Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Талғат Бигелдинов

типыл қылып өтпек. Талғат дереу жерге хабарлайды: Резеда! Резеда! Мен – Бигелдинов! Осындай да осындай. Жақын маңдағы кез-келген аэродромға қонып, ұшақтар тобын алып шабуылдауға рұқсат етіңіз... Сол арада Талғат аэродромға қонып, жа­нармай құйғызып алады да, әзір тұрған 24 ұшақты бастап барып әлгі мұздай құр­санған танктердің тас-талқанын шығарады. Сонда танктер плацдармға 10 шақы­рымдай жақындап келіп қалыпты. Енді 10 минут кешіккенде батальонды құртады екен... Маршал Коневтің айрықша алғысын алып, ықыласына бөленгені осы жолы еді.

Дәл Жеңіс күні, 9 мамырда соғыстың соңғы нүктесін қою құрметі де қазақ қы­ранының пешенесіне жазылыпты. Сол күні ертемен Талғат комдив Дольченкодан: “Бүкіл эскадрильяңмен Праганың күнгей шетінен жер бауырлап ұшып өт!” деген шұғыл жауынгерлік тапсырма алады. Сөйтсе, қаланың оңтүстік жағына орнығып алған бір эсэс дивизиясы “сөзсіз тізе бүгуді” мойындамай, қарсыласып жатқан көрінеді. Үстерінен қара бұлттай төніп Талғат эскадрильясының болат беренді сұңқарлары шүйіле қаптап ұшқанда жау жүйкесі бырт-бырт үзіліп, қолдарын көтеріп беріле бастады. Оқ жұмсамаған психологиялық әуе шабуылы діттеген мақ­­­сатына осылайша жетті. Сонда құлақтағы радиоқондырмадан: “Молодец, Бигельдинов! Задание выполнено! Возвращайся домой!” деген командирінің саңқылдаған шат дауысын естіген Талғат сұңқарларын соңынан ертіп, соғыстың соңғы нүктесін қойып, Дрезден түбіндегі тұрақтарына жеңіс жалауын желбіретіп оралып еді-ау.

Соғыс біткеннен кейін Талғат Жақыпбекұлы Әскери-әуе академиясында оқып, кеңес армиясындағы бөлімдер мен құрамалар командирі, штаб бастығы мәрте­бесін еншілеткен диплом алып шықты. Әскер қызметінде реактивті ұшақтарды игерумен шұғылданды. Бір жолғы сынақ ұшуы кезінде апатқа ұшырады, алты ай бойы ажалмен арпалысты. Асыл тек бұл ретте де арымады. Екінші топтағы соғыс мүгедегі болса да, бейбіт өмірден өз орнын табуға құлшынды. Фрунзеден лайықты жұмыс бере қоймағасын, онсыз да туған ел, туған жерге бүйрегі бүлкілдей бұрып аңсап жүрген Талғат ағамыз ордалы отбасымен қотарыла көшіп, Алматыға келген. Бейбіт өмірдің де ой-шұқыры соғыстағыдан көп болмаса аз емес қой. Ақыры, Кеңес Одағының Азаматтық авиация бас басқармасына жағдайын айтып хат жазуға мәжбүр болған. Сөйтіп, Қазақстанның Азаматтық авиация басқармасы бастығының орынбасары болуға Талғат Жақыпбекұлының келісімін сұраған сәлем­хат та көп ұзатпай келіп қалды. Иә, әрине, келіседі! Бұл 1956 жыл болатын. Сөз басында айтқанымыздай, Бигелдиновтің маңдайына бұйырған ерекше тағдырдың екінші бір арналы тарауы, аса маңызды саласы осы тұста, туған елінің төрінде бастау алды.

Ол нендей тарау десеңіз, азаматтық авиацияның Қазақстандағы жай-күйі мүлдем нашар еді. Тіптен, республика басшылары Мәскеуге бару үшін сағатына 200 шақырымдық ЛИ-12 ұшағымен әуелі Ташкентке жетеді. Ондағы әуежайда сағаттап сарыла күтіп, билет алып, содан кейін ғана ИЛ-18 ұшағымен Мәскеуге ұшады. Қайтарда тағы солай. Себебі, Алматыда ИЛ-18 ұшып-қонатын асфальтты, бетонды берік алаң жоқ. Бұл жағдайға намыстанбаса Бигелдинов бола ма! Батырлығына баспай тұра алмады. Басшыларға тынымсыз талап қойды. “Мынау сұмдық қой” деді Жұмабек Тәшеновке. Республиканың басқа басшыларына да мән-жайды баяндап, тиісті ұсыныспен шықты. Сөйтіп, көп ұзамай батырдың қамшылауымен, белсенді бастамасымен Үкімет республикада азаматтық авиацияны өркендетудің, оның негізін құрудың жоспарын әзірледі. Құдіреттің бұйрығымен осы тағдыршешті жоспарды жүзеге асырушы да еліміздің бас ұшқышы, бас қыраны Талғат Бигел­динов болғандығына қайран қалудың өзі де қисынға келмес. Оның басшылығымен һәм тікелей қатысуымен ауыр ұшақтарға арналған Алматы аэродромының, ондағы ұшатын және қонатын жолтабанның құрылысы қолға алынды. Жұмыс жоғары сапада, жедел қарқынмен жүргізілді. Жолтабан салу жөніндегі үкімет тапсырмасын мерзімінен бұрын табысты орындағаны үшін 1958 жылдың 18 қазанында Талғат Жақыпбекұлы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Батыр ағамызға Тәшенов сынды атпал тұлғаның қолынан алған осы бір грамота тым ыстық, Батыр Жұлдызынан кем санамайды. Осылайша Алматыдан Мәскеуге тікелей әуе жолын тартудың да бастауында Бигелдиновтің тұрғаны тегін емес, жазмышты нышан демеске лажымыз қайсы.

Осыдан соң-ақ аэродромдар мен ұшып-қонатын жолтабандар салу бүкіл Қазақстан бойынша кең қанат жайды. Талғат Жақыпбекұлы бұл іске асқан жігер-құлшыныспен, жанкештілікпен кіріскені сонша, осы орайда өзіне республика тас жолдар бас басқармасы бастығының орынбасары Леонид Гончаров сынды пікірлестер, әріптестер іздеп тапты, облыстар мен қалалардың басшыларын осы замандық әуежайлар мен ұшақтарды қондырып-ұшыратын алаңдар салуға үгіттеді. Өзі жаңа мамандығын жете меңгеру үшін Мәскеудің инженерлік-құрылыс институтына сырттай түсіп, бітіріп алды. Ұшқыштығына қоса енді құрылысшы да болды. Аэродромдар құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларын жасау­дағы, басқадай шаруаларын реттестірудегі Бигелдинов – Гончаров тандемі аза­маттық авиациямызды дамытуда таңдай қағарлық толымды нәтижелерге қол жеткізді дей аламыз.

Алматыдан соң Балқаштың әуежайын қолға алған. Одан соң Бигелдиновтің басшылығымен Ақмолада, Павлодарда және Гурьев пен Оралдан басқа барлық облыс орталықтарында сол уақыттардың талабына әбден сәйкесетін ұшу-қону алаңдары бар аэродромдар салынды. Қазақстан үшін бұл жағдайдың әрі экономикалық та, әрі әлеуметтік әрі моральдық-психологиялық та маңызы зорлығын айтып жатудың өзі артық. Сондықтан да Талғат Жақыпбекұлын 1963 жылдың 9 ақпанында марапаттаған өз Құрмет грамотасында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы “республикада азаматтық аваицияны өркендетуге белсенді қа­тысқаны үшін” деп айрықша атап көрсеткен болатын.

Осы арада Талғат Бигелдиновке тәңір тарапынан ерекше бақыт бұйырғанын тағы бір қайталап айтпай кете алмаймыз. Ақмола төңірегін зерттеп, тексеріп қарай келгенде әуежай құрылысын салуға барлық параметрлері бойынша Талғат ағаның туған ауылы Майбалықтың маңайы сәйкес боп шықты. Құдай әдейі аэродром салуға арнап жаратқандай! Құрылысын да қыран перзентінің өзі жүргізді. Мәскеуден алғаш ИЛ-18 ұшағы келіп қонғанда Майбалық ауылының кемпір-шалда­рын, келіншектері мен балаларын ұшаққа отырғызып, Ақмола аспанында серуендеткен сері күндер-ай десейші! Еліміздің бас қаласы Астананың әуежайы халқымыздың бас ұшқышы, батыр қыранының ауылына осылай орнаған. Мұны қалай тәңірдің бұйрығы, тағдырдың сыйы демессің.

Бұдан соң құрылысқа құсы түскен Бигелдинов тағы да Үкімет тапсырмасымен Лисаков кен байыту комбинатының құрылысына кірісті, одан соң Жамбыл суперфосфат комбинатын, Алматыдағы Республика сарайын, республикалық кітапхана ғимаратын салды. Осы жылдарда өзінің құрылысшылар ұжымымен барлық облыстарда автодромды автомектептер тұрғызды. Осынау адамның осындай таусылмас қажыр-қайратына кім де болсын тәнті болғандай. Сөйтіп, 1972 жылы шаруашылық органдардағы белсенді жұмысы үшін берілген Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы да көп күттірмеді. Осылайша Талғат Бигелдинов ағамыздың республикаға сіңірген ерен еңбегі, еңбектегі ерлігі майдандағы қыран қаһармандығымен парапар болды деп айта алсақ керек. Өнеге, ғибрат осындай-ақ болар.

Бүгінде Талғат Жақыпбекұлы тәуелсіз елінің өркендеріне қуанулы. Халық құрметіне бөленген. Елбасы да ілтипатынан әсте қалдырмайды. Егемен елінің де марапаттарынан кенде емес. “Отан”, І дәрежелі Даңқ ордендерімен мерейленуі соның айғағы. Ақтөбе Жоғары азаматтық авиация ұшқыштар институты мен Қарағанды республикалық авиациялық училищесіне екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің есімі берілген. Бірнеше қалалардың құрметті азаматы. Ел өмірін қадағалап, үн қосып отырады. Кейбір өкпе-назы болса ішінде шығар, сыртқа шығармайды.

Ерекше тағдыр еншілеген қазақтың осындай текті қыраны болғанына мың шүкір. Қарт қыранға қарап бой түзейтін ұлан-ұрпақтарымыз мол болғай...


Авторы: Қорғанбек АМАНЖОЛ.

123
скачать работу

Талғат Бигелдинов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ