Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тауардың өмірлік циклдері

өлшектер, негізгі құрал-жабдықтар (күрделі бұйымдар), қосалқы материалдар және қызмет көрсету тәрізді үш топқа бөлінеді.  Материал және бөлшектер өнеркәсіптік бұйымдардың материалдық элементтерін құрап, соған толығымен пайдаланылады да, олар да өз кезегінде мынадай екі топқа: шикізатқа және толық бітпеген (жартылай фабрикат) өнімдер мен бөлшектерге бөлінеді. Мұндай тауарлар сирек жарнамаланады және оны өткізу аса ынталандырылмайды. Сонымен бірге тауар өндірушілер өз өнімдерін тұтынуды көбейту мақсатында оқтын-оқтын насихаттау науқанын өткізіп отырады, ал қажет кезінде өз тауарларын маркалық атаулармен ұсынып отырады.

Табиғи қазба өнімдердің ұсынысы олардың қайталанбауына байланысты аса қажетті мөлшерде болуға тиісті. Көлемі көп болған күннің өзінде, құны төмендігі себепті олардың көпшілігін алысқа тасымалдау тиімсіз, сондықтан таяу тұсқа немесе жақындау жерлерге қолдану қолайлы деп саналады. Ірі тауар өндірушілердің тек аздаған бөлігі ғана өз өнімдерін өнеркәсіптік тұтынушыларға тікелей сатуға тырысады. Кәсіби бағдарлары табиғи байлықты қолдану үшін арнайы мамандандырылған тұтынушыларға оларды жеткізу тек ұзақ мерзімдік келісімдер арқылы ғана іске асырылады. Табиғи өнімдердің өзара ұқсастығының ерекше белгісі — олардың тұтынушыларға жеткізілуін материалдық ынталандыруды шектеп отыруы. Табиғи тауар өндірушілерді (жеткізушілерді) таңдап алудың негізгі фактораларына — олардың сенімділігі мен тауарлық бағасы жатады.

Дайындық дәрежесіне жетпеген (жартылай фабрикат) тауарларды және бөлшектерді шығаруға тиіс дайын өнімдердің құрастыратын сыңарлары немесе оларды іріктеу, жинақтау элементтері есебінде қолданған тиімді. Материалдық сыңарлар, әдетте, әрі қарай өңдеу арқалы дайын өнімдерді шығаруға пайдаланылса, ал жинақтау элементтері (бұйымдары) сол дайын өнімдердің құрамына толығымен және ешбір өзгірессіз тікелей қосылады. Өйткені олар дайын өнімнің тиісті бөлшегі болып табылады. Материалдық сыңарлар мен жинақтау бұйымдарының басым көпшілігі өнеркәсіптік тұтынушыларға тікелей сатылады. Ал оларды жеткізу немесе ондай тауарлардың қажетті көлемі жөніндегі тапсырыстар өндірушілерге бір жыл немесе одан бұрынырақ беріліп отырады. Бұл тұста маркалық тақба-белгілер және жарнамалардың бәлендей маңызы жок. Тек негізгі маркетингтік ой-пікірлер ғана тауар бағасы мен сервистік қызметке қарай қалыптасатын болады.

Өндірістің, тұрақты негізін құрайтын және өндірілетін дайын өнімдерге өз құндарын біртіндеп өткізетін тауарлар күрделі бұйымдар деп аталады. Бұлар: стационарлық құрылыстардан (зауыттар, әкімшіліктік ғимараттардан т.б.) және стационарлық — жабдықтардан (станок, генератор, жүк көтеру механизмдері т.б.) құралып, тауар өндірушілерден тікелей сатып алатын негізгі тауарлар қатарына жатады.

Тауар өндіруші өз тұтынушыларына баса көңіл бөле отырып, олардың тапсырыста көрсетілген талап-тілегіне сәйкес тауар өндіруге, онық жаңа түрлерін ұсынуға және тауар сатылғаннан кейін де соңғы қызмет түрлерін көрсетуге әзір тұруы кажет. Бұл арада жарнама, т. б. шаралардың ішінен, әсіресе, тауарды жеке сату техникасынық маңызы ерекше.

Қосалқы құрал-жабдыктар қозғалыстағы зауыттық және кеңселік құрал-саймандарды камтығанымен, өндіріс процесінде катыспайды. Сол себепті де дайын өнімдердің құнына әсерін тигізбейді және тек өндіріске көмегін тигізумен ғана шектеледі Кейбір косалқы құрал-жабдықтар өндірушілер өз өнімдерін тұтынушыларға тікелей сатқанымен, олардың негізгі көлемі — тұтынушылардың географиялық тұрғыдан орналасуы шашырандылау және сатып алушылары көп болуына байланысты делдалдар көмегімен сатылады. Мұндай тауарлардың колданудағы өмірлік циклі стационарлық құрал-жабдықтардан қысқалығы себепті жиі жаңартылып отырумен қатар, ұзаққа созылмай сатылып алынады. Бұл тәрізді тауарлардың өндірушілерін таңдап алуда ең алдымен тауардың сапасы, қасиеті және бағасы есепке алынады, оған қоса, тағы да сервистік қызмет көрсетуге баса назар аударылады.

Қосалқы материалдар: жұмыс материалдарына және техникалық қызмет көрсету мен өңдеуде қолданатын материалдарға бөлінеді. Өндіріске арналған тауарларға жататын қосалқы материалдарды, жалпы күнделікті қолданатын тауарлар сияқты, қиналмай-ақ сатып алуға болады.

1234
скачать работу

Тауардың өмірлік циклдері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ