Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тауардың қасиеттері

ормасы болмағанмен, пайдалы мәні бар, адам іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Тауарлар материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін.

Тауардың екі қасиеті бар:

-      қандай да бір адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті, мән-мазмұн ерекшелігі;

-      басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.

Тауар қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Ал, өндірушінің өзін ол басқа тауарларға айырбастала алатындығы үшін ғана қызықтырады.

Тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа тауарларға айырбасталу алу қасиеті айырбас құны деп аталады. Айырбас негізінде не жатыр және бір басқа тауарға айырбасталуының сандық пропорциясын не анықтайды деген сұрақты алғаш Аристотель қойды. Кейіннен әр түрлі экономистер оған түрлі жауап берді.

Еңбек –құн теориясының жақтаушылар пікірлерінше айырбасталынатын тауарлардың құнын анықтайтын еңбек шығындары түріндегі ортақ негіздері болады. Шекті пайдалылық теориясын қолдаушылар пікірінше, айырбас негізінде пайдалылық жатыр. Шығындарконцепциясының өкілдері құнды шығындарға теңестіреді.

К.Маркс өзінің ғылыми зерттеуін тауарды талдаудан бастайды, себебі ол тауар өндірісінің қарапайым түрі болып табылады. Ол экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуді осыдан бастауы кездейсоқ емес. Тауар тым ерте де пайда болды және ол кез-келген экономикалық жүйенің экономикалық клеткасы болып табылады. «Тауар» категориясына дейін тарихта «игілік» ұғымы болған, ол заттардың адамзаттың белгілі қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігін көрсетеді.

Экономикалық әдебиеттерде «игілік» категориясы әртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, ағылшын экономисі, Кембридж мектебін құрушы А.Маршалл (1842-1924 ж.ж) «Саяси экономика принцептері» кітабында игілікті адамның барлық көңілі ауған заттарын түсінген, және ол адамның қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Игіліктің бұл анықтамасы толық емес, себебі ол затпен ұсақ-түйекпн ғана шектеледі. Игілік қоғамдық ұдайы өндіріспен байланыстырылатын болса сирек кездесетін болып есептелінеді. Адамнығ сұранымын қанағаттандыру үшін көп уақыт жұмсалса, шектелілік дәрежесі тым жоғары болады.

Игілік экономикалық және экономикалық емес болып екіге бөлінеді. Экоомикалық игіліктер, индивидумдардың әртүрлі игіліктерге сұранымдармен салыстырғанда, әрқашанда шектеулі болған. Алғашқы рет <<экономикалық игіліктер >> ұғымын ғылыми айналымға итальян экономисі А. Пезенти (1910-1973 ж.ж) ендірді. Табиғатта белгілі игіліктер (ауа, жер, жарық, климат) бар және оларды адамдар күш-қайратын жұмсамай-ақ, қолдануына болады. Осы игіліктерді экономикалық емес игіліктер деп атайды.

Экономикалық игіліктердің ерекше түріне тауар жатады. Күнделікті өмірде біз «тауар» сөзін қолданамыз, оның мағынасына аса мән бермейміз және бұл ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе-сөз алатын болсақ «мүлік», «жақсылық» мағынасын білдіреді.

Ал экономикалық теорияда «тауар» сөзі ерекше мәнге ие болады. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне ие бола алады. Ол өзінің ғана емес, басқа адамның тұтынуына арналған, яғни айырбас үшін немесе сатып алу-сатуға бағытталған. Қоғамдық өндірістің қазіргі құрылымы мен нарықтық қатынастарды ескере отырып, материалдық өнім ғана тауар емес, сондай-ақ материалдық емес сипаттағы қызмет көрсетуде тауар бола алады.

3. Тауар орамын жасау

Тауардың орауы ол тауар сатудың бірінші ынталандырушысы болып табылады. Бұл тауар сатудың жөн-жобасы. Жақсы жасалған орау тауар сатудың көлемін ұлғайтады және нарықта жаңа тауардың өз орнын табуға көмектеседі. Тауар орауын жасауда өз қағидалары бар.

Мен өзім жасаған тауардың орауын ұсынамын. Тауар орауы шоколад конфеттеріне арналған. Бұл тауардың фирмалық атауы:  «Зимний сон» шоколад конфеттеріне арналған қорап

Белгісі: ISO 3863:1989

Қазақша аты: «Зимний сон» шоколад конфеттеріне арналған қорап

Сорты: жоғарғы.

Негізгі нұсқа –қазақша жасалған.

Үлгі жоба.

Көлемі: 10*200*150

Қағаздың үлгісі: қатырма қағаз, лакталған, қорап күміс жағылып істелген.

Ашпалы қақпағы бар.

Баспа- екі түрлі, екі жағынан.

Орысша аты: Коробка для шоколадных конфет «Зимний сон»

Сақтау мерзімі: шығарған күннен бастап 6 ай.

Сақтау шарттары: жақсы бекітілген, құрғақ жерде сақтау керек.

Массасы: 250 гр.

Шығарған уақыты: 01.01.2007 ж.

Жарамды уақыты:  01.06.2007ж.

Тауар сертификатталған.

Құрамы: 100 гр. ақ шоколад, 150 гр. қара шоколад.

Жасаған фирма: Краскон.

Өндіруші№ел:№Қазақстан

ҚОРЫТЫНДЫ

Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық обьект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Тауарды жасарда оны дайындаушы үш деңгейлі идеяны қабылдауы керек. Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы осыған тікелей байланысты. Сондықтан зетртеудің негізгі мақсаты – нарықтағы тауардың шынайы сұранысын анықтау, оны ұтымды өлшемде шығару үшін не қажеттігі, оның техникалық сипаттамасы, экономикалық негізделген баға саясаты. Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап табу мен өндіру кәсіпорынның өркендеуіне шешуші болып саналады. Сонымен бірге, шетел баспасы былай деп көрсетіп отыр, коммерциялық табыстар тауарды ойлап табу үшін (мысалы, барлық шығынды өтейтін және нарыққа шығаратын) 60 шақты жаңа идеяны зерттеп білуді және соның ішінен нарықтың болашақ талабына жауап бере алатынын дұрыс таңдап алу қажеттігін түсіндіреді.

Басқа сөзбен айтқанда, жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек.

Тауар қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Ал, өндірушінің өзін ол басқа тауарларға айырбастала алатындығы үшін ғана қызықтырады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә., Макроэкономика Алматы -2003ж 23-28б
  2. Бронникова Т. С., Чернявский А. Г. Маркетинг: Учебное пособие. — Таганрог: Изд-во ТРТУ, 1999.
  3. Котлер Ф. Основы маркетинга. Краткий курс = Essentials of Marketing. — М.: «Прогресс»/«Вильямс», 1991/2007. — С. 656.
  4. Котлер Ф. Маркетинг и менеджмент. — СПб.: ПИТЕР, 1999. — С. 896.
  5. Ламбен Ж.-Ж. Стратегический маркетинг Маркетинг: учебник для вузов/Г. Л. Багиев, В. М. Тарасевич, Х.Анн; Под общ. ред. Г. Л. Багиева.-М.: ОАО «Изд-во „Экономика“», 2001. — 703 с.
12
скачать работу

Тауардың қасиеттері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ