Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Табиғи орта және адамзат аурулары

ортаны қорғауды басқарудың ғылыми негіздерін әзірлеу;

-қоршаған ортаның жай-күйі индикаторлары жүйелерін қалыптастыру;

-экологиялық аудандастыру;

-жергілікті жерлердегі экологиялық проблемаларды шешу жолдарын әзірлеу;

-ресурс үнемдеуші, қалдығы аз, экологиялық тиімді жаңа технологияларды жасау;

-жаңартылатын биологиялық ресурстардың (орман, су, аңшылық-кәсіпшілік, дәрілік және басқалары)   орнықты өсіп-өнуін қамтамасыз етіп пайдаланудың ғылыми қағидаттарын және технологияларын әзірлеу;

-биологиялық әралуандықты сақтаудың тиімді әдістерін әзірлеу;

-тірі организмдердің бөтен текті және генетикалық өзгерген түрлерінің таралуын талдау және осы процестерді бақылау мен келеңсіз салдарын азайтудың  тиісті әдістерін әзірлеу;

-экологиялық-экономикалық бағалаудың әдіснамасы мен әдістерін әзірлеу, оның ішінде табиғи объектілердің орта құру функциясын ескере отырып құнын анықтау;

-ластанудың алдын алу және жою, қоршаған ортаны оңалту және қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату құралдары мен әдістерін әзірлеу;

-адам аурулары мен қоршаған орта сапасының өзгерістері арасындағы байланысты зерделеу;

-экологиялық мониторингтің қазіргі заманғы әдістерін, сондай-ақ табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқару мақсатында ақпараттық технологияларды әзірлеу және дамыту.

Тұрғындардың денсаулығы олар тұратын аумақтың экологиялық жағдайының интегралды көрсеткiшi болып табылады.

Соңғы он жыл бойы Солтүстiк Қазақстан облысында онкоауру патологиясынан ауру мен өлiм-жiтiмнiң жоғары деңгейi байқалуда.

Қазiргi кезде, «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы шеңберiнде М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк университетiмен тұрғындардың жоғары ауруы себебiн анықтау үшiн, с.i. тұрақты өсу үрдiсi бар онкопаталогиялық, (республикалық және Шығыс Қазақстан облысының көрсеткiштерiмен салыстырғанда) Солтүстiк Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын және аумағын зерттеу жүргiзiлуде.

Анализ СҚО науқастық сан бойынша дем алу органдарының ауруы алда келетiнiн көрсетедi: 100 мың тұрғынға 16 181 жағдай. Оның себептерi әр түрлi болуы мүмкiн. Тұрғындардың дем алу органдары ауруының жоғары деңгейiнiң негiзгi факторы атмосфералық ауаның сапасы болуы мүмкiн. (9 сур.)

9 Сурет. 2006 жылда СҚО тұрғындарының аурулар классы бойынша аурулары (100 мың тұрғынға алғашқы тiркелген аурулар саны

Аурулар классы атауының қысқартылуы 21 кестеде: ИП — инфекциялық және паразитарлық, ЖП — жаңадан пайда болулар, ЭЖ — эндокриндiк жүйенiң, ҚҚ — қан мен қан құйылыс органдары, НС — нерв және сезу органдары, ҚЖ- қанайналым жүйесi, ДО — дем алу органдары, АО — ас қорыту органдары, НЖ — несеп-жыныстық жүйе, ТТ — терi мен терi асты клетчаткалары, СБ — сүйек-бұлшық еттiк жүйе, ТА — туа бiткен аномалиялар, ЖУ — жарақаттар мен уланулар.

Экологиялық ауруларға сонымен қатар қатерлi жаңадан пайда болулар жатады. Жаңадан пайда болулардың басым формалары өкпе, асқазан, терi, сүт бездерi рагы.

Өлiм-жiтiм себебiнiң бiрiншi орнында қан айналым жүйесiнiң аурулары, бiздiң облыс осы көрсеткiш бойынша елiмiзде бiрiншi төрттiкте, көрсеткiш 100 мың тұрғынға 2006 жылы 703,3 құрады, республикалық — 533,1. Екiншi орында — онкоауруларынан өлiм-жiтiм (153,0), үшiншi орында — жарақаттар мен уланулар салдарынан (180,2), төртiншi орында — басқа да себептерден, бесiншi орында — дем алу органдары ауруларынан, бiздiң облысымызда елде ең жоғарғы орында тұр 2006 жылы — 100 мың тұрғынға 99,2 республикалық деңгейде, 53,9 тең.

СҚО тұрғындарының науқастығын аудандар мен Петропавл қаласы бойынша бөлу 10 суретте көрсетiлген.

10 Сурет. 2006 жыл бойынша СҚО тұрғындарының аудандар мен Петропавл қаласы мен аудандар бойынша аурулары (100 мың адамға алғашқы тiркелген аурулар саны, барлық аурулар)

Барлық тұрғындардың ең жоғарғы науқастығы және барлық аурулар классы бойынша 2006 жылы Аққайың және Ақжар аудандарында, оларға бұл көрсеткiш бойынша Тимирязев және Ғ.Мүсiрепов, Уалиханов аудандары және Петропавл қаласы жақын. Осы тұрғыдан ең жақсы аудан — Мамлют, мұнда қайта есептеуде науқастық саны 100 мың тұрғынға 20 237 құрайды.

12
скачать работу

Табиғи орта және адамзат аурулары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ