Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тәрбие әдістері

ың қосымша еңбектенуінің қажеттігі (қол ұшы жəрдем беріп, ынтасын көтеру); тұлғаны күйзеліске келтіретін кемшіліктер (тəн-денелік, психикалық, арақатынастық); білім жəне тəжірибе жетіспеуі; - объектив (əлеуметтік) «Олар» - кедергілер: (əлеуметтік орта – мұғалімдер, əкімшілік, дос-жарандар, құрбы-қатарлар, отбасы жəне басқалар).
- материалдық кедергілер (отбасының қаржылық жағдайы жəне т.б.).
6. Тəрбие əдістерін таңдау
Тəрбие əдістерін таңдау – күрделі проблемалардың бірі.
Тəрбиешінің кəсіби қызметтерін орындау барысындағы тəрбие əдістерін таңдауы əрі оларды пайдалануы көптеген қалыптасқан шарттар мен мүмкіндіктерге тəуелді. Мұндай шарттар түрі: ниеттелген тəрбие мақсаттары мен міндеттері; тəрбиеленушілердің жас жəне даралық ерекшеліктері; тəрбие мезеті; шəкірттердің қызығулары мен қажеттері; оларды қоршаған əлеуметтік жағдайлар; тəрбиеленуші қатысқан топтың қалыптасу деңгейі; күтілген нəтижелер; тəрбиешінің өз басы мүмкіндіктері.
Тəрбие əдісін таңдау негізінде тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы гуманистік қатынас болуы шарт. Қолданылатын əдістердің тиімділігі келесі жағдайларға байланысты: таңдалған əдістің шынайы əрі нақты шарттарға сəйкестенуі; əдісті қолдану мезетіндегі тəрбиеленушілердің психологиялық қалпын кəсіби көрегендікпен сезе білу; əрқилы тəрбие əдістерін өзара үйлестіре пайдалану; таңдалған əдісті тəрбие шараларымен толықтыра түсу; əрбір əдісті қисынды нəтижеге жеткенше орынды пайдалану.
Тəрбие əдісін таңдай отырып, тəрбиеші əрбір тəрбиеленушіге өз жасампаздық іскерлігін жүзеге асыруға, даралық шығармашылығын танытуға, табыс көздерін іздестіре білуге, нəтижелерді болжастыруға, көзделген мақсатты іске асыруға толық мүмкіндік беретіндерін пайдалануға ұмтылуы қажет.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Тəрбие əдіс, тəсілдері мəнін қалай түсіндірер едіңіз?
2. Тəрбие əдістері қалай топтастырылады?
3. Əміршіл-əкімшіл жəне гуманистік педагогикадағы тəрбие əдістері жүйелерінің айырмашылығы неде?
4. Үлгі-өнеге əдісінің мəні қандай?
5. Тəрбие əдісін таңдауда қандай шарттарды ескеру қажет?

12345
скачать работу

Тәрбие әдістері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ