Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Таным философиясы. Ғылыми таным әдiснамасы

ық, “инсайт”

Жаңа идеяның “тууы”, ғылыми

жаналық ашу

Жаңа нұсқаны iсте тексеру,

оны еңгiзу және жетiлдiру

Верификация (анықтау) Нәтижелердi логикалық өндеу,

теориялық хаттау (оформление)

4. Бiлiм бұл еске түсiру.  Платон.

Бiлiм- күш. Бэкон.

Бiлiм- ең бiрiншiден танымның нәтижесi, бұл процесте адамның дүние туралы түсiнiктерi қалыптасады, ұғымдар қалыптасады, адам құбылыстар жайында өз пiкiрiн айтып, объетивтi дүниенiң идеалды моделiн, үлгiсiн жасайды,  гипотеза немесе теория ретiнде. Бiлiм адамның практикалық қызметiнiң негiзi, оның тиiмдiлiгi (эффективность) қаншалықты адам нақты дүниенi барабар (адекватно) бейнелейтiне байланысты болады.

Әдеттей бiлiмнiң үш түрiн анықтайды: түрмыстық (күнделiктi), көркемдiк-бейнелi, ғылыми. Бiрiншiсi, адамның ақыл ой парассатылыға, зерделелiгiне негiзделген бiлiмдер. Күнделiктi тұрмыста алынған бұл бiлiмдер жиi саяз болып, қорщаған әлемде тез үйрену үшiн, тапқырлығын көрсетiп, басқа адамдармен қарым-қатынас орнату үшiн қажет. Екiншiсi, нақты-сезiмдiк бейнелер жиынтығы, көпмағыналы метафоралар мен символдардың жүйесi, бiр құбылысты екiншi құбылыс арқылы түсiндiру. Ол өзiнiң ерекше құралдарымен адамға әсерiн тигiзедi, оның қиялдарының дамуына әкеледi, эстетикалық және өнегелiлiк құндылықтарың қалыптастырады. Үшiншi, ғылыми бiлiм ұғымдардың реттелген жүйесi болып табылады. Ол жоғарғы деңгейдегi жалпылығы мен және абстракцияланау мен, фактiлердi терең түсiну мен зертелетiн объектiнiң табиғатына терең бойлаумен (проникновением) ерекшеленедi. Ғылыми бiлiмде объектiлер арасындағы себеп-салдық қатынастар және олардың даму заңдылықтары нақты  айқындалады. Ғылыми бiлiм жүйелердiн дамуының нәтижелерiн айқын да, дұрыс та болжауға мүмкiндiк тудырады.

Таным теориясында дихтомия “нақты және нақты емес бiлiмдер” де орын алады. Нақты бiлiмдер тiлде ұғымдар мен пiкiрлер арқылы көрiнедi, индивид оны түсiнедi және оны онай айыруға болады (эксплицитировать). Бұл бiлiм объективтендiрiлген, интериориалған, әлеуметтiленген юолып келедi. Оны практикалық және теориалық әрекетте онай қолдануға болады, өйкенi ол рационалды, мәлiмденген (декларативно) және процедуралық болып табылады: нақтылық туралы белгiлi бiр мәлiметтердi бар болуымен шектелмейдi, сонымен қатар объектiнi қалай және қандай ғып өзгертуге болады. Нақты емес бiлiмдер (неявные) рефлективтi болып келедi. Бұл жеке тұлғалық бiлiм, тiл арқылы жеткiзiлмейдi. Бұл бiлiм жанама түрде берiлмейдi, оны тек сол бiлiмнiнң иесi мен тiкелей байланыс орнатып қана алуға болады. Нақты емес бiлiм шеткiшекаралық бiлiм, ол саналық пен санасыздықтың шекараларында орналасады. Ол тұлғалық бiлiм болып шығады, оның мәнiн белгiлi бiр адамдар қауымдастықтарына тән келетiн, тұлғаның жұрыс-тұрыс моделi болып табылады (архетиптер т.б.). Нақты емес бiлiм қарапайым сананың негiзiнде жатыр, көп жағдайда адамның тiршiлiгiн айқындайтың.

Бiлiмдi ұстаным-пiкiрден (мнение) айыра бiлу қажет. Өйткенi, ұстаным-пiкiр бiлу мен бiлмеудiн аралығында орналасқан бiрдене. Егер бiлiм белгiлi бiр тарихи қиырларда (предел) тұрақты болып келсе, пiкiр қысқа мерзiмде өзгерiп отырады. Егер бiлiм нақтылықпен, растылықпен байланысты болса, пiкiр- нақты емес, рас емес те болады. Дихтомия “бiлiм-пiкiр”  антика кезенiнде басталды, оны екi түрлi тәсiлмен дәлелдеуге болады. 1) пiкiр (шынайы емес бiлiм ретiнде)  адамға тән деп есептелдi, өйткенi оның танымдық мүмкiндiктерi шектеулi. Бiлiм шi, тек мүмкiндiктерi шексiз,     құдайларға тән. 2) болмыс пен бейболмыс қарама-қарсы қойылатындай, бiлiм мен бiлiмсiздiк те қарама-қарсы қойылады. Пiкiр бiлiм де, бiлмегендiк те емес, ол екеуiнiң арасындағы орналасқанның өзi. Бұл-өзгермелi, жаңа қалыптасып келе жатқан бiлiм. Платон: “пiкiр қалыптасуға қатысты, аойлау- мәңге қатысты. Және қалай пiкiр қалыптасуға қатысты болады, солай ойлау пiкiрге қатысты” . Қазырғы заманда, екiншi тәсiлге жақын, бiлiм- растылықпен теңдестiрiледi, пiкiр- расталған емес, дәлелдеудi қажет ететiн мен. Пiкiр- сезiнбегенiшкi тәжiрибенiң, индивидуалды тұлғалы бiлiмнiң, интуицияның салдары болып табылатын субъективтi сенiмдiлiкке негiзделген болып келедi. Сондықтан да, бiр объектiге қатысты әр-түрлi пiкiрлер айтылу мүмкiн. Пiкiр үнемi тұлғалық “түсте” , сипатта болады. Ол, әлi өзiнiн объективтiлiгiн таппаған, субъективтi көзқарас,  субъективтi баға деп қаралады.

Философияда дихтомиядаң басқа да “бiлiм-сенiм”  деген антитеза бар. Сенiм дегенiмiз не, оның бiлiмнеңн айырмашылығы неде? Гносеологиялық көзқарас бойынша сенiм- эмпирикалық және рационалды дәлелдеменi қажет етпейтiн, белгiлi бiр жайды (положение) қабылдау.

Адам “Мен ананы, мынаны бiлемiн” деп бекiткенде- бұл, айтқаның растылығы эмпирикалық жолмен дәлелденген, немесе бұрын расталынып айтылған негiздерге сүйенiп отырған белгiлi бiр пiкiрлердiн салдарың бiлдiредi. Егер айталған жайында бiреу күмәнданса, оны тексеру арқылы жоюға болады. Бiрақ мұнда келесi мәселе туады: егер рационалды қайта-қарау (переработка) барысында алынған бiлiм басқа бiлiммен дәйектелген болса, онда алғашында алынған бiлiм өзi де басқа бiлiммен дәйектелiну керек. Басқаша айтқанда, әр бiлiмнiң нақты расталған дәйектемесi басы болу керек. Бiрақ бұл “бастаманы” қалай дәйектеуге болады? Оның дәйектiлiгiн растайтын не болады? Жауап бiр: бұл “бастаманың” растылығын тек “бастаманың бастамасы” дәлелдейдi. Солай ол шексiздiкке кетедi. Бұл шексiз процестi тек белгiлi бiр, алдын-ала расталмаған “бастаманы”  мойындау арқылы ғана шешуге болады, оңы сенiмге алып. Сонда, егер бiлiмнiң  растылығына күмәндәнуға болу мүмкiн десек және оны дәйектеу процестерi арқылы жойюға болады (ол сынға зерек “восприимчивый”) десек, онда сенiм оның ахуалдарың (положения) еш күмәнсiз қабылдауды қажет етедi, мүмкiн болатын күмәндәрдiң өзiн алып тастап, еш сынды қажет етпейдi. Мұнда сенiм бiлiмге қарама-қарсы болып келедi. Тағы бiр олардың айырмашылықтары, сенiм адамның тiршiлiгiнiн эмоционалды-психологиялық мағыналы мәтiне (контекст) өте тығыз байланысты.

Мәселе: “Мен ештене бiлмейтiнiмдi бiлемiн”  деген нақыл сөз (афоризм) бәрiне де жақсы белгiлi.

Бұл қағида не болып табылады: бiлiм, пiкiр немесе сенiм бе? Өз жауаптарынды дәлелдендер.

 

Сенiмнiң гносеологиялық түсiнiгiнен басқа түсiнiктерi де бар, онда бұл рухани феномен дiни көзқарастардың негiзi ретiнде қаралады бұл жағдайда сенiм дiни (догмаларды) қасаң қағидаларды мойындау, Құдайға берiлiп қызмет ету, дiни жол-жораларды бұлжытпай орындауды бiлдiредi. Дiни сенiмдер адамның өзiндiк мүдделерiмен, оның өнегелiлiк сезiмдерiмен және эстетикалық ұайымдарымен байланысты; ол бiлiмнiң ақиқаттылығына индифференттi.

Сенiм адамның бүкiл өмiрiнiң серiгi. Адамның мақсатталған әрекеттерiнде: еңбек құралдарың жасауда, олармен жұмыс iстеуге үйренуде, ол үнемi еңбектiн жақсы нәтижесiне, оның практикалық құндылығына сенедi.  Адамның “заттық әлем” бар дегенге сенiмi, ол көп түрле деген сенiмi, оны танып бiлуге итермелейдi, өз болмысын жақсартып, игiлiгiне жаратуға мүмкiндiк бередi. Сенiм ғылыми танымның да элементi болып табылады. Бiлiмнiң бастамасы ретiнде кейбiр жайларды сенiмге алу қажет. Математика үшiн бұл- аксиомалар, физикада- қағидаттар (постулаты), гуманитарлық бiлiмде- алғы шартты жүйелер (аксиомалардың бастамасы ретiнде Евклидтiң классикалық геометриясы Ньютонның классикалық физикасына сәйкестелiнедi; ал Лобачевский, Больяи, Риманның аксиомасы- евклидтi емес геометрияға әкелiп, Ньютонның классикалық емес физикасына сәйкестелiнедi).

Таным процесiнде адам әр-түрлi бiлiмдер алады, бiрақ ол әрдайым не бiлетiнiң түсiнеме ? Мысалы, әр адам телевизордың пультiнiң қай кнопкасына басу керек екенiң бiледi, ал әр адам бұл дистанционды процесс қалай өтетiнiң бiлеме? Немесе студен белгiлi бiр қағиданы жаттап алып, оны практикалық жұмыста қолдана алмайды, өйткенi ол оны түсiнбейдi.  Және кейбiр жағдайларда “түсiну” терминiң кейбiр бiлiмдерге қатысты қолданған орынсыз, мысалы адам өз қаласын, тұратың көшесiн т.б. жақсыбiле алады; бiрақ мұнда бiлiм туралы айтқан жөн бе?

Соымен, “бiлу” және “түсiну” дегенiмiз бiр ұғым емес. Түсiну-бұл ең бiрiншiден мәнге терең үнiлу, ол бiлiмге әкеледi. Ал мәннiң өзiн түсiну әр қилы болып келедi, көркем бейненi түсiну, ғылыми текстi түсiнуден айрықша. Түсiну- дегенiмiз бұл процесс те, сол сәтте бiрдененiң мән-мағынасын тану да. Түсiнудiң мұндай анықтамасы оны екi тұрғыдан қарастыруға мүмкiндiк бередi: 1) табиғи және (формальное) нысаншылдық тiлдердi логикалық және семантикалық тұрғыдан түсiну дi бiлдiредi, бұл аналитикалық философияға тән, жалпы әленiң модельдерi арқылы; 2) текстер мен мәдени құбылыстарды түсiндiру процедурасымен байланысты, оның мақсаты шындық дүниенi және адамның танымының ерекшелiктерiн

12345След.
скачать работу

Таным философиясы. Ғылыми таным әдiснамасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ