Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сөз тіркестерінің зерттелуі

олуы хақ. Сонымен, бір-біріне қатысы жағынан бастауыш және баяндауыш болып келетін кез-келген синтаксистік құрамды сөйлем дейтін боламыз. Керісінше, өзара іштей бастауыш пен баяндауыш болып келмеген кез-келген синтаксистік тіркес сөйлем емес, сөз тіркесі деп танылады. Сонда сөз тіркесі сөйлем ішіндегі статикалық қатынастарды баяндаудың формасы ғана. Сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығын Н.К. Дмитриев былай көрсетеді: Егер бастауыш пен баяндауыштық қатынастан құралып, аяқталған ойды білдірсе, сөйлем деп, егер бастауыш пен баяндауыштық қатынас болмай, олар тиянақты ойды білдірмесе, сонда ғана сөз тіркесі дейді.
Б. Убрятова т.б. көптеген ғалымдар сөйлем мен сөз тіркесінің бір-бірімен айырмашылықтарын көрсете келіп Н.К. Дмитриевтің жоғарыдағы пікірін қолдайды. Бұлай бөлу жалпы орыс тілі ғылымында көп уақытқа дейін орын алып келді. Сөйтіп предикативті түрі бастауыш пен баяндауыштық қатынастан құрылады да, бұлар аяқталған ойды білдіреді, мұны сөз тіркесіне есептемей, сөйлемге жатқызды. Ал бастауыш пен баяндауыштан басқа қатынастағылар яғни олар аяқталған ойды білдірмейді, сол себептен оларды сөз тіркесі деп қарастырады.
Тіл білімі жайындағы әдебиеттерде сөйлемді бір бөлек, сөз тіркесін бір бөлек категориялар деп тану үшін олардың құрамы еш уақытта бірдей болмауға тиіс деген пікір бар. Сондай көзқарасты қолдаушы тюркологтың бірі Н.А. Баскаков атқа мініп, атқа мінген дегендерді сөз тіркесі деп қарайды да, атқа мінді дегенді сөз тіркесі емес, сөйлем деп таниды. Мұндағы тұлғалық айырмашылық басыңқы сөздің (мін) тиянақты, (мінді) не тиянақсыз (мініп мінген) болуында.
Егер ол критерияны негізгі шарт деп танысақ (ол тұлғалардың сөз тіркесін құрауға қатысы жоқ, сондықтан шарт емес). «Атқа мін» дегенді не дейміз? Сөйлем бе, сөз тіркесі ме? Бұған жауапты мынадан іздейміз. Егер тіркескен сөздер тобы пайымдауды білдірсе – сөйлем, ал білдірмесе – сөз тіркесі. Осы пікірді Н.К. Дмитриев те қолдайды. [10, 43-50.]
Біріншіден пайымдау (суждения) логикалық ұғым, оны сөйлемді танудың белгісі етуге болмайды. Екіншіден сөйлемнің құрамына еніп, оның бөлшегі болуға тиісті сөз тіркесінде сөйлем білдіретіндей ұғымның бар-жоқтығын меже етудің жөні жоқ. Сөйтіп, сөйлем мен сөз тіркесін мағынасына қарап айыру да мүмкін емес. Егер сөз тіркесі тиянақты ойды білдіретіндіктен сөз тіркесі болудан қалады десек, онда әрі сөз тіркесі, әрі сөйлемдік қасиеттері бар сөздер тобының кейбір синтаксистік заңдылықтарын ескермегендік болады. Желсіз түн, кең жайлау. Таудан аққан үлкен өзен сияқтыларды біреулер сөйлем етіп жұмсаса, сөз тіркесі қасиетін жойды деу шындық болмайды. Сондықтан ондай сөздер тобын сөйлемдік қасиеттеріне қарай сөйлем деп танып, сөз тіркесімділік белгілеріне қарай әрі сөз тіркесі деп тани беруге тиіспіз. Тілдің табиғаты солай етуді тілейді.

12
скачать работу

Сөз тіркестерінің зерттелуі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ