Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ташкент

да-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімдер.

Бұл құжаттар туралы айтқанда – Орталық Азия аймағындағы халықаралық қатынастардағы ғана емес, әлемдік дипломатиялық практикадағы бірегіей құжат – Мәңгілік достық туралы шартты бөліп айту керек. Бұл шарт Қазақстанның Өзбекстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастығының құқықтық берік іргетасын қалады.

Екі елдің тауарларын әлемдік нарыққа шығаруға жол ашатын Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту және Еуропа-Кавказ-Азия  көлік дәлізін, сондай- ақ Трансазиялық теміржол және автомобиль арналарын пайдалану Өзбекстанмен ынтымақтастықта перспективасы мол бағыттар болып табылады.

Дегенмен, қазіргі уақытта интеграциялық процесс қиыншылықтарды бастан кешіруде. Біртұтас экономикалық кеңістік құру Шартының алдына қойған мақсаттары әлі табысқа жетпеді. Шын мәнінде осы жылдар ішінде аймақ елдерінде өзін-өзі басқару процесі байқалды. Су, энергетика, газ, көлік кешендері салаларында өзара әрекеттестікте проблемалар сақталып отыр.

Өзбекстан арасында тауар айналымы жылдан-жылға кеміп келеді, бұл экономикалық байланыстардың қарқынының дәрежесінің айқын көрсеткіші болып отыр. Аймақта мәдени, ғылыми және салаларында байланыс кеміп барады. Шекарадан тауар өту жосығы қиындап отыр. Осындай оқиғалардың дамуының күрделенуіне көптеген себептер жиынтығы болып отыр.

Мысалы:

Өзбекстан мен Қазақстан өзінің саясаттағы басымдылығын даму жағына көшірді, әлемнің дамыған елдері АҚШ, ЕСпен, сондай-ақ Ресеймен қайта қатынас орнатуға мәжбүр болды.

Аймақ мемлекеттері арасында бірқатар шешілмеген мәселелер, ең алдымен су ресурстарын және шекараны бөлісу сияқты мәселелер интеграциялаудың даму қарқына әсерін тигізбей қоймады.

Алайда экономиканы басқаруға қатысты екі мемлекеттің көзқарастарындағы айырмашылық сияқты фактор екі жақты қарым-қатынастардың сипатына объективті түрде әсер етеді. Егер Қазақстан үзілді-кесілді ырықтандыру бағытына көшсе, Өзбекстан бұрынғысынша басқарудың орталықтандырылған тәсілдерін ұстанады. Бұл, әрине, экономикалық ынтымақтастық саласындағы туындайтын мәселелер ді шешудегі көзқарастарға ғана  әсер етіп қоймайды, сонымен бірге өзара сауда ауқымына ықпал етеді.

2000 жылы сауда көлемі 1999 жыл салыстырғанда 3 пайызға ұлғайды, ал 2005 салыстырғанда 8 пайызға ұлғайды.

 

 

 

Қазақстан       мен     Өзбекстан,       Ортаазияның       экономикалық  қоғамдастығындағы қауіпсіздікті нығайтудағы рөлдері.

Азияда көптеген шиеленіс ошақткары өмір сүруде, соғысқұмарлық үдерісі жалғасуда, ядролық қаруды қоса есептегенде жаппай қарулану, қарулы күштерді айырықша тығыз топтастыруда. Тұрақсыздықтың ең жоғарғы деңгейдегі қайпі туралы әңгіме өтуде. Азия біртұтас географиялық жоспарда геосаясидің ондай мәнінде болмай тұр. Міне, сондықтан көптеген батыс аналитиктері үшін Орталық Азия аймағы қақтығыс, тұрақсыздық мүмкіндігі мол және қауіпті аумақ болып табылады. Мұндай қауіптіліктің жиі болуын дәлелдейтін мына жәйттер:

1.     ислам фундаментализмінің әсері және рөлінің артуы

2.     пост кеңістікте ықпал бөлісу көзқарасында Орталық Азияда ірі геосаясаттық топтардың мүдделерінің біртекті еместігі

3.     саясатта этноцентризнің және осыған байланысты ұлтаралық қатынастардың шиеленісу мәселелерінің бой көтеруі

4.     трайбализм, рушылдық, жерлестік туысшылдық сияқты қарама-қайшылықтардың өсуімен себептелген ішкі ұлттық мүдделер жағдайлары.

Қазіргі халықаралық қатынаста әрбір Ортаазия мемлекетінің салмағы оның экономикалық және демографиялық әлеуетімен, географиялық жағдайымен, басқа елдермен қарым-қатынасымен, алдымен көршілерімен аймақтық және жан-жақты халықаралық ұйымдарда қандай рөл атқаратындығымен анықталады.

Орталық Азия аймағы табиғи ресурстарға өте бай және экономикасы, ғылыми-техникалық әлеуеті жете дамыған. Аймақтың стратегиялық маңызы зор, әлемдегі сегіз ядролы елдің екі елі Ресей және Қытаймен шектеседі. Және Иран мен Ауғаныстан арқылы Парсы шығанағына және Үнді мұхитына шыға алады.

Қазақстан мен Өзбекстан халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретінде өмір сүрудің бірінші күнінен бастап-ақ әлемдік қауымдастықта халықаралық қауіпсіздікті нығайтуды күшейтуге кірісті. Олар бір уақыттан бері Еуропалық (еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы – ЕҚЫҰ (ОБСЕ), Солтүстік Атлант ынтымақтастығының кеңесі – САЫК (САСС), Еуропа жаңғыру және даму банкісі) және Азиялық (экономикалық ынтымақтасу ұйымы – ЭЫҰ (ОЭС), Ислам конференция одағы, Азиялық даму банкі, Исламдық даму банктердің) аймақтық халықаралық ұйымдары мен банктерінің мүшелері болып табылады.

1992 ж. 9-қазанда-Бішкекте Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан әскери қауіпсіздік Консепциясы туралы келісімге қол қойды. Бұл ел басшылары өз елдерінің дербес бір-біріне тәуелсіз дамудың алғашқы үш жылында экономикалық қатынаста ғана емес, сондай-ақ қорғаныс саласында, аймақтың қауіпсіздігін нығайту ісінде де барлық жағынан ұқсас көзқараста болды. 1994 ж. 8 шілдеде үш Ортаазиялық мемлекеттерінің интеграциясын ары қарай ілгерілету мақсатында ел президенттері әскери техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осы құжат негізінде Қорғаныс Министрлік Кеңесі құрылды, оның басшылығымен әскери ынтымақтастықтың нақтылы ұсыныстары әзірленеді.

1995 ж. 15 желтоқсанында Жамбылда өткен, мемлекетаралық мәжілісінде осы мемлекеттің Қорғаныс Министрлерінің Кеңесінің қағидасы бекітілді. Осыған сәйкес Қорғаныс Министрлер Кеңесі мемлекетаралық жұмы органы ретінде аймақтық қауіпсіздік, өзара әрекеттестік қорғанысы салаларында және әскери ынтымақтастықта барлық мәселелерді қарайды. Ең соңында ол оперативтік және әскери дайындықтың әуе күштеріне қарсы қорғанысты, қару-жарақ сондай-ақ т.б. бағыттардағы жұмытарды үйлестіреді.

Қазақстан, Өзбекстан ұлттық, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мына бағыттарға күш-жігерін жұмсайды және үйлестіреді:

-                           жеке қорғаныс жоспарында – ұлттық қорғаныс күштерін құру және нығайту;

-                           ұйымдық қорғаныс жоспарында – ТМД шеңберінде қауіпсіздіктің ұйымдық жүесін құру;

-                            еуроортаазиялық қауіпсіздік жүйесін құру жоспарында - әскери саясатты және әскери ынтымақтастықты, сондай-ақ ОБСЕ мен НАТО-ға қатынасушы – мемлекеттердің бейбіт – шығармашылық қызметтерін үйлестіру

-                           азиялық қауіпсіздік жүйесін құру жоспарында - өзара әрекеттестікті және азия елдерімен сенімшілдік шараларын нығайту;

-                           ғаламдық қауіпсіздік жүйесін құру жоспарында – БҰҰ-ның барлық мүшелерімен, алдымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің барлық мүшелерімен ынтымақтасу.

Қазақстан, Өзбекстанның ОБСЕмен ынтымақтастығы олардың қауіпсіздігін, егемендігін және аумағынаң тұтастығын, экономикалық және әлеуметтік өрлеуін, құқықтық, демократиялық және саяси институттардың ілгерілеуін, адам құқығын және ұлттық азшылығын сақтауын нығайтуға бейімдейді.

Бұл қатынаста мемлекетаралық өзара қатынасты нығайту – үйлесімді рөл атқарады, бұл алдымен посткеңестік мемлекеттер аралық Хельсинкте қабылданған Қорытынды актіде баяндалған белгілі он қағидаға негізделген ОБСЕ-нің қағидалары мен нормаларын посткеңестікке толық және жан-жақты енгізу, Азия мемлекеттеріне, ең алдымен көршілес Орталық Азияға мүдделі ықпал ететіні сөзсіз.

Қазақстан, Өзбекстан әскери қызметкерлеріне НАТО-ға қатынасушы елдердің әр түрлі әскери-оқу орындарына есік ашылды. Аймақ елдерінің НАТО-мен ынтымақтасуының шарықтау сәті 1995ж. тамызда  Луизиана штатында өткен халықаралық тәжірибе – жаттығуы болды, онда АҚШ, Канада әскери бөлімдерімен қатар кейбір Ортаазия мемлекеттерінің бөлімшелеріде қатынасты. Ортаазия ынтымақтастығы ұлттық Қарулы Күштерінің аяғынан нық тұруына, әзірге НАТО-ға қатынасушы үш мемлекет: АҚШ, Германия, Түркия ғана көмек көрсетуде. Бұл мемлекеттер аймақ елдерімен дипломатиялық қатынас орнаған бірінші күннен бастап екі жақты әскери ынтымақтастықтың әр түрлі нұсқаларын және формаларын ұсынды, нәтижесінде олардың тарапынан шет тілдерін үйренуге, әскери білім және қазіргі заманғы қарулы күштердің қағидаларын оқып үйренуге ықпал етілуде.

Сонымен, Ортаазиялық мемлекеттері одағының НАТО-мен ынтымақтастығы ТМД шеңберінде ұйымдасқан қауіпсіздікті нығайтуға ешқандай бір залал бағытталмағанын, қайта, ол тұтасымен алғанда еуро-Ортаазиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бейімделген.

   1996 ж. 28 ақпанда қабылдағын Алматы декларациясының аймақтың бес мемлекеті басшыларының кездесуі қорытындысында Өзбекстанның Орталық Азияда ядросыз аумақ құруы туралы бастамасын бәрі бір

123
скачать работу

Ташкент

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ