Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

СӨЙЛЕМДЕРДІҢ СӨЙЛЕУ МАҚСАТЫНА САЙ ТОПТАСУЫ

ағынада айтылып тұрғанын шылау ~ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе білдіреді.

Альтернативтік сұрақты білдіретін сөйлемдер баяндауыш мүшенің аталған шылауларды үстеуі арқылы жасалады.

Осы сөзге тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба?

Мынау егіс күздік пе, жаздық па?

Келтірілген сөйлемдерде ізделетін іс-қимыл, предикативтік заттық сапа жалпы, белгісіз күйде аталмай, белгілі альтернативтердің төңірегінен (тоқтайсың ба тоқтамайсың ба, күздік пе жаздық па) ізделеді. Альтернативтер сөйлемде дара-дара аталып толық көрінумен бірге (тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба) үнемді түрде құралады.

Үнемді кұраудың бір жолы — альтернатив етістіктің, болымды түрі арқылы аталып, болымсыз етістіктің орнына жоқ па сөзі қатысады:

Тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба Тоқтайсың ба, жоқ
па.                                                                           

Жоқ па — эллипсис мүше, ол сөзді айтуға ықшамды етеді.

Сөзде іздеулі екі альтернатив мүше бірдей атала бермейді, көбіне бір альтернатив мүше ғана аталады және мұндайда көбіне болымды етістік жұмсалады.

Сен келдің бе? Ағаш өнді ме?

Альтернатив мүше ретінде сұраулы сөйлемге болымды формалы сөздің қатысуы заңды. Бұл ойдың құрылысына сай келеді: кісі сұрақ арқылы ең алдымен пози-тивті істі іздейді. Осы себептен альтернативті сұрақты білдіретін сөйлемдерде іздеулі баяндауыш ретінде болымсыз етістік өз мағынасында жұмсалмайды. Ал сұ-раулы сөйлемге енген күннің өзінде ол мағына жағынан болымды етістікке тең келіп қызмет атқарады. Іштерінде Қараойдан келген кісі жоқ па? Сіз жолда арбалы баланы көрмедіңіз бе? Альтернативті сұрақты білдіретін сөйлем құрамында болымсыз етістіктің бұл  жұмсалуы  сөзді  түрлендіру мақсатынан туған.  Альтернативті  сұрақты  білдіретін сұраулы сөйлемдер баяндауыштық  мүшенің  формасы арқылы ғана құралады. Бірақ сөзде ізделетін мүше тек предикативтік іс, сапа болып қана қоймайды. Ізделетін мүше субъект те, объект те, анықтауыш та болуы мүмкін. Бұл мүшелердің іздеулі болуы оларды баяндауышқа тақау қойылуы аркылы білдіріледі. Мұғалім мені шақырды ма? Мені мұғалім шақырды ма?

Сөз жоқ, баяндауыштан басқа мүшелер сұраулық форманы жеке ала алмайтын болған соң, олардың орын ауыстыруы, баяндауышқа тақау келуі оның іздеулі мүше екенін анық таныта алмайды, бұл коммуникативтік мақсат солғын көрінеді. Осы дүдәмалдықты жойып, баяндауыштан басқа да мүшелердің альтернативті сұрақ арқылы ізделуін анық білдіру үшін тіл арнаулы амал жұмсайды. Ол амалды мына мысалдардан көруге болады.

Сәулеш, сен кімге ызалысың, маған ба? (Ә. Ә.). Қырманға неше қатынадың, бес пе?

Іздеулі мүше алдымен жалпы сұрақ арқылы білдіріледі де, сөйлемнің соңынан оның альтернативтерін білдіретін сөздер терулі компонент ретінде жалғастырылады. Сөйлемнің соңынан жалғастырылуы арқылы бұл іздеулі сөздер ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларын қабылдап, сұраулық формаға ие болады. Ашық сұрақты білдіретін сөз бен оның альтернативін атайтын сөздердің өзара қатыстығы олардың формаларының ыңғайластығы арқылы көрінеді.[63-64-б]

 

РИТОРИКАЛЫҚ СҰРАҚТЫ БІЛДІРЕТІН СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕР

Сұраулы сөйлем формасы хабар ретінде айтылған пікірді білдіру үшін жұмсалатыны бар. Мысалы, Сөйлетіп отырсыз ба? Ол мұндайдан қалған ба? Хабар ретіндегі пікірдің сұраулы сөйлем формасы арқылы білдірілуі сөзге полемикалық ең береді. Полемикалыққа баяндауыш сөздің болымды, болымсыз формаларының өз бастапқы мағынасына қарсы жұмсалуы да сеп болады.

Демесін бүрын Бәкеңді теңеп пе еді (Б. М.). Осы да жөн бе!

Риторикалық сұрақты білдіру үшін жұмсалу үстінде бұл сұраулы сөйлемдер ерекше баяндауыштық форма да құраған жайы бар. Ол баяндауыштық формаларды ілгергі мысалдардан керуге болады. Бұл мысалдардан байқайтын нәрсе: риторикалық сұрақты білдіретін сөйлемдерде баяндауыш сөздер көрі мағынада жұмсалып, ерекше интонация арқылы құралады.

Дауыс ырғағының қатысуы жағынан жай сұраулы сөйлемдерге ұқсас болғанмен, риторикалық сұрақ ерекше жігермен, екпінмен айтылады. Интонациядағы бұл ерекшелікті беретін дыбыс күшінің, амплитуданың көлемді болуы. Сөйлемде екпін түсетін сөз ерекше қарқынмен айтылады. Интонацияның бұл көрінісі лепті сөй-лемдермен тең түседі.

Риторикалық сұрақты білдіретін сейлемдер баян-дауыштардың кері мағынада жұмсалуы арқылы құрылады дедік.

Бұл сөйлемдердің құрамында өзіне лайықталып құралған баяндауыштық формалар кездеседі: келді емес пе, келген жоқ емес пе.

Өтті емес пе, оқыған жоқ емессің бв — риторикалық тудыратын баяндауыштық формалар. Жедел өткен шақ етістіктің болымсыз түрі -ма, -ме жұрнақтары арқылы жасалады: өтпеді. Риторикалық сұрақты білдіру үшін етістік осы формада да жұмсала алады: Содан бері бірталай жылдар өтпеді ме?

Өтті емес пе ощыған жоқ емес пе деген формалардың құрамындағы емес пе — риторикалық тудыратын элемент.

Өтті емес пе тәрізді форма баяндауыштық сөздің білдіретін мағынасы мен формасы арасындағы қайшылықты әлсірету талабының нәтижесінде пайда болған. Баяндауыш сөз білдірілетін мағынаға сай болымды формада алынады да, риторикалық тудырушы болымсыздық форманы аналитикалық тәсіл арқылы қабылдайды: өтпеді ме өтті емес пе.

Оқыған жоқ емес пе деген тәрізді форманың құрамына емес риторикалық амал ретінде аналогия бойынша катысып тұр. Оны баяндауыштың мағыггасына нұқсан келтірмей-ақ алып тастауға болады: Оқыған жоқ емес пе оқыған жоқ па!

Біз ілгеріде альтернативтік сұрақты сөйлемдердің риторикалық мағына беруін айттық. Бұл қызметті ашық сұрақты сейлемдер де атқара алады. Бұлардың ішінде де риторикалық сұраққа түгелдей бейімделгендері бар. Солардың бірі — «есім-емей немене», «етістік-емей немене», болып жасалған баяндауыш қатысқан сөйлемдер. Ата, мүлкің, адалың емей немене бұл (М. Ә.).

Бастауыш ретінде -ған, -ген формалы есімше, баяндауыш ретінде қайда сөзі қатысып құралған сөйлем де риторикалық сұрақты білдіру үшін жиі жұмсалады.

Еркежан-ау, әлгіде жездемнің құлағынан жұлам дегенің қайда! (Б. М.).[65-66-б]

 

                      ТҮРТКІ СҰРАҚТЫ БІЛДІРЕТІН СӨЙЛЕМДЕР

Тілімізде сұраулы сөйлем формасы тыңдаушыны бір іске қосу, жұмсау үшін де пайдаланылады. Үй құрығыр азынап кетті ғой, тағы бірдеме тауып жағасың ба? (Б. М.). Мұндай сөйлемдер түрткі сүрақты білдіретін сөйлемдер деп аталады. Іске жұмсаудың бұйрықты форма арқылы айтылмай, сұраулы сөйлем формасында ай-тылуы коммуникативтік мақсатқа байланысты. Ол мақсат — тілекті, іске жұмсауды ізетпен, сыпайы білдіру.

Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемнің баяндауышы келер шақ етістік пен ма, ме шылауларының бірігуінен жасалады: аласың ба, келесің бе.

Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемге баяндауыш болып етістік сөз болымды, болымсыз түрінде қатысып, бірақ синтаксистік мағына білдіреді: Қалаға барып келесің бе?— Қалаға барып келмейсің бе?

Бұл жағдай альтернативтік сұрақ ішіндегі етістіктің бұл екі формасының синтакснстік мағына жағынан теңелу дәстүрінің керінісі: Сол кісі жолықпады ма?Сол кісіге жолықпайсың ба?[66-б]

12
скачать работу

СӨЙЛЕМДЕРДІҢ СӨЙЛЕУ МАҚСАТЫНА САЙ ТОПТАСУЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ