Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сұлтанбек Қожанұлы

ң біріншісі хатшысы етіп әккі де қатыгез басшы Гая Ицкович (Филипп Исаевич) Голощекинді аттандырды. 1925 жылдың күзінде республикаға басшы болып келген ол өзіне ә дегеннен ұнамаған Қызылорданың ойран-ботқасын шығарып, елге сыйлы қазақ қайраткерлерінің, оның ішінде Сұлтанбек Қожанұлының да соңына шырақ алып түсті. Оның түпкі мақсаты – Сұлтанбекті орталықтың қарауына жөнелту арқылы қазақ қоғамындағы “ұлтшылдық” тенденциясын тұншықтырып, содан соң өзіне бағынышты өлкеде ойындағыдай сайран салу еді. “Тәртіптілікке тәрбиелеу” үшін Мәскеуге қызметке жіберу тәжірибесінің жай-жапсарынан жақсы хабардар Қожанұлы бұл әрекетке қарсы табан тіреп, қасарысып бақты. 1924 жылы сөйлеген сөздерінің бірінде ол: “Неге екенін қайдам, жолдастарымыздың көбі түптің-түбінде жұмақты Мәскеуде орналасқан деп ойлайды және бәріміз сол жұмаққа жетуіміз қажет деп қате түсінеді”, - деп айтқан еді. Қазақстаннан кеткісі келмегеніне қарамастан, Қожанұлы партияның пәрменімен өзі жақтырмайтын “жұмаққа” жіберілді. Құтылғанына қуанған Голощекин оған: “Қожанов – Орта Азия мен Қазақстан ұлттарының ішіндегі ең ірі қайраткерлердің бірі. Барлық уақытта да партия-кеңес орындарында жауапты қызметтер атқарды және соңғы уақытта БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің хатшысы болды. Саяси ой-өрісі зор қызметкер”, – деп мінездеме берді. Қожановтың орнына болашақтағы “37-нің ұлы ұйымдастырушысы” - Ежов отырғызылды. Қожанұлы үшін Қазақстанға қайтар жол мәңгіге жабылды.

Өмірінің қалған бөлігінде Мәскеу мен Ташкентте партия-кеңес, шаруашылық, оқу-ағарту мекемелерінде қызмет істеген Сұлтанбек Қожанұлының соңынан “Қазақстан қазақтар үшін” ұранының жақтаушысы”, “түрікшіл”, “ұлтшыл”, “жікшіл”, т.б. айыптамалар борап жатты. Қазақстанда “қожановшылдықтың” елесімен күресіп жүрген кейбір белсенділер үшін Сұлтанбектің жұртшылық алдында жария түрде кешірім сұрағаны қажет еді. Ол талаптары да орындалды. Бұл мәселенің саяси жай-жапсары отандық тарихшыларымыздың еңбектерінде жиі жазылғандықтан, егжей-тегжейіне тоқталуды артық санадық. Қысқасы, 1928 жылдың күзінде Ораз Исаев Ташкентке барғанында Сұлтанбекке төрт мәселе төңірегінде сауалдар қойып, олардың жауабын алып келіп, “Еңбекші қазақ” газетінің сол жылғы 2 қарашадағы санында бастырады. Бұл жарияланым “Сұлтанбек Қожанұлы қате­лерін мойнына алды. Шынды жасыруға, партияны алдауға болмайды!” деген үлкен бас тақырыппен берілді. Қойылған сұрақтардың бәріне Сұлтанбек жалпылама жауаптар қайтарған. Мысалы, “Қазақстанда “қожановшылдық” болғанын мойныңызға аласыз ба?” деген сауалға ол: “... қожановшылдықтың болғанын мойынға алам. Қожановшылдар жігінің болғаны рас. Қожановшылдықтың саяси жолын тексергенде, жер мәселесінде, ұлт арасының мәселесінде, тағы басқа мәселелерде ұлтшылдық жолында болды. Орындарда іс жүзінде тап жолын жүргізуге аз көңіл бөлінген. Тап жолынан ұлтшылдық жолы үстем болған... Алашордашылармен күрескеміз жоқ. Баспасөз жүзіндегі, партия ішіндегі алашор­дашылардың әсері, салт-санасымен күресілмеді”, - деген ыңғайдағы уәждер берген. Ал Сұлтанбектің жауаптарының соңына Сталиннің: “Қожанұлы ылғи да қазақ елінің өзгешелігін тым көпіртіп, ұлғайта айтады. Күншығыс ұлт республи­калары мен Кеңес одағындағы кәсібі күшті аудандардың тағдыры, тілегі бір екенін ұмытады. Социалдық жұмыстарды ескермейді. Бар жұмысы – ұлт тілегін үстем қылу, соған лайықтап қана істейді. Бұл пікірдегі жолдастар ұлт ішіндегі, ұлт респуб­ликаларындағы істерге аз көңіл бөледі. Ісінің бұл жағын бұлар өз бетімен өше берсін деп біледі. Мұны үлкен жұмыс деп білмейді. Бұларша ең үлкен жұмыс – республиканың шегін кеңейту, “сыртқы” саясатпен шұғылдану – іргелес отырған республикалармен айтысып, таласу. Көбірек жерін, елін өзіне қосып алу; сөйтіп, өз еліндегі байшылдарға, ұлтшылдарға жақсы кісі болып көріну. Бұл пікірдің аяғы келіп, мұндай коммунистерді социалшылдық тілектен – жолдан алыстатады. Мұндай коммунистер кәдімгі байшыл, ұлтшылдардың бірі болып шығады”, - деген “саяси бағасы” басылған. Сөз жоқ, бұл жерде Сталин әбден құлаққа сіңісті болған “ұлтшылдықпен” айыптауға қоса, Орта Азияны межелеу науқаны кезінде Сұлтанбек Қожанұлының Ташкент қаласының қазаққа өткенін қалайтын пікірді ұстанғанын меңзеп, өзге ұлттардың алдындағы беделін төмендетуге ұмтылғаны және ақырында оны байшыл-ұлтшыл қайраткерлердің “тілеуқоры” есебінде ғана емес, нақ солардың өзінен айырмасы жоқ адам етіп көрсетуге тырысқаны анық.

Сол жылдың желтоқсан айында өткен Қазөлкекомның ІІІ пленумында сөйлеген сөзінде О.Исаев “осы хатынан кейін Қожанов Қазақстанға қайтып келе алады” дегенді айтты. Әбдірахман Байділдин болса, мойындаудың сұрақ-жауап түрінде болғандығына наразылығын білдіріп: “Қожанов жолдасты баспасөз бетінде “қожановшылдықты” өз сөзімен әшкерелеуге мәжбүр ету керек”, – деді. Оның ойынша, Қожанұлы мен “қожановшылдық” екі бөлек нәрсе. Сондықтан Қожанұлы қатесін мойындағанымен, “қожановшылдыққа” қарсы күресті тоқтатуға болмайды. Демек, “қожановшылдық” деген ұғым Қожанұлынан аражігін ажыратып, дербес өмір сүруге көшті деген сөз еді бұл...

Мұнан соң Сұлтанбекке қарсы іс-қимылдар бір сәт те толас таппады. Елдің есіл азаматы 1937 жылғы шілденің 16-сында қамауға алынып, 1938 жылғы ақпанның 10-ында атылып кетті. Сұлтанбек Қожанұлының соңында қайраткерлігімен бірге, қаламгерлігін де танытатын мол мұра қалды.

1921 жылы толтырған анкеталарының біріндегі “Әдеби жұмысқа араластыңыз ба?” деген сауалға ол: “Қырғыз (қазақ) газетіне редакторлық еттім және редакторлық етіп келемін”, - деп жауап қайтарыпты. Оның “редакторлық еттім” дегені – “Бірлік туы”, ал “редакторлық етіп келемін” деп айтып отырғаны – “Ақ жол” газеті. Сұлтанбектің қаламынан туған дүниелер негізінен осы екінші басылымның беттерінен табылады.

Сәбит Мұқанов өзінің “Есею жылдарында”: “Обкомдағы кабинетіне барған мені Сұлтанбек жылы шыраймен қарсы алып, шүйіркелесе, теңдесе сөйлесті. Оның да өлең жазатынын сонда ғана білдім. Ташкентте қазақ тілінде шығатын “Ақ жол” газеті мен “Шолпан” журналындағы “Тоқпақ” және “Замандас” - соның псевдонимі екен. Ол жалпы әдебиетті, оның ішінде қазақ баспасөзін көп оқитын адам екен”, - деп суреткерлікпен айналысқаны туралы сыр тарқатса, Әуелбек Қоңыратбаев “Керуен” атты естеліктер кітабында: “Ол - өткір тілді, тапқыр, кең тұлғалы кісі-тін. Қызыл тілге келгенде, мен ондай шешен адамды көрген емеспін. Ашуы жоқ, мінезі дарқан, сөздерін тастай етіп айтатын арыстан туған кемеңгер адам еді”, - деп ауыз сөзге ақпалығын да айтады. Сұлтанбекті көзімен көріп, сөзін тыңдаған өзге де - Ғалым Ахмедов, Дүйсеқұл Сарқұлов, Шафик Шокин, Айтжан Бутин секілді қадірменді азаматтардың естелік жазбаларындағы пікірлер де осы төңіректе тоғысады.

Сұлтанбектің публицистикалық және әдеби мақалалары, өлеңдері, аудармалары сол кездегі мерзімді басылымдардың беттерінде көбіне “Тоқпақ” және “Тарпаң” деген бүркеншек аттармен жарияланып тұрған. Оның көсемсөздік шығармаларында дәуірдің тынысы, қоғамның мұқтажы, елдің тілегі қапысыз бедерленсе, поэзиясына әлеуметтік әуезділік, азаматтық және адамгершілік ауан, пәлсапалық пайым тән. Ол орыстың А.Крайский, П.Арский, А.Безымянский, Д.Бедный секілді пролетариат ақындарымен қоса, орыс символизмінің көрнекті өкілдерінің бірі К.Бальмонттың өлеңін де қазақшалаған.

Сұлтанбек Қожанұлы – әдебиет пен мәдениеттің талғампаз жанашыры. Мысалы, ол Ахмет Байтұрсынұлына “тіл тазартуға тынбай еңбек қылып келе жатқан, амал мәселесін іс жүзінде шешіп, тіл құралдарын жазып, қазақтың ұлт мектебіне негіз қалап, ұлт мәдениетінің түп қазығын мықтап қағуына еңбегімен себеп болған, қазақ ұлт мәдениетінің бірінші қайраткері” деп жоғары баға берген (Ақ жол, 1924 жыл, 3 сәуір). Ал Мағжанның кітабына жазған алғысөзінде: “М.Жұмабайұлының өлеңдері қазақ әдебиетінде үлкен орын алған деп санап басып отырмыз... М.Жұмабайұлының өлеңдері әдебиет тарихындағы соңғы 10-15 жылдағы ағымдарды тексеруге де жақсы құрал бола алады деп ойлаймыз... М.Жұмабайұлы өлеңдерінің тіл жағынан, әдебиет тану жағынан пайдасы көп болады деп сенеміз... Мағжан өлеңдерінің ішінде кез келетін марксизм дүние тануына ұйқаспайтын жерлерін оқушылар көре салып үрікпей, көркемдік жағына, сыршылдық жағына, суреттеу жағына көбірек көз салуы керек, тарихи мәнісіне жете түсінуі керек”, – дейді. Олай болса, С.Мұқановтың Сұлтанбек туралы: “Совет өкіметіне қарсы өлең-жыр жазудан тынбай келе жатқан алашордашыл ақын – Мағжан Жұмабаевтың Қазақстанда бастыра алмаған өлең, поэмаларын 1923 жылы Ташкент қаласында бастырды да, өзі кіріспе сөз жазып, Мағжанды аспанға шығара мақтады; “Алаш” лидері Ахмет Байтұрсыновтың 1923 жылдың күзінде Орынборда құлаған 50 жылдық юбилейін Ташкентте өткізіп, Түркістан республикасының басқарушы газеті – “Ақ жолда” Байтұрсыновты мақтаған мақалалар бастырды, портретін жария­лады...”, – деп жазуында талай сырдың жатқаны белгілі.

Шүкіршілік етеріміз, Сұлтанбек Қожанұлы-ның өзі де жоқтаусыз қалған жоқ. Әкесінің соңындағы мұрасының жарыққа шығуына жанын салып қызмет етіп, әрбір табылған дерекке балаша қуанып, өле-өлгенше бәйек болып өткен туған қызы – топырағы торқа болғыр Зиба апамыздың әңгімелерін есітудің сәті түсті. Сұлтанбектің есімі мен еңбегін жұртқа танытуда зайыбы Гүләндам, профессорлар Ә.Тәкенов пен Т.Қожакеев, тарихшы М.Қойгелдиев, жазушы Б.Қойшыбаев, журналистер Ж.Әлмашұлы мен А.Тасымбеков, деректанушы Р.Сарғожин, өзбек ғалымы Р.Раджапова елеулі еңбек сіңірді. Сұлтанбек

1234
скачать работу

Сұлтанбек Қожанұлы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ