Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Талғат Бигелдиновтің еншісіне ерекше тағдыр бұйырған

өйтіп, ол кездегі ИЛ-2 дегендеріңіз алапат күш-қару саналып, оларды көргенде жаудың үрейі ұшатын.

Атап көрсететін бір жағдай сол, болашақ батырдың ұшу-техникалық даярлығының ғаламат тиянақтылығы мен тыңғылықтылығы. Бигелдиновке берілген сипаттама-мінездемелерден оның қырандық қасиетінің қалыптасқан нышандары бай­қалғандай. “ИЛ-2 ұшағын меңгеруі тамаша. Ұшуды жақсы көреді, ұшқан кезде шаршамайды. Еңбексүйгіш. Үйренудегі ұғымталдығы ғажап. Әуеде сабырлы, се­німмен ұшады” деген бағаларға лайықтылығын ол соғысқа кірген алғашқы күн­дерде-ақ дәлелдейді.

Бір ғажабы, Бигелдинов үшін соғыста үйрену кезеңі, біртіндеп бейімделу мерзімі болған жоқ. Алғашқы шайқастан-ақ жауға жасындай тиді. 292-ші шабылдаушы авиадивизияның бұрынғы командирі, авиация генерал-полковнигі, Кеңес Одағының Батыры Н.Каманиннің куәлігіне жүгінсек, тұңғыш жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде-ақ оның салған беттен нысанаға сәтті шүйілгендігі сонша, бомбалар бензин қоймасына қолмен қойғандай дәлдікпен түсіп, ал екінші мәрте шүйілгенде қару-жарақ қоймасының күлін көкке ұшырып өртеп жібереді. Кәнігі ұшқыштардың өздерінде де мұндай тас-түйін шалымдылық сирек кездеседі екен. Ал, Бигелдинов болса бірден-ақ кемел шеберлікке жеткен. Сорғалап құйылғанда түлкінің ғана емес, арлан қасқырдың да белін үзіп жіберетін қазақ қыранының алғырлық қасиеті осындай болса керек-ті.

Майдандағы қазақ қыраны тынымсыз ұшты. Ол шабуыл соққыларының қапысыз шеберіне, мүлтіксіз мергеніне, өткір жанары қиядағыны шалатын аспан бар­лаушысына айналды. Көк тәңірісі қыран бүркіт десек, сол қанқасап соғыстың аспандағы айқастарының құдіретті қыран бүркіті осы Талғат еді. Келе-келе оны ұрыстарға топтың сардар серкесі етіп салатын болды. Нақ 1943 жылы майдангер ақын Қасым: “Білмеймін, қайда жоғалттым Сескену, қорқу дегенді!” деп тура дәл осы шақта жау аспанында нажағайдай жарқылдап, жасын ойната шаңқылдаған жас қыран інісі Талғатқа арнап айтқандай екен. Жаңағы жарқын тұлға Каманин: “Қазақ халқының осынау даңқты ұлы күрес пен жеңістердің тамаша жолынан өтті. Мен үшін оның марапатқа, офицерлік атаққа ұсынылған қағаздарына қол қою да бір ғанибет болатын еді” дейді. Бұдан біздің қайсар батырдың от кешкен ортасындағы сыйлы-сүйкімділігі де аңғарылғандай.

Үш жүз бес рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып, ұрыс салып майдандасты деп айтуға ғана оңай. Басты гәп жан алып, жан берісе жағаласқан сол жанталастарда жеңіп шығу болса, Талғат соғыста 305 рет жеңіске жетті, жауынан мерейін 305 рет үстем етті. Ерліктің мақсаты әрдайым жеңіске жетіп отыру болса, сол қасиетті мақсат биігіне Бигелдинов мәрттікпен көтеріле білді. Ол жер жастандырған жау саны, талқандаған техника мен жабдық-жарақ, дұшпанды ойрандатқан шығын молая берді. Бір өзі алғашқы он ұшу жорығында-ақ дұшпанның Демьян тобындағы 10 автомәшинесін, 2 зеңбірек, 4 дзотын, 100 шақты гитлершіл мен бір жойғыш-қырғиын құртып жіберген. Сол ерлігі үшін ең алғаш рет Екінші дәрежелі Отан соғысы орденін алды.

Харьковтегі жау аэродромын шабуылдау кезінде жағдайдың аса күрделі қиын­дығына қарамастан, Талғат Бигелдинов зениткалардан жауған қалың оқтың ара­сынан аман өте біліп, жеке өзі фашистік екі истребительді жойып, бірнеше бом­балағышын зақымдап, қатардан шығарды. Осы Харьковтың түбінде өз ұшағы құла­тып түсірілгенде тіршілік тайталасындағы қыңбас қайсарлығы тағы танылды. Жау тылында адаса жүріп, азапқа төзген жаралы сайыпқыран өзін әлдеқашан өлдіге санаған үйіріне қайта қосылып, сауыққан соң шайқас көгінде, сайыс төрінде қайтадан қиқулап самғады, жау көзіне әзірейілдей көрініп, ажал төндірді. “Мені атып түсірген ер кім, соны көрсетіңдерші” дейтін неміс офицерінің сол кездерде Талғаттың өнеріне табынды демесек те, таң қалғаны шындық. Бигелдинов бара-бара ұрыстарға штурмовиктердің үлкен топтарын бастап шығатын болды. Қиян-кескі қатал ұрыстардың от-жалынында шыныға түсті, шайқастағы шеберлігін шар­болаттай шыңдай түсті, шабуыл соққысының нағыз сойқан көкдауыл перісіне айналды. “Ұшатын танк” атандырып, ИЛ-2 ұшағына да дем салып, даңқын шығарушылар осы Талғаттар. Ал неміс солдаттары ИЛ-2-лерге “Қара ажал” деп ат қойған екен.

Соғыста ерлік көрсеткіші жауға келтірілген шығынмен есептеледі. Тек Днепрдің оң жағалауынан плацдарм алу жолындағы ұрыстарда ғана Т.Бигелдинов 10 танкті, 32 автомәшинені, 18 атарбаны, 8 зеңбіректі жоқ қылып, 180 неміс солдатын жер жастандырды, әскери қоймаларда жойқын өрт шығарды. 1943 жылдың жел­тоқсанында Талғаттың звеносы Шевченко қаласы маңында 16 истребитель қорғаған, әскер, техника мен қару-жарақ әкеле жатқан үш эшелонды талқандап, жау ұшақтарының үшеуін құлатты. Жол істен шығарылып, пойыздар қозғалысы тоқтап, соның нәтижесінде дұшпанның белгілеген қарсы шабуылын болдырмай тастады.

Айта берсе, мұндай мысалдар көп. Жермен-жексен етілген танк колонналары, автомәшинелер керуені, қару-жарақ пен бензин қоймаларында қисап жоқ. Бұл ғажап ерліктердің барлығы Талғат аға штурмовигі фотоаппаратының суреттерінде паш етілген, Ұлы Отан соғысының жәдігерлі шежіресіндегі өлмес, өшпес жырдай қатталып сақталған. Күллі адамзаттың жан-жүрегіне алапат жара түсірген сол қанды қырғын, қияпат соғыста неше неміс өлтіріліп, қанша паровоз бен қару-жарақ қоймасы қиратылып, неше “мессершмит” атып түсірілгенінің дәл есебіне бәрібір жете алмаспыз. Оны тізбелей бергенмен, ерлік киесін солдаттың ғашық жары жолдаған кестелі орамалдың шетіне сусардай түйе де алмаспыз. Бізге де Бигелдиновтің қанша жауды өлтіргені қызық емес, сол арқылы қанша отандас бауырларының өмірін сақтағаны қымбатырақ. Қыран ерлігінің ұрпақ жатқа айтар өмір жырына айналуы да сондықтан болар.

Сол жырдан бір мысал келтірсек, 144-ші гвардия авиаполкінің ардагері Я.Шапочка Талғат ағамыз жөнінде былай деп тебіренеді: “Біздің әуе армиясында Бигелдинов ең сайыпқыран ұшқыш-штурмовиктердің бірі деп саналды. Ол полкымыз үшін ғана емес, сонымен бірге дивизия, корпус және бүкіл әуе армиясы үшін және тіпті жаяу әскер бөлімдері үшін де барлау жүргізді. Мен нақ осы Талғат Бигелдинов басқарған барлау эскадрильясының ұшақтарын ұшуға дайындағанымды мақтаныш етемін”.

Иә, алып-қосары жоқ риясыз сезім, батырға деген ізгі ілтипат осылай ақтарылған. Айлар өте берді. Талғат Воронеж, Далалық, 2-ші және 1-ші Украин майдан­дарындағы шайқастарға қатынасты. Ерлік қимылдары ұлғая берді, батырлығы мен батылдығына ешкім талас тудырмады. Соғыс жылдарында ІІ дәрежелі Отан соғысы, екі мәрте І дәрежелі Отан соғысы, екі рет Қызыл Ту, Александр Невский, ІІІ дәрежелі Даңқ, “Қызыл Жұлдыз”, “Жеңіс” ордендерімен, Поляк Әскерінің “Алтын Кресімен” марапатталып үлгерді. Абайша толғасақ, сүйінерге жарар ұлды елі де сүйді. 1944 жылдың 26 қазанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Талғат Бигелдиновке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, ал 1945 жылдың 27 маусымындағы Жарлық оның төсіне екінші Жұлдызды жарқырата тақты. Бүкіл соғыстың өн бойында жау жайлаған жерлердің аспанында жалпы жиыны 500 сағаттан астам ұшқанда бір де бір рет бағытынан жаңылып көрмеген бағдаршыл болжампаз да біздің Бигелдинов болып шықты. Бірінші Украин май­данында 420 жауынгерлік ұшуды шығынсыз атқарған оның эскадрильясы полкта бірінші орынды ұстап тұрды. Оның жауынгерлік іс-қимылының асқан тиімділігі мен пәрменділігін 158-ші истребительдер авиаполкының командирі, Кеңес Одағының Батыры, гвардия майоры Н.Лощак, 152-ші гвардиялық истребительдер авиаполкының командирі, екі дүркін Кеңес Одағының Батыры, гвардия майоры С.Луганский растап айғақтады, фотобақылаулар куәландырды. Оған Батыр атағы берілуін даңқты қолбасшылар, армия генералы Р.Малиновский мен маршал И.Конев және басқа сардарлар қызу қуаттап қолдады.

Алғашқы Батыр атағына ұсынылған құжатта Талғат ағамыздың ұрыстағы қаһар­мандығы неғұрлым дәлірек сипатталған деп ойлаймыз. Онда былай деп көр­сетілген: “Бірінші гвардиялық шабуылдаушы авиакорпустың 800-ші полкының құрамында Калинин, Воронеж, Далалық және 2-ші Украин майдандарындағы ұрыстарға қатыса отырып, 155 жауынгерлік ұшу жасады. Өзі басқаратын эскадрильясымен 1670 жауынгерлік ұшуды орындап, бірде-бір рет бағдардан жаңылмады, өз әскерлеріне жаңсақтан соққы жасау оқиғасын болдырмады. “Круг” ұрыс тәртібімен жауға соққы жасау жөніндегі тактикалық тәсілді тамаша меңгеріп, неғұрлым тиімді әрі шығынсыз шабуылды қамтамасыз ету үшін өз ұшқыштарын осы тәсілге күнделікті үйретіп отырды.

Сәтті орындалған 155 жауынгерлік ұшуда көрсеткен ерлігі мен жаужүректігі, жаудың бес ұшағын атып түсіргені үшін, Александрия, Знаменск, Кировоград қала­ларын азат ету жолындағы шайқастарда қаһармандық танытқаны үшін, біздің әскерлердің мемлекеттік шекараға шығуы кезіндегі ұрыстарға қатысқаны үшін, дұшпанның адам күші мен техникасына ойсыратқан үлкен шығын келтіргені үшін – Кеңес Одағының Батыры атағына лайық”.

Соғыс жылдарының сарғайған парақтары осындай ерлік сырларын шертеді. Екінші Жұлдызға ұсынылған сипаттамада да жеке өзінің қаншама ұрыс техникасы мен жау әскерін жойғандығы жөнінде бұлтартпас деректер келтірілген. Бұл жолы да Львов-Сандомир операциялары кезінде жеке өзі және топ бойынша 420 сәтті жауынгерлік ұшуларда көрсеткен ерлігі мен өжеттігі және Висла, Шпрея, Нейса өзендерінен өтуді қамтамасыз еткендігі, осынау сайыпқырандықтың батыр атағына әбден лайықтылығы атап көрсетілген.

Талғат Бигелдинов аспан шайқастарының саясат-сырларын, ұңғыл-шұңғылын жете меңгерген саңлақ болды. Польшаға кірген уақыт. Бір батальон Висла өзенінің ар жағына өтіп, Сандомир қаласы тұсынан шағын плацдарм алып бекініпті. Немістер қайткен күнде де осы плацдармды құртуды ойлайды. Талғаттың бір әдеті, барлауға түнгі уақытта шығатын. Бір жолы таң атып қалған кезде алыстан бұрқылдаған шаңды көреді. Анықтап қараса, 40 шамалы танк соқтыртып келе жатыр. Біздің плацдармдағы батальонға 50 шақырымдай қалған. Жетсе болды, тып-типыл қылып өтпек. Талғат дереу

123
скачать работу

Талғат Бигелдиновтің еншісіне ерекше тағдыр бұйырған

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ