Талдағыш деген не, оның құрылым принципі
Другие рефераты
Ішкі және сыртқы ортаның алуан түрлі тітіркендіргіштері0 әсерін қабылдауды қамтамасыз ететін жоғары маманданған құрылымдарды сезім мушелері дейді. Сезім мүшелері сезімдік (сенсорлық) жүйенің тек қана шеткі қабылдаушы аппараты. Организмде ол тек сыртқы орта әсерін ғана қабылдап қоймай, сонымен катар ОЖЖ-не ішкі ағзалардың, бұлшық ет пен буынның физиологиялық күйі, дененің кеңістіктегі жағдайы жайлы да ақпарат жібереді. Осымен байланысты И.П.Павлов сезім мүшесі деген сөзді талдағыш (анализатор) деген атаумен алмастыруды ұсынған. И.П. Павловтың пікіріне сәйкес сезім мүшесі тек қабылдаушы аппарат. Ал сезімдік талдау мидың арнаулы құрылымдарының қатысуымен атқарылады. Сонымен, талдагыш деп сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштерін қабыддап, талдау жүргізетін жүйкелік құрылымдардың күрделі жүйесін айтады. Олар қабылдаушы қурылымнан — рецептордан, өткізгіш бөліктен (жуйкелік жолдан) және мидың улкен жарты шарларының қыр-тысында орналасқан орталық бөлімнен турады. Талдағыштар сезім мүше-лерінің орналасқан орнына қарай сырқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы талдағыштардың қабылдаушы аппараттары дистанциялық (алшақтық) экстерорецепторлардан қүралады. Контактылық рецепторлар тітіркендіргішпен тікелей түйіскенде ғана қозады. Оларға тері рецепторлары (ауырсыну, температуралық, жанасу) және дәм сезу рецепторлары жатады
Ішкі талдағыштардың қабылдаушы аппаратгарын интеро (ішкі)-және проприорецепторлар (бұлшық ет, буын байламы, сіңір рецепторлары) қүрайды. Ішкі талдағыштар организмнің ішкі ортасы мен ішкі ағзаларынан түскен сигналдарды қабылдал, талдауға арналған. Олар тек түйісу рецепциясына негізделген.
Эволюциалық даму барысында әрбір талдағыш тітіркендіргіштің белгілі бір түрін қабылдауға бейімделген, сондықтан әр талдағыштың өзіне тән ерекшеліктері болады. Дегенмен, барлық талдағыштарға тән ортақ қасиеттер де бар. Олардың қатарына мыналар жатады.
Жогары сезімталдық қасиет. Талдағыш рецепторларының қозу та-балдырығы төмен болады да, олар үйреншікті тітіркендіргіш әсеріне ете сезімтал келеді.
Арнаулылық, талғамдылық қасиет. Әрбір талдағыш рецепторы тек белгілі бір тітіркендіргіш түрін қабылдауға бейіңділік танытады, белгілі энергия түріне ғана жауап береді. Көру талдағышының рецепторы үшін үйреншікті тітіркендіргіш — сәуле, есту талдағышы үшін — дыбыс толқыны т.с.с. болып табылады. Бірақ талдағыштарда қозу өте күшті тосын (инадекватты) тітіркендіргіштер әсерінен де туындайды. Мұндай жағдайда туындайтын түйсік солғын, көмескі болады.
Әсерлілік (реактивтік) қасиеті. Талдағыштар қозу үрдісі туындап үлгермей түрып-ақ тітіркендіргіш әсерінен өзінің функционал-дық күйін өзгерте бастайды.
Созыяыңқы, жалгасқан әсерге жауап беретін қабілет. Талдағыштар рецепторы тітіркендіргіш өсері қанша уақыт созылса, сонша уақыт оны қабылдап, ол тиылғанға дейін орталыққа сигнал бағыттап оты-рады. Осының нәтижесінде талдағьшггар арқьшы өсер мерзімінің ұзақты, оның сипаты жайлы нақтылы ақпарат алынады.
Сенсибилизация қасиеті. Тітіркендіргіш әсері қайталанған сайын анализатордың сезімталдығы арта түседі, олардың қайталанған әсерді қабылдау қабілеті күшейеді.
Бейімделгіштік (адаптация) қасиет. Тітіркеңціргіш күші мен сипа-тына таддағыш рецепторы қажымай-ақ озінің функционалдық күйін өзгертіл, сезімталдығын төмендетіп жауап береді. Олардың қозғыштық, сезімталдық қасиеті қалпына тез оралады.
Контрастық қубылыс. Түйсік күші нақтылы жағдаймен байланысты өзгереді. Мысалы, толық тыныштық жағдайында өлсіз дыбыстың өзі күшті естіледі.
Туйсік ізін сақтау қасиеті. Белгілі бір түйсік тітіркендіргіш әсері (заттың бейнесі, әуен т.б.) тиылғаннан кейін де біраз уақыт жалғасады. Мысалы, жарқ еткен сәуле оның әсері тоқтағаннан кейін де біраз уақыт сезіліп тұрады.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|