Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сөз таптарының адвербиалдануы

, ұзақ мерзімдік дамудан өтеді. Тілдің ішкі қатпарларында әбден сұрыпталады. Мағыналық жақтан да, функциялық жақтанда толық үстеулер қатарына өтуі үшін тұрақты пысықтауыш ретінде ұзақ мерзім қолданылуы керкен. Аталмыш процес түркі тілінде пассив құбылыс.
Сөз таптарының ішінде адвербиадану процесіне бейім сөздер сын есімдер. Түркі тілдерінде кездесетін көптеген үстеулер өздерінің шығу төркіні жағынан сын есімдермен негіздес, төркіндес болып келеді. Тілші Ж. Сарбалаев сын есім сөздердің үстеулер қатарынан орын алып, кейіннен толық үстеу болып қалыптасу тұрғысында мынадай дәләлдер мен сипаттамалар береді: Сын есімдер тобынан үстеулер қатарынан ауысқан сөздер, әсіресе, қимыл-сын және күшейіткіш үстеулердің құрамына жиі ұшырасады» [2, 35-39].
Ғылымның пікірін қолдай отырып, шынында да зат есімдер категориясынан ауысқан сөздер көбінесе мекендік, мезгілдік мағынаны білдірсе, адвербиалданған сын есімдер қимыл мен іс-әрекеттің сипатын, белгісін, мөлшері мен көлемін білдіруге бейім тұрады.
Жекелеген түркі тілдері деректерін салыстыра отырғанда сын есімдердің үстеулерге айналуының басты белгілерінің бірі ретінде коверсия құбылысы ерекше сипатқа ие. Өйткені, көп жағдайда сын есім сөздер өздерінің тұлғалық сипатын сақтай отырып, контекстік мағынасына, функциясына байланысты үстеуге айналады. Мысалы, башқұрт тілінде кездесетін алыс, қыйын, йәтеш, яқшы т.б. тұлғалар кейде контекске байланысты үстеу болса, кей жағдайда сын есім ретінде қолданылады. Мұндай сөздер тек башқұрт тілі емес, барлық түркі тілдеріне тән құбылыс. Сөйлем ішінде ерекше қызметтеріне қарай кейде сөздерді сөз таптары арасындағы функциялық тұрғыдан аралық категориялы тұлғалар деп топтасада болады. Тек сөйлем ішінде ғана белгілі бір сөз табына телінгеннен соң біз мұндай сөздерді контекстік үстеулер деп атауымызға тура келді. Демек, мұндай аралық жағдайда қолданылып жүрген сөздердің жігін ажыратып, олардың мағыналық, қызмет аясына өлшемдер айтуға болады деп есептейміз. Аталмыш сөздердің сөйлемде екі жақтылық сипатқа ие болуы сөйлем ішіндегі қызметінің шартына тәуелді. Сөз сөйлем ішінде есіммен тіркесіп, анықтауыш ретінде заттың сапасын, сынын білдірсе, сын есімге телініп, ал етістікпен тіркесетін болса қимылдың белгісін білдіріп үстеу болады. Сын есімдер мен үстеулерді ажыратудың бірден-бір белгісі ретінде осы анықтаманы айтуға болады. Мысалы башқұрт тілінде яқшы һүз ташты иретә «жақсы сөз тасты ерітеді» (мақал) – сын есім, көн яқшы уқйылытқан – «күн жақсы жылына бастады» - үстеу. Ал өзбек тіліндегі адвербиалдану құбылысына көңіл бөліп жүрген зерттеуші А. Гулямов өз мақаласында сын есімдердің сөйлемдегі қызметтерін атай келіп, етістікпен жақындасқан тұлғаның үстеулер қатарына ауысып кететін бейімінің бар екендігін айтады. Мысалы, яхшы уқийды – жақсы оқиды. Ғалымның айтуынша, бұл жердегі сөз синтаксистік қызметінің арқасында өзге сөз табына ауысу барысында.
Тілдегі үстеулердің осылайша қалыптасуы олардың синтаксистік қызметімен тікелей байланысты. Өйткені, бір сөз табынан екінші сөз табына ауысып келген сөздер өзінің бастапқы функциясына ұқсас қызмет атқаратыны белгілі. Мұның өзі әрбір сөз таптарының арасында өзара ұқсас сөз формаларынның, мағыналық топтарының қалыптасуына әсерін тигізеді және үстеу сөз табына сын есімнен ауысып келген сөздердің бастапқы функциясы мен кейінгі жаңа қызметінің арасында байланыстың үзілмегендігін, әлсіз де болса белгілі бір қатынастың бар екендігін байқатады [3, 3-16].
Үстеуге айналған сын есімдерді тұлғасына қарай төмендегіше сипаттауға болады. Қазіргі түркі тілдерінде мүлдем, біржолата үстеуге айналған үстеулер және әлі де болса өзінің бастапқы сөз табындық ерекшелігінен арыла алмай жүрген сөздер. Алғашқы топ сын есімдер әлдеқашан өзінің лексика-семантикалық категориясынан алшақтап, тілдің қазіргі тұрғысынан қарағанда қай жағынан алса да үстеулік мән мағынаға ие болған сөздер де, ал кейінгі топтағы үстеу деп танылып жүрген сөздер өздерінің алғашқы лексика-семантикалық белгілерінен толық ажырамаған, екі жақты қызметі мен сипаты бар, қолданылу ыңғайына қарай аралық жағдайда сипатталатын, толық адвербиалданған сөздер.
Үстеулердің қалыптасуына сын есімнің шырай формалары да көптеп кездеседі. Қазақ, өзбек, башқұрт тілдерінде шырай формаларымен адвербиалданған көптеген тілдік единицаларды кездестіреміз. Олар үстеу сөз табын қалыптастыруда ерекше сипатқа ие.
Түркі тілдерінде үстеулердің сөз табы ретінде қалыптасуына мол ықпал еткен формалардың бірі – етістіктің көшемше категориясы. Көне түркі жазба ескерткіштері мәтіндерінен белгілі үстеулердің сөз табы ретінде толық қалыптаспаған дәуірінде аталмыш көсемше формаларымен жасалған үстеулік мәні, мағынасы бар, қызмет аясына байланысты толық пысықтауыштың функциясында қолданылған сөздер тобы кездеседі. Осыған қарап, үстеулердің қалыптасуындағы алғашқы белгілер көшемше формаларымен байланысты болса керек деген пікір туындайды. Тілде үстеулердің бастапқы пайда болу белгілері есімдермен қатар етістікті түбірлерден де жасалып отырғандығын байқаймыз. Сол көне дәуірдің өзінде оталмыш көшемше формалары етістікті түбірмен грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем ішіндегі қолданысына байланысты өзінің бастапқы мағынасынан алшақтап, үстеулер қатарына өтіп отырған. Бұл процесс ұзақ созылыңқы құбылыс. Тілдегі айтылып отырған аталмыш құбылыс қай сөз табының қалыптасуында болмасын белгілі бір дәуірді, мерзімді қажет етеді. Ел аузында, жазба тілде әбден сұрыпталуы қажет. Екіжақтылық сипатынан айрылып тек үстеулік ерекшеліктерімен көрінуі тиіс. Көне түркі ескерткіштері, одан беріде М. Қашқари, Ж. Баласағұни еңбектерінен жалғасын тапқан көшемше формалары единицалар тілдің дамуы барысында алуан түрлі сөз өзгерту жүйелеріне еніп отырған. Қазіргі түркі тілдері тұрғысынан қарағанда негіз, түбір үстеулер сипатына ие бірнеше үстеулердің құрамында аталмыш көшемше формалары өлі элеметтер түрінде кездесіп отырады. Ол сөз құрамын тек тарихи тұрғыдан ғана талдау арқылы бастапқы түбірі мен қосымшасын анықтауға болады. Қазіргі тілімізде қолданып жүрген көптеген сөздер құрамында зерттеліп отырған көшемше жұрнақтары жиі кездеседі. Сөйлем ішінде қолдану ыңғайына байланысты семантикасының өзгеруі нәтижесінде лексикаланып барып үстеу қатарына өтіп отырған мұндай форманттар барлық етістіктер мен оның көрсеткіштеріне тән емес. Үстеулер қатарына өтетін сөз көшемше формаларын қабылдағанда етістік ретінде қимылды, оның сипатын білдіретіні анық. Мұндай қасиет барлық етістіктер мен оның формаларына тән. Бірақ, солардың ішінде пысықтауыштық қызметке ие болып, сөйлем ішінде қимылдың белгісін білдіретін сөздер үстеулер қатарына өте алады. Нәтижесінде көсемше формаларын қабылдап, контексте тұрақты пысықтауыштық қатынасқа ие болған сөз қимылды, іс-әрекетті емес, сол қимылдың белгісін білдіретін сөзге айналады. Сөз толығымен семантикалық жақтан өзгеріп, жалпы грамматикалық мағынаға ие болады. Ол өзгерген мағына үстеудің белгісін білдіреді. Жоғарыда айтылып кеткен кейбір жекелеген сөздердің екіжақтылық қызметке ие болуы көсемше формаларымен үстеуге айналатын сөздер бойынан да кездеседі. Мұндай аралық қызметке ие болған сөздер тілдің дамуы барысында өзінің қолданылу функциясы арқылы лексика-семантикалық тобын айқындайды.
Етістік пен үстеу категориялары бір-біріне өте жақын сипатқа ие сөздер тобы. Әрбір категорияның өзіне ғана тән ерекшклігі де бар. Олардың ара жігін ажыратып тұратын өлшемдері де нақты дәлелдермен беру шарт. Барлық к-шемше формаларын қабылдаған түбірлер үстеулер қатарына өте бермейді. Олардың біразы өздерінің бастапқы етістікке тән сипаты мен қасиетін сақтап қалады. Аталмыш процесс көне тілдерде ғана емес, қазіргі түркі тілдерінде де көп кездеседі. Бұлардың басын ажыратып тұратын белгілер тек сөйлем ішінде ғана көрінеді. Сөздің сөйлем мүшесі ретінде атқаратын қызметтеріне қара пысықтауыштық қатынаста жұмсалуы бар. Адвербиалданушы сөз сол функцияда тұрақты, ұдайы қолданылуының барысында лексикаланып барып үстеулер қатарына өтеді.
Жазба ескерткіштер дәуірінен белгілі адвербиалдану процесіне жататын көптеген етістікті түбірлерден үстеулер жасаған көсемшенің –а, -е, -й, -у, -ү, -ы, -і формалары. Аталмыш форманың ықпалымен лексикаланған сөз жаңа мағынаға ие болып, жаңа сөз табының ерекшелігіне сай қызмет атқара бастайды. Грамматикалық қатынастың нәтижесінде сөз бен форма бірігіп, тұтастай бір тұлға ретінде танылады. Бастапқыда белгілі бір контексте ғана үстеулік қызмет атқарып жүрсе, кейіннен толығымен үстеулер қатарына өтеді. Бұл құбылыс тілде ұзақ жалғаспалы мерзімдік қолданыстың нәтижесінен кейін қалыптасады.
Сөз таптарының ішінде үстеулерді қалыптастыруға ықпал ететін сөз топтарының бірі – есімдіктер. Есімдіктің барлығы бірдей қалыптастыруға қатыса бермейді. Көбінесе сұрау есімдіктері мен сілтеу, жіктеу есімдіктері үстеулер қатарына өтіп жатады. Олар үстеу қатарына дайын единица күйінде де грамматикалық көрсеткіштер көмегіменде өтеді. Тілдегі кездесетін есімдіктен жасалған үстеулердің көбі грамматикалық көрсеткіштер негізінде қалыптасқан. Көне түркі тілдерінен белгілі бірқатар ғалымдар салыстырмалы септік формасы деп таныған –ча, -че (-ша, -ше) қосымшалары дәл осы үстеулерді, нақтығырақ айтқанда, мөлшер үстеулерін қалыптастыруда үлкен мәнге ие. Көне жазбалардан (анча, мунша), қазіргі тіл материалдарынан кездесетін (мұнша, сонша, қанша) тұлғалық үстеулер толық адвербиалдану құбылысын басынан өткізеді. Аталмыш сөздер үстеу ретінде толық қалыптасып, оның құрамындағы септік жалғауы түбірмен сіңісіп, құрамдас бөлігі болып қалған. Мұндай сөздерді тек тарихи тұрғыдан ғана түбір мен қосымшаға ажыратпаса қазіргі тіл тұрғысынан ешбір бөлшектеуге келмейді.

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Кононов.А.Н. Грамматика современного турецкого языка. - М-Л., 1956. – 309 с.
2. Сарбалаев Н. Адвербилизация туралы.- Қазақ тілі мен әдебиет. Алматы, 1994. - 35-39 б.
3. Гулямов А.Г. К вопросу об адвербиализаций в узбекском языке. Уч. записки ТГПИ.

12
скачать работу

Сөз таптарының адвербиалдануы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ