Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Столыпин реформасы және қазақ шаруаларының тағдыры

лып, үкіметтен қоныстандыру саясатын өзгертуді тікелей талап етті.

Сөйтсе де, депутаттардың бір бөлігі билеуші топтардың мүдделерін қорғап, жағдайды түрде бейнелеуге тырысты. 1909 жылы депутат А. Трегубов Жетісуға арнайы келді, ол бүкіл облыста атап айтқанда, «Верный кіші ауданында бүкіл қоныс аудару ісінің дұрыс жолға қойылғаны туралы ризашылық пікір білдірді», және бұл Жетісу облысындағы қоныс аудару ісінің меңгерушісі Велецкий қоныс аудару ісінің мүлде тәртіпке келтірілмеген жайкүйі туғызған қоныс аударушылар арасындағы аштықтың нақты оқиғалары туралы хабарлаған кезге шамалас болатын.

Қазақтың белгілі ғалымы, көсемсөзші және саяси қайраткер Ә. Бөкейханов Қазақстандағы қоныс аудару ісінің жағдайымен терең таныс болды. Ол Ф.А.Щербина экспедициясының жұмысына белсене қатысты, I Мемлекеттік Думаның депутаты болып сайланды. Өзінің барлық дерлік еңбектерінде, ғылыми монографияларында немесе газет беттерінде жарияланған мақалаларында даланы шаруалар арқылы отарлаудың зардаптарын анықтап, бұл үрдісті үкіметтің аграрлық саясатынанбөліп қарастырды. Ол Петербургте отырып алып, «бірнеше десятина жарамсыз жерді қолайлы жер деп есепке алуды практикаға енгізу арқылы» қазақ өлкесінің жерін ойыншық еткен, «ешнәрсеге күмәндамайтын адамдар» туралы терең мысқылмен жазады. Шаруаларды шөлейт және сортаңды далаларға қоныстандырудың көптеген фактілерін салғастыра келіп, Ә.Н.Бөкейханов «жерсіз аш халыққа сусыз қазақ даласын ұсынатын үкіметтің қоныс аудару саясатының санаулы күндері қалды» деген пікір айтты. Өз халқының мүдделерін қорғай келіп, ол былай деп жазды: «қазақтар қазіргі уақытта қоныс аудару учаскелерін кесіп беру кезінде болып жатқанды ессіздік деп санайды... жұмыс жүргізушілер учаскелерде мал шаруашылығы үшін ең бағалы алаптарды: шабындықтарды, қысқы жайылымдарды, егістіктерді, жақсы суаттарды учаскелерге мәжелеп алып... қазақтарға тау-тасты, сортаңтарды, батпақтарды, сусыз даланы қалдырады».

Ақырыоргандар қоныс аудару саясатының оған артқан үмітті ақтай алмағаның мойындайды. Қоныс аудару және отарлау мәселелері жөніндегі комиссия 1917 жылдың тамыз-қыркүйегінде елдегі қоныс аудару ісінің жағдайын талқылап, мынандай қорытындыға келді: «Егіншілік-отыршылық отарлауы... тұйыққа тіркелген сияқты. Бұрынғы мейірбан қоныс аударудың аяқталар кезі келді». «Қоныс аудару» деген терминнің өзін «отарлау» деген сөзбен біржола ауыстыру ұсынылды. Отарлау саясаты енді ел экономикасын дамытудың жалпы жоспарын негізге алды, мұнда шет аймақтар зор рөл атқаруға тиіс еді. Өнеркәсіптік отарлауға шешуші мән берілді. Ол ауыл шаруашылығын да көтеруге тиіс болатын. Комиссияның анықтауы бойынша қоныс аударушылар таптан тыс болуға, оның материалдық қаражатының қажетті қоры, күш-жігері және алғырлығы болуға тиіс. 1917 жылдың қазан айындағы белгілі оқиғалар бұл жоспарды жүзеге асыруға бөгет жасады. Алайда империяның басқа шет аймақтары сияқты, Қазақстанды да жергілікті халықтың мүдделері туралы тіпті сөз де етілмеген қатаң және прагматикалық отарлау жүйесі күтіп тұрғаны анық еді.

Аграрлық қоныс аударудың Қазақстан өмірінің әлеуметтік-экономикалық саласында ұшқын беруші рөл атқарғаны жақсы мәлім. Қазақ жерлерін қоныс аударушылардың пайдасына жаппай алып қою туралы және бұл үрдістің келеңсіз зардаптары туралы жоғарыда айтылып та өтті. Сонымен бірге, Ресейдің егіншілік дамыған аудандарынан шаруаларды қоныс аудару Қазақстанға едәуір еңбек және материалдық ресурстар әкелді. Жаңа жерлерді шаруашылыққа игеруге себепші болды.

 

Қорытынды.

 

Қазіргі Қазақстанның негізгі проблемелары мемлекеттік тіл мәселесі, сонымен қазақтардың әлі де өз елімізде 50 пайыздан сәл ғана асып отырғаны осындай жерімізді тартып алып отарлаудан туындап отырғаны біздің бәрімізге мәлім. Құдайға тәубә, әйтеуір тәуелсіздігімізді келіп арқаны кеңге сала бастадық. Бірақ әлі де болса жер мәселесі, оның сатылу-сатылмауы біздің еліміздің тағдырын шешіп кетуі де мүмкін. Өйткені жер сатыла қалғанда сан жағынан тепе-тең түсіп отырған келімсектердің қолында кете ме деген қауіп бар.

«Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып» қазақ сарбаздары қорғап қалған жерімізді біздер әлі келесі өкше басар ұрпаққа аманаттап тапсырып кетуге тиістіміз. Сондықтан әрқайсымыз өз оқу-білімімізді шыңдап, жаһандану процесі кезеңінде сонау Корея, Жапония, Ақш, Европа елдеріндегі бізбен үзеңгілес студенттерден кем түспеуіміз қажет. Сонда ғана елдігімізді де, кең байтақ жерімізді де сақтап алып қалатынымызға сенімін мол.

 

 


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.    Қазақ ССР тарихы, 3-том. Алматы, 1985 ж.

2.    Маданов. Ұлы дала тарихы, 1998 ж.

3.    «Атамұра». Қазақстан тарихы, 1998 ж.

4.    Чапай Мусин. Қазақстан тарихы, 2003ж.

5.    «Дәуір». Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк), 1994 ж.

6.    Ұлы дала тарихы, 2005 ж.

123
скачать работу

Столыпин реформасы және қазақ шаруаларының тағдыры

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ