткізе бар. Бұдан былай да, Сусамыр қырғыз- қазақтың ортақ жайлауы, құт- мекені... Бізді құдай қосқан, пенде ажырата алмайды- деп, батасын беріп аттандырады.
1845 жылы патшалық Россияның отаршылдық саясатына қарсы халықты бастап, көтерілісті ұйымдастырған Кенесары сұлтан Қасымұлы қырғыз еліне жойқын шабуыл жасайды. Сөйтіп, оның қылыш, найза, айбалта, білтелі мылтық, бірнеше зеңбірекпен қаруланған Пішпек маңындағы қара қырғыздарды қырып-жойып, жазықсыз сәбиді найзаға түйреп, екіқабат әйелдің ішін жарып отырған, әрі Сыпатай салдырған Қанай манаптың күмбезін быт-шыт етеді. Бұған қатты қынжылған, әрі екі елдің достығын қалыптастыруды көздеген Сыпатай батыр Кенесары ханның көмекке сарбаз жігіттер сұрағанын қабыл алмастан, оның тобына қосылмайды. Қайта Кенесары ханның туысқан қырғыз халқын шабу райынан қайтуға шақырады. Кенесары айтқанынан қайтпай, бірнеше рет қара қырғыздарды жан алқымға алып, жойқын қырғынға ұшыратады. Ақыры Ыстықкөл жақтан Орман ханнан күтпеген жерден соққы алып, 1847 жылы Тоқмақ маңындағы Алмалы шатқалында өзі тұтқынға түсіп, жеңіліске ұшырайды.
1860 жылы Қоқан ханы Хұдиярхан Верный бекінісіндегі орыс әскеріне соққы беруге 20 мың әскерін дайындайды. Сыпатай батыр, одан бас тартып, Балқаш көлі жағасына көше бастайды. Көп ұзамай Хұдиярдың қолы Верный түбінде үлкен жеңіліспен кері қайтады. Қатыгез хан айтқанына көнбей Меркі– Аспара өңіріне қайта келген Сыпатай батырды ұстап, зынданға салады. Оныњ ‰стіне ±затылѓан єрбір ќызѓа салынѓан бір тіллє алтынѓа ќарсылыќ білдіреді. Міне осы шектен шыќќан озбырлыќты ержүрек С. Әлібекұлы шешендік сөзбен Хұдиярға айтар сөзін тіке жеткізген.
- Єй, Х±дияр,
Саудагер болсањ сатарсыњ,
Ќасап болсањ соярсыњ.
Райымнан ќайтпаймын,
Ќарыњдыќ басы бір тіллє,
Беремін деп айтпаймын.
¤мірі алтын кµрмеген,
Малдан басќа білмеген,
Кедей ќайдан табады?
Єділетті хан болсањ,
Ќиянатты ќоярсыњ,
¤з шыѓарѓан шаќањды,
Аларсыњ да тоярсыњ.
Ќиын болды кедейдіњ,
Енді ќатын алмаѓы.
Жиырмасында бір кедей,
Малын баќса бір байдыњ,
Жылына алса бір ќара,
Ќырыќсегіз жылда бір ќыздыњ,
Зорѓа табар ќалыњын.
Жетпіске келіп ол сорлы,
‡йленгенде не болды?!
Т±ќымсыз µтер, Х±дияр,
Онда кедей кєрібіњ.
Тоќтылы ќой- бата аяќ,
Ќалыњы- сегіз, ‰ш аяќ.
Сонда єйел алуѓа,
Єлі келер жарлыныњ.
Тіпті тењі табылса,
Тегін бергін барлыѓын…(7)
деп келетін ащы толѓауында сол кездегі Ќоќан хандыѓыныњ отарлыќ сиќы ашып кµрсетіледі. Батырдыњ б±л толѓауы Ќоќан хандыѓына ќарсы к‰рескерлік єдебиеттіњ басында т±рѓан Жанкісі жыраудыњ, к‰рескер аќын Мєделіќожаныњ Ќоќан бектеріне ќасќайып т±рып айтќан толѓауларымен мєндес, ‰ндес.
Бұл кезде Жетісу халқы арасында үлкен толқу өріс ала бастап, одан сескенген хан, бір айдан соң батырды босатуға мәжбүр болады.
Сыпатай 1862 жылы орыс патшасы ІІ Александрға хат жазып, Ұлы жүз қазақтары мен қырғыз халқын Россияның қарамағына алуды өтінді.
1863 жылы 3- мамырды Қордайдың батысындағы Құрғақсазда орыс әскерін басқарған полковник Черняев, Сыпатай батырға ерген Ұлы жүздің беделді адамдары, қырғыз Шәбден Жантаев, Бәйтік Қанаев қосылған құрылтай жиналысы өтеді. Онда Сыпатай батыр сөз сөйлеп, Қоқан хандығының қырғыз – қазақ халықтарын қорлап, қанап отырғанын айта келіп, орыс мемлекетіне қосылудың мәнін және қажеттігін түсіндірді. Кеңестен соң Ұлы жүз қазақтары мен қырғыз халқын Россияға қосу туралы актіге қол қойылады. Сондай – ақ қазақ – қырғыз отрядтарының орыс әскерімен қосылып, Қоқан хандығына қарсы шабуыл жасау жоспары бекітіледі. Осы жоспар бойынша Сыпатай батыр өзінің ұлы Бірімқұл бастаған 200 атты жігітті орыс әскеріне қосады. Құдайберген Баетұлы мың жігітпен түйе керуенін ұйымдастырып, орыс армиясының қару- жарағын тасиды. Сыпатай өзінің одақтастарын атпен, азық- түлікпен, түйе, көлікпен қамтамасыз етуді өз мойнына алады.
Сөйтіп, қазақ – қырғыз отрядтары полковник Черняев бастаған орыс әскерімен қосыла отырып Қоқан әмірі Құдиярдың қолшоқпарларымен кескілескен ұрысқа шығады. Көп ұзамай 1863 жыыл- Пішпек, Меркі, 1864 жылы Әулиеата азат етіледі. Одан кейін Шымкент, 1865 жылы Ташкент қалалары қоқандықтардың езгісінен құтқарылады.
Батыр бес әйел алған. Бәйбішесі шақшам қызы Әуестен Ноғай деген ұл, Сейдім, Әйкүл деген қыз туған. Екінші әйелі жаныс қызы Жуанбілектен Тоқтағұл деген ұл туады. Үшінші әйелі жаныс қызы Жекейден Айтқұл, Ораз, Пірімқұл деген үш ұл сүйеді. Төртінші әйелі жалайыр Жәлмембет бидің қызы Қалбикеден Тоқпамбет деген баласы туады. Сыпатайдың бесінші әйелі қырғыз қызы Еренсізден Қомсабақ буады. Бұлардың ішінде Тоқпамбет, Пірімқұл, Қомсабақ өз тұсында айтулы батыр болған.
Сыпатай батыр балаларына, немерелеріне өзімен қатар үзеңгі қағыстырып жүрген белгілі кісілердің қыздарын алып берген. Бәйбішеден туған Ноғайлыны ысты Бөлтірік батырдың немересіне үйлендірген. Екінші әйелінен туған Ораз деген баласына – шымыр Байзақ датқаның ағасы Бәйтеректің қызын, Ноғайдың баласы Кішкене батырға сиқым Батырбек датқаның қызын алып берген, қырғыздармен де қыз алысып, қыз беріскен.
Сыпатай Оңтүстік өңіріндегі қазақ халқын отырылықщылыққа, егіншілікке, мәдениетке алғаш үйретушілердің бірі. Батыр Ботпай елінің аңызына айналған қазіргі Сыпатай атындағы колхоздың Қызыл Ту ауылы тұсында Тескентоғанды салуға бүкіл жұртшылықты ұймдастырып, өзі басшылық жасайды. Меркі өзенінің арасынан бұзып жасалған бұл тоған әлі күнге жұртшылықтың игілігіне қызмет етуде”.(8)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Жабаев Ж. Тањдамалы. А., “Жазушы”, Ітом. 1982, 86-87бб;
2. Жолдасбекұлы М, Салғараұлы Қ, Сейдімбек А. Елтұтқа. “Күлтегін”, Астана. 2001, 150 – 152 бет.
3. Єзірбаев К. Ањыздар сыры. А., “Ќазаќстан”, 1969.
4. Әбділдаұлы Б. Қойгелді батыр, Төле би, Алматы, “Мерей”, 1992.
5. “Ақжол” газеті. 12.04.1992.
6. “Меркі µњірі” газеті. 24.06.2001
7. Исаќов Є. µткен к‰нде белгі бар. А., “Мерей”, 1995, 170-171бб;
8. Әбділдаұлы Б. Сыпатай, А., 2002.

12
скачать работу

Сыпатай Әлібекұлының өмірбаяны мен күрескерлік қызметі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ