Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сыртқы әсерлер теориясы

нүктесіне сәйкес келеді (Q²). Бұл нүктеде шекті қоғамдық пайдалылық шекті қоғадық шығынға тең: MSB=MPB+MEB=MSB.

Өндірілген өнімнің бір данасының нарықтағы бағасы 300 теңге болуы керек. Ол үшін шекті қоғамдық пайдалылықтың құрамында шекті жеке пайдалылық пен шекті сыртқы пайдалылықтар есептелінулері керек:

MSB=MPB+MEB=MPB+100 теңге.        

 

Тиімді өнім көлеміне сұраныс туғызу үшін өнімнің бір данасының бағасы шекті жеке пайдалылық қисығының бойындағы F нүктесіне сәйкес келетін 200 теңгеге арзандауы керек. өндіріске қатысы жоқ «үшінші» адамдар шекті сыртқы пайдалылыққа тең 100 теңгені төлеулері керек. Ол PZ²FG төртбұрышының ауданымен анықталады (тиімді өнім көлемін 100 теңгеге көбейтеміз). Сонда ғана өндіріс көлемін тиімді деңгейге көтере аламыз.

Сонымен, жағымды сыртқы әсер туғызатын өнімдер мен қызметтер тиімді көлемнен аз өндіріледі және бағалары қымбат болады. Сыртқы жағымды және жағымсыз әсерлердің пайда болуы нарық экономикасы механизмдерінің жұмысындағы кемшіліктерді көрсетеді. Сыртқы әсерлердің пайда болуы жалпы экономиканың тиімсіз жұмыс істеуіне, экономикалық ресурстарды тегін қолдануға және қоршаған ортаны ластауға әкеледі.

Жеке шығындар мен қоғамдық шығындардың, жеке пайдалылық пен қоғамдық пайдалылықтардың бір-бірімен сәйкес келмеуі экономикалық ресурстарды тиімсіз қолдануға әкеледі. Бұл мәселені шешу үшін шекті қоғамдық шығындар шекті қоғамдық пайдалылыққа тең болуы керек:

MSC=MSB, мұндағыMSB=MPС+MEC, алMSB=MPB+MEB болғандықтанMPC+MEC=MPB+MEB.

Сыртқы әсерлерді реттеудің көптеген жолдары бар. Коуз теоремасына сүйенсек, сыртқы әсерлерді экономикалық ресурстарға меншік құқығының нақты анықталмағандағын туғызады. Коуздың ойынша, егер мемлекет әркімнің ресурстарға меншік құқығын нақты анықтаса, әрбір меншік иесі мемлекет анықтаған ережені ерікті түрде орындаса және меншік құқығы еркін сатылатын болса, өзара келісу арқылы және нарықтық механизмдердің көмегімен жағымсыз сыртқы әсерерді ішкі әсерге айалдыруға болады.

Бірақ сыртқы әсерлердің проблемаларын шешу барысында әр түрлі қиындықтар кездеседі. Көптеген ресурстарға меншік құқығын анықтау өте көп шығынды талап етеді немесек оны анықтау мүлдем мүмкін емес. Мысалы, ауаға немесе өзендегі суға меншік иесін анықтау және оның құқығын сату өте қиын болады. Коуз теоремасын қолдану үшін меншік иелерінің өзара келісуге шағатын шығындары келісімнен алатын пайдадан аз болуы керек. Сыртқы әсерлердің салдарын келісімге келе отырып шешу үшін оған қатысатын экономикалық субъктілердің немесе адамдардың саны көп болмауы қажет. Сыртқы әсер туғызатын нақты себептерді де анықтау қиын болады. Сонымен қатар сыртқы шекті шығындар мен шекті сыртқы пайдалылықтардың деңгейі туралы ақпарат та толық болмауы да мүмкін.

Демек, нарық механизмдерінің көмегімен өзара келісімге келе отырып, сыртқы әсерлерді, оның ішінде экологиялық проблемаларды толығымен шешу мүмкін емес. Сондықтан сыртқы әсерлерді реттеуде мемлекеттің қызметіне көп көңіл бөлінеді. Сыртқы әсерлерді мемлекеттік реттеу әр түрлі әкімшіл бұйрықтар мен заңдардың көмегімен жүзеге асады. Олардың ішінде табиғатты қорғау, таза ауа, таза су туралы және де басқа заңдар қабылданады және олардың міндетті түрде орындалуына бақылау қойылады.

Қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындар әрбір өндірілген өнімнің шекті сыртқы шығынының мөлшерінде мемлекетке салық төлейді: Т=МЕС,  мұндағы Т – салықтың мөлшері. Салықтың арқасында шекті жеке шығын шекті қоғамдық шығынмен теңеседі: МРС+Т=МSС. Ол жағымсыз сыртқы әсер туғызатын өнім көлемінің тиімді деңгейге дейін қысқаруына әкеледі. Оны жоғарыдағы мысалдан көрдік.

Жағымды сыртқы әсерлер туғызатын өнімдер тиімді деңгейден аз мөлшерде өндірілетін болғандықтан, мемлекет әрбір өндірілген өнімнің әкелетін шекті сыртқы пайдалылығына тең реттеу субсидін береді:

G=MEB

 

Мұндағы G – мемлекеттің реттеу субсиді.

          Субсидтелген өнім көлемінің әкелетін шекті жеке пайдалылығы теңеседі. Мемлекеттің осы реттеу әдісі жағымды сыртқы әсер туғызатын өнім көлемін тиімді деңгейге дейін өсіруге ынта туғызады.

Біріншіден, мемлекеттің қабылдаған заңдарына, әртүрлі әкімшілік әдістердің қолдануына қарамастан, қазір экологиялық проблемалар әлемдік сипат алып отыр. Қоршаған ортаның ластануы мен оның зардаптары, әсіресе, дамушы елдердегі актуальды проблемалардың біріне жатады. Көп жағдайға дамушы елдердегі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және институционалдық факторлар мемлекеттің жағымсыз сыртқы әсерлерді тиімді реттеуіне кедергі болады.

Екіншіден, экологиялық заңдар мен олардың орындалуын қатал талап ету экономикалық өсудің қарқынын төмендетеді деген ойлар жиі айтылады. Қоршаған ортаны қорғауға немесе экологиялық проблемаларды шешуге шығатын шығындар ұлттық инвестицияның деңгейін төмендету арқылы экономикалық өсудің қарқынын төмендетеді. Осы жерде қоршаған ортаны ластаудың оптимальды мөлшерін анықтау туралы айтылады.

Үшіншіден, экономистердің ойынша, экологиялық заңдарда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралардың экономикалық тиімділігі ескерілмейді. Мемлекеттің шығыны экономикалық жағынан тиімді болу үшін қоршаған ортаны (суды және ауаны) ластайтын әрбір заттың әлеуметтік-қауіпсіздік деңгейін әрбір кәсіпорын үшін және әрбір ластаудың көзі үшін жеке-жеке анықтау қажет. Бұл - өте қымбат және қиын жұмыс. Сондықтан салықтар мен субсидтердің де (кімге қанша субсид беру немесе кімге қанша салу керек) нақты көлемін анықтау қиынға түседі. Сондықтан көптеген кәсіпорындар салығын төлей отырып, қоршаған ортаны ары қарай ластауын жалғастыра береді. Осы себептерге байланысты экономистер мемлекеттің экологиялық проблемаларды реттеуде қолданылатын әкімшіл әдістерін экономикалық тұрғыда тиімсіз деп есептейді.

Сыртқы әсерлерді реттеуде мемлекеттің әкімшіл әдістерін нарық механизмдерімен бірге қолданудың тағы бір жолы – ластау құқығының нарығын қалыптастыру немесе қалдықтарды лицензиялау. Оны 13.2.1 суретінің көмегімен талдаймыз.

 

 

 

Тақырыпты оқуға арналған әдістемелік кеңестер

 

                Аталған тақырып микроэкономика пәнінің маңызды тақырыптарының бірі болып табылады және де бұл тақырыпты семинар сабағында талқылауға және игеруге 1 сағат жоспарланады. Оқу-әдістемелік кешен бойынша студентерге тақырыптың дәрістік мән-мәтінін сипаттайтын негізгі сұрақтарды толығымен оқып түсінуді міндеттейміз, сонымен қатар, тақырып бойынша негізгі терминдерді мүмкіндігінше жаттап алуға көп көңіл бөлу қажет. Дәріс мәтініндегі негізгі графиктер тақырып бойынша аса көп кездесетіндіктен, сол графиктердің де мәнін өз бетінше терең түсініп, оларды жеке тұрғыдан сала білу қажет. Ал бұл негізгі терминдер мен графиктер қатарынан нөмірі 1, 3, 4, 5 міндетті әдебиеттер тізімі бойынша жасалған. Сондай-ақ, дәрістің негізгі теориялық сұрақтарының қысқа да нұсқа мәтінін нөмірі 9-шы міндетті әдебиеттен оқуға кеңес береміз. Бұл тақырыптың негізгі мазмұны әр әдебиетте әртүрлі тұрғыда берілуі мүмкін, сондықтан тақырыпты талқылау барысында негізгі әдебиет көздеріне сілтеме жасалып, өзара салыстырылып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін жеткізе білу қажет. Студенттерге дәрістің тек теориялық сұрақтарын оқумен шектеліп, оны семинар сабағында талқылап қана қоймай, СОӨЖ сабағында нөмірі 2, 5 міндетті әдебиеттер тізімі бойынша тақырып бойынша әртүрлі тапсырмаларды, тест сұрақтарын, жаттығулар мен есептерді орындауды өз бетінше және оқытушының көмегімен үйрену қажет. Сосын ең маңыздысы, студенттер тақырыптан алған теориялық білімдерін қазіргі экономикалық жағдайларға, әсіресе, елімізде болып жатқан экономикалық өзгерістерге байланысты практикалық тұрғыда пайдаланып ұштастыра білу қажет. Ол үшін отандық ресми дерек көздерінен, яғни статистикалық мәліметтерден материалдар жинап, отандық экономикадағы әртүрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін фирмалардың немесе бір фирманың мысалында өндіріс туралы қабылдайтын шешімдерін талқылау қажет. Ал мұндай мәліметтерді жинап студент алдын ала реферат, баяндама немесе эссе түрінде де жазып сабақ үстінде топпен бірігіп талқылауға болады. Сонымен қатар, осы тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарына үлес қосқан әйгілі ғалымдар мен экономисттердің еңбектері мен өмірбаяндары туралы да мәліметтер жинап оны сабақ үстінде толықтыруға әбден болады. Осы тақырыпты терең меңгерген студент одан әргі тақырыптарды оқуда үлкен артықшылыққа ие болып, оларды оңай игере алады.

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Міндетті:

  1. Микроэкономика. Құдайбергенова К.С. Оқу құралы. – Көкшетау: 2005. 13– тақырып.
  2. Нуреев Р. М. Курс микроэкономики: Учебник для вузов – 2-е изд., изм. – М.:ИздательствоНОРМА, 2005.Главa 13.
  3. Тарануха Ю.В. Микроэкономика: учебник для студентов вузов, обучающихся по экономическим специальностям. М.: Изд-во «Дело и Сервис», 2006. Главa 13.
  4. Сборник задач по микроэкономике. К «Курсу микроэкономики» Р.М. Нуреева/ Гл. Ред. Д.э.н., проф. Р.М. Нуреев. – М.: Норма, 2005. Г
    123
    скачать работу

    Сыртқы әсерлер теориясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ