Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

СТУДЕНТТЕРДІ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРАДАҒЫ ӨРНЕК ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА БАУЛУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

мдық қызметін қалыптастыру және осы мақсатта көркем шығармашылықты меңгерудің проблемалық әдістемелерін кеңінен қолдану арқылы көрініс беруде  [9, 10, 11]. Ұлттық өрнек өнерінің бейнелеу өнеріндегі басқа жанрлардан басты айырмашылығы оның өзіндік бейнелеу әдісі (метод) атқаратын қызметі, көркемдеу тәсілдері мен құралдары бар. Мәселен, өрнек өнерінің негізгі көркем шығармашылық әдісі романтикалық дәріптеу (идеялизация) мен күрделі көркем жинақтау (типизация) болып табылады. Рас жинақтау әдісін біз стилизация деп дәлелдейміз. Себебі стилизация — әрбір өрнектің даралығы деген сөз. Олай болса өрнек өнерінде әрбір өрнек элементінің көркем стилизациялануы – қайталанбас тұлға, образ.

Мәдени-этникалық білім студенттерге, бәрінен бұрын мынадай қасиеттерді: жеке маман иесінің серіктігін, шығармашылық ойдың байсалдылығын, қарым-қатынастардың байланысын, сезімдердің тез өзгеруін қалыптастырады.

Өрнек өнерінде көркем шығармашылыққа студенттерді оқытудың моделі өрнек өнерінде көркем шығармашылыққа қойылатын талаптарды орындау тәсілдерін білу ғана емес, оған қоса көркемдік ойлау қабілетінің ерекшеліктерімен, образды өрнек элементтерін ойша моделдей білуді анықтайды. Бәрінен бұрын бұған себеп интеллектуальді ойлау жағына талаптың туу және шығармашылық қабілеттің өсуі, яғни образды өрнек өнерін ойша моделдеуге дағдылануы, өрнек формаларын өзгертуге және осы образдарды игеру барысында көркемдікпен елестетуге қалыптасуы.

Соңғы кезеңдерде ғылыми-педагогика саласының екпінді дамуы ұлттық өнер дәстүрінде, білім беру саласының күрделенуі, оқыту материалдарының әдіс-тәсілдерінің жаңаруы, оқытудың ғылыми әдістемелік, жаңа шығармашылықтардың пайда болуы, әртүрлі мамандық саласындағы аса мол қуаттардың шоғырлануы, мұның барлығы студенттерге өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетті, ғылыми әдістемелік, шығармашылық деңгейінде оқыту талап ететін даусыз.

Болашақ мамандар бұл талаптарға сай келуі үшін жоғары оқу орындарында кәсіби білімді, көркем шығармашылық іс-әрекеттің танымдық және іс-тәжірибелік мәселелерін моделдейтін жоғары кәсіптік білім беру стандарттары арқылы көлемді теориялық және іс-тәжірибелік жаңа оқыту әдістемелерін іздестіруді қажет етеді.

Соңғы жылдары студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқытудың теориясы мен практикасын зерттейтін педагогикалық еңбектер шыға бастады.

Педагогикалық зерттеулер нәтижесінде теориялық әдіснамалық негіз қаланды (В.В.Краевский, В.Оконь, М.Н.Скаткин, Н.Д.Хмель), студенттердің кәсіби бағытталуын қалыптастырудың педагогикалық негіздері қалыптасты (Л.А.Ивахнова).

Бүгінгі кезеңде ұлттық бейнелеу өнерін оқытып, үйрету анықтап айтсақ, шығармашылық іс-әрекеттердің түрленуі, жанрлық пайымдаулық құрылымының соны мүмкіндіктерін іздеп табуға деген танымсыз әрекет, толассыз қарбалас еңбек қажет.

Халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнерін тану ғылымының осал буыны, жете зерттелмеген объектісі ұлттық ою-өрнектердің стилизациялануы мен түрлі реңктердің шығармашылық танымының қалыптасуы.

Студенттерге қазіргі ұлттық бейнелеу өнерін оқытып, үйрету бағдарына назар аударғанда, көркемдік формалардың баюын, шеберлік әрекеттердің (бейнелеу, ажарлау, әсерлеу, құбылту, даралау, айшықтау, жинақтау т.б.) көркемделуін атау қажет. Сондықтан да өрнектердің стилизациялануы мен түрлі реңктердің танымдық үлгілері, шығармашылық әдістемелік тұрғыда талдана отырып дамуы керек.

Біріншіден, студенттердің өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекеті ұлттық өнер арқылы сана-сезімін оятып, тәрбие беретін, үлгі өнеге көрсететін дәрежеге көтерілуі.

Екіншіден, студенттер өз ұлтының дарынды өнерпаздары мен белгілі ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, ақыл-ой өрісін жетілдіре түседі.

Үшіншіден, студенттер үшін ұлттық өнерден дәріс берудің әдістемесін жетілдіруде, тақырып таңдауда үлкен талғам қажет.

Әсіресе, өрнек өнерінің стилизациялануын сәтті алынған тақырып, студенттердің көңілін өзіне бірден аударады, олардың шығармашылық ой пікірлерінің өркен жаюына жағдай жасайды.

Осылайша, қазіргі кезеңде ұлттық өрнек өнерінің әдістемелік жүйесін жасауда алдымызда тұрған міндеттер өте көп және әртүрлі.

Ұлттық өнердегі өрнек өнерін оқытып үйретудің әдістемелік жүйесінің жасалу жолдары мен сол өнерге студенттердің қандай үлес қосатынын, қандай әдістемелік тәсілдермен баратындығын бағдарлайды.

Сонымен, біз студенттердің бейнелеу өнері пәнінде ұлттық өрнек өнерінің шығармашылық дамуын, оқытып-үйретуде шығармашылық стилизациялаудың белгілі бір ерекшелігі іздестіру саласының салыстырмалы белгісіздігіне және олардың дамуының көпнұсқалы болатындығын анықтадық. Дегенмен, кез келген өрнек элементтерінің шығармашылық ойлау құрылымы үш құрамнан тұрады. Оған образды ойлау әрекетінің ұғымдық, ұқсастық (теориялық) образды (көрнекілік) және шығармашылық іс-әрекет өрнек элементтерінің өзара байланысы жатады.

Ұлттық мәдени мұрамыздағы өрнек өнерінің стилизациялануы, жанрлық формалардың дамуы, өзгеруі, жаңғыруы туралы әлі айтылмаған пікірлер, жасалмаған тұжырымдар баршылық. Фольклор мен ұлттық қолданбалы қолөнері, оның ішінде өрнек өнеріне байланысының өзі қат-қабат. Қазіргі ұлттық өрнек өнерінің жанрлық формасына әдеттегі еуропалық өнермен бағалау қиын, одан гөрі өрнек өнерінің стилизациялануын жаңа жанрлық форма деп тану ақиқатқа жақын келеді.

Жалпы ұлттық өрнек өнерінің көркем шығармашылығы өз ішінде түлемей, түрленбей, ілгерілемей тұрмайды. Ал сол, түрлену дегеніміз – көркемдік даму ықпалымен болса, онда ондай өзгерістер (шығармашылықтар), сөз жоқ, қандай өнер болса да ұлттық өнерден басталады.

Әрине бұл пікірді біз зерттеп отырған өрнек өнеріндегі көркем шығармашылықтың жан-жақты ашу үшін оны басқа өнер түрлерімен салыстырмалы тұрғыда көрсету (ұқсастығын, сабақтастығын, үндестігін т.б.) зертеу жұмыстарының құндылығын арттырмаса, кемітпейді.

Осыған орай ұлттық өрнек өнерінің атқарар міндеті ең алдымен сурет, бейне жасау, адамның көңіл-күйімен өнерге деген ынта-жігерін білдіру, жер, су, табиғат құбылыстарын адамның шығармашылық әрекеттерімен шынайы жеткізе білу, жалпы өрнек өнерінің қалыптасуы, белгілі нормалы сипаттарға ие болуы, халықтың өнеріндегі әлеуметтік бетбұрыс жағдайларға байланысты.

Біз білім жүйесіндегі мемлекеттік тұжырым концепциясын сөз еткенде, осы уақытқа дейін жинақталған өрісі әлемдік, берісі отандық озық ғылыми-педагогикалық тәжірибелерді жатсынбаймыз. Біз қазақтың дәстүрлі тәлім-тәрбиесі мен ғылыми-педагогикалық төл ізденістеріне айрықша мән береміз. Сондай-ақ, білім сатыларының сабақтастығы мен білім мазмұнын пәндік жүйеге негіздеу арқылы, жалпыға бірдей міндетті орта білім саясатының мемлекеттік деңгейінде шешілуін мойындаймыз.

Біріншіден, барлық жағдайда жас маманға еркіндік берген жөн. Адам баласы табиғатынан білсем, танысам деген талабын қанағаттандыру үшін «мұны білуге тыйым саламыз», «әлі қоя тұр» дегендей тежеулерді алып тастап, жас маманға бостандық берген дұрыс.

Бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет. Мұны болашақ мұғалімді білімге, шығармашылыққа жетелеудің бір арнасы деп ұғу керек.

Екіншіден, студенттерді өрнек өнерінде шығармашылық іс-әрекетке оқытуды адамға тән табиғи сезіммен өмірді, табиғатты, ұлттық өнерді сүйе білуге үйрету керек. Тегінде ұлттық өнердегі шығармашылықты өз дәрежесінде, өз орнымен бағалауға үйрету арқылы көркем шығармашылық деген әлемнің қадір-қасиетін танытқан жөн.

Үшіншіден, шығармашылықтың ақиқатын, болмысты ашық бүкпесіз көрсеткен халық даналығының ұлылығын ұғындырған дұрыс. Ендігі мектеп – шындықты, нағыз шығармашылықты үйрету мектебі болуы керек.

Осы басты және негізгі қағиданың үшеуі де қазақ халқының ұлттық тәрбие үрдісінен алынып отыр. Халқымыз келешек ұрпағын осыларды басшылыққа ала отырып тәрбиелеген. Бұл – орта ғасырға шегіну емес, ұлттық сана мен нанымдарды қайта қалыптастыру деген сөз. Ұлттық мәдени қазыналар арқылы тәрбиелеп, әлемдік мәдениет пен болашық ұрпақың жан-дүниесін одан әрі байытуға ұмтылу деген сөз.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Ивахнова Л.А. Методические основы конструрирования содержания учебного предмета, Алматы, 1998, 90с.

2. Ивахнова Л.А. Научные основы подготовки учителя к конструрированию содержания учебных предметов. Монография, Алматы, 1995, 192с.

3. Хмель Н.Д. Методическая характеристика области профессиональной деятельности учиеля // Вестник АГУ им.Абая. №21. 1995. С.З.

4. Матюшкин А.М. Развитие творчекой активности школьников, М, 1991,155с.

5. Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности, М, 1980, 96с.

6. Орлов В.И. Содержательная учебная информация //Педагогика, 1993. №1 С

№ 23-26.

7. Скаткин М.Н. Проблемы современной дедактики, М, 1980, 344с.

8. Ивахнова Л.А. Научные основы подготовки учителя изобразительного искусства к конструированию содержание учебных предметов. Дис. докт. Пед. Наук, М, 1996.

9. Дидактика средней школы. Под. Ред. М.А. Данилова и М.Н. Скаткина, М, 1982, 190.

10. Лернер И.Я., Скаткина М.Н. 5 методах обучения // Советская педагогика, 1965. № 3. С. 116.

11. Балкенов Ж. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек дәне әдістемелік монография. Қарағанды, 1996,198 б.

 

 

Ж.Ш. Балкенов

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

Ж.Ә. Кожиков

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік унив

123
скачать работу

СТУДЕНТТЕРДІ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРАДАҒЫ ӨРНЕК ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА БАУЛУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ