Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сұлтанмахұмыт Торайғыров романдарындағы образдар

; былш насыбай, ішпей мас, әрі нас, елу шамасында жасы бар, қойсақтардың басындай басы бар, жай форымның өзі сұп – суық, бүйі секілді, түксиген, күпсиген, бұқа мойын, өгіз құрсақ, алақан көз, жайын ауыз, дорба сақал, тоқпақ мұрын, бір түрлі нысаналы жануар еді”. [4.216]
Үшіншіден, Феодалдық ғұрыптың барлық тізгінін қолына берік ұстанған ол – елді жеп, қан қақсатып жүрген адам. Елдің оған шығарған бір шумақ өлеңінен де байқауға болады.
Халқыңды қан жылаттың, Жорға Нұрым,
Болдың ғой заманында сорға Нұрым.
Оспан деген жұтқышы тағы шықты,
Бара – бара қайтерсің, қайран күнім. [4.216]
Деп, Нұрым мен оның сыбайластарының жауыздығын әшкерлейтін осы өлеңде халықтың басына төнген ауыртпалықтың мұңылы сарыны байқалады. Ақын Жорға Нұрым бейнесін Қамар арқылы тіпті ашыла түседі. Ол Қалтан мен Оспан арқылы Қамарды ризашылықсыз, күшпен айтырады. Қамардың наразылығымен есептеспей, оны зорлықпен тартып әкетеді. Осындай қым – қиғаш қайшылықтар арқылы ақын әр нәрсенің бетін ашып көрсетеді. Осындай келеңсіз қатыгез алаяқ жауыздардың қолына түскен Қамардай қыздың бүкіл өмірі, қазақ қыздарының басындағы ең бір қиын жағдайда өмір кешкен бақытсыз махаббаттары үшін күрескен жаңашыл жастарды ақын қинала суреттейді. Демек осындай келеңсіз жағдайды біз “Бақытсыз Жамал” романынан да қарастырсақ. Ақын Жамалдың әкесін былай суреттейді. “Жүздеген жылқысы, үш жүздей қойы, дөңгелек шаруасы бар, негізі жұмсақ, момын адам” [6..216]
деп ақын суреттейді. Роман орта шеніне келгенде Сәрсенбай бұрын момын, жуас, қақ – соқпен шаруасы жоқ жан енді билік үшін, байлық үшін неге болса да белін буады деп көрсетеді. Автор Сәрсенбайды қазақ жерінде капиталистік қарым – қатынас дами бастаған тұста билікке ұмтылған жаңа дәуірдің қаһарманы ретінде бейнелейді.
Көркем шығармада кейіпкерге баға беру әр кейіпкерге сай даралау мен жинақтау, кейіпкер мінез – құлықы, жүріс – тұрысының іс әрекеті арқылы автор жан –жақты ашып сипаттап көрсетеді. Сол арқылы көркем шығарманың идеясы ашылып, кейіпкердің мінез – құлқы қарама – қайшылықтары арқылы жазушы тілінің шеберлігін аңғарамыз. Ғалымның пікірлеріне қосыла отырып, көркем шығарманың тілін автордың өзіндік сөз қолданысына сүйене отырып, екі ақынның шығармасын салыстыру – салғастыру арқылы мақаламды ұсынып отырмын.

Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармасының тілі мен көркемдік ерекшеліктеріне ден қоя отырып, ондағы образдар жүйесінің өсу, даму деңгейін қарастыру және тиіптік, жанама образдарды ашуда басқада ақындардың шығармаларымен салыстыра отырып, жан-жақты зерттеу, жұмысымды қарастырмақпын.

Исследовательская работа направлена на всестороннее раскрытие образов оснавных героев произведений С.Торайгырова в сравнении с образами героев произведений других поэтов, а также на исследование особенностей изобразительно- выразительных средств и языка.

The research worh is devoted to the aee – round veve eation jf the imaqes of min heroes in s. Toraiqyrovis worhs in comparison nith the images of heroes in worhs of other poets, and also to the research of pecularities of the representative and expressive means and lanquaqe.

Әдебиеттер тізімі
1. Шалабаев Б. Көркем шығарма тілі және оны мектепте оқыту Алматы, “Мектеп” 1982
2. Қирабаев С. Алматы, “Мектеп баспасы” 2001
3. Аймауытов Ж. Шығармалары Алматы, “Жазушы” баспасы 1989
4. Дүйсенбаев Ы.Т. Сұлтанмахмұт Торайғыров “Жазушы” баспасы 1967
5. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Алматы, “Санат” 1994
6. Міржақып Дулатов “Бақытсыз – Жамал” романы Алматы 1998

12
скачать работу

Сұлтанмахұмыт Торайғыров романдарындағы образдар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ