Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тәуелсіз Қазақстан мұраттарының Алаш идеяларымен сабақтастығы

қ мұраттары көркем шығармашылығымызбен кіндіктес.
Қазақ әдебиетінің жан-жақты дамып, барлық жанрларда қарыштап өскен, ұлттың рухани сұранысына жауап берген бай-бағылан дәуірін тудырған ХХ ғасыр қаламгерлері, олардың ғұмыры, тағдыры, шығармалары туралы бүгінге дейін айтылып келген пікір, талдау, зерттеу енді жаңа тұрғыда толығып, соны пайым, жинақтау тұжырыммен қоюлана түспек.
Жасыратыны жоқ, кеңес өкіметі құлап, компартия билігі құрығанға дейінгі жетпіс жыл бойы әдебиет, өнер, гуманитарлық ғалымдар марксизм-ленинизмнің аузына қарады. Бейнелі өнер, ишарамен сөйлейтін әдебиет тұп-тура саясат шапанын кие алмайды, бірақ әдебиеттану, сын саласында зорлықпен енгізілген қисындар көп болатын. Сондықтан да ХХ ғасыр әдебиетін жаңаша пайымдау, оның кезең-кезеңіндегі стильдік-жанрлық ізденістеріне, бейне, көркемдік қазынасына баға беру, талантты қаламгерлер шығармаларының эстетикалық байлығын анықтау, бір сөзбен бос топырақтан кенді аршып алу – жеңіл-желпі шаруа емес, бұл – көп қажыр-қайрат жұмсауды талап ететін ұзақ шиыр.
Қазақ халқының ұлттық рухының тамырына балта шабу үшін коммунистер ең алдымен осы қозғалыстың бастау көзінде тұрған Алаш көсемдерін, олардың ізбасар шәкірттерін бір қырып тастады да артынан большевизмді жақтаған, кеңес өкіметін мадақтаған коммунист зиялылардың өзін де сыпырып әкетіп, көзін жойды. Аман-есен қалған оқығандарды үнемі үркітіп-қорқытып отырды, анда-санда науқан жариялап, солардың ішінен де біреулерді жұлып алып, түрмеге тығып отырды.
Кеңес үкіметі, партиялық органдар қаншалықты қаталдық жасап, қырағылық көрсеттім дегенмен, алаш идеялары, ұлттық азаттық рухы, тәуелсіздік сарындары, әсіресе әдебиетте, өнерде, ғылымда жойылып кеткен жоқ.
Партия қаулы-қарарларымен ой нысанасын, тақырып жүйесін, бейне бағытын, әдіс тәсілін белгілеп берген кеңес дәуірі әдебиетінің алғашқы өкілдерінің бәрі де Алаш ұранды әдебиет шығармаларымен ауызданған, жазу-сызудың әліпбиін солардан үйренген.
Тарихшылар, әдебиетшілер еңбектерінде, оқулықтарда, түрлі құжаттарда, көркем шығармаларда, кинофильмдерде күні кешеге дейін партия, үкімет тарапынан қадағаланып, жоспарлы түрде бағытталып отырған арнаулы саясаттың нәтижесінде Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алашорда өкіметі туралы тарихи шындық бұрмаланып, қып-қызыл өтірік айтылып келді. Ең бастысы, Алаш қайраткерлері қазақ ұлтының қас дұшпаны болып көрсетіліп, олардың шығармаларына тыйым салынды. Әділіне келгенде, Алаш қозғалысына қатысқан азаматтардың басым көпшілігі ұлт мүддесіне арналған күнделікті аршынды іс, қарымды әрекеттермен айналыса жүріп, қуғын-сүргін азабына қарамастан, әдебиет, публицистика, ғылым, аударма салаларында орасан бай мұра қалдырды. Кейін қолдарынан билік кетіп, халыққа қызмет етудің бір-ақ жолы – оқу-ағарту саласы ғана қалған аз уақыт тыныс шақта ұлт тілінде ғылымның барлық жүйесі бойынша оқулықтар жасауға кірісті. Алаш ұранды әдебиетті жасаған қаламгерлердің жеке басына, шығармаларына тән ортақ, сапалы белгілер олардың тағдырын, мұрасын біртұтас құбылыс ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Қоғамдық белсенді әрекетке, негізінен ХХ ғасыр басында шыққан бұл толқын 1905 жылғы алғашқы орыс революциясы, 1917 жылғы ақпан, қазан революциялары, өкімет басына большевиктердің келіп, кеңес өкіметінің орнауы секілді аспан жарылып, жер сілкінгендей ғаламат жарылыстар тұсында қайрат көрсетті. Осы ұлы ағыстардың баршасы олардың жеке өміріне, қоғамдық, шығармашылық тағдырына ықпал жасап, терең із тастады.
Табиғатынан дарынды жаратылған бұл буын өкілдері қазақы тал бесікте тербетіліп, исламның иманды бұлағынан нәр алып, мұсылманша хат танып, одан кейін жәдитше, орысша оқып, орта, жоғары дәрежелі білім алған: Орынбор, Омбы, Семей, Алматы, Ташкент, Уфа, Қазан, Мәскеу, Петербор секілді шаһарлар тәрбиесін көрген, өз заманының көзі ашық зиялылары. Бұлар мұғалімдік, инженерлік, заңгерлік, экономистік, дәрігерлік секілді сан алуан мамандық иелері. Түркі, славянды былай қойғанда, араб-парсы, ағылшын, неміс, француз секілді жеті жұрттың тілін меңгерген. Күрес жолына шыққан кезде бұл ерлердің бес қаруы сай еді. Сол замандағы кез келген озық елдің зиялыларынан асып түспесе, кем соқпайтын, әртүрлі ғылым негіздерін меңгерген, сегіз қырлы, бір сырлы тұлғалар еді. Алаш қозғалысына қатысып, Алаш партиясын құрысып, Алашорда өкіметін жасаған қайраткерлер ішінен қазақ әдебиетінің алтын діңгек, сом тұлғалары шықты. Отаршылдықпен шайқас, артта қалушылыққа қарсылық, надандықты мансұқ ету, азат, тәуелсіз демократиялық, дербес мемлекет құруды биік нысана ету, белгілі бір тап мүддесі емес, жалпы ұлт мақсаты үшін күресу, өркениетті нысана тұту – бұл ағымда болған ұлылы-кішілі азаматтардың баршасының дүниетанымына ортақ, етене қасиет сапалар еді.
Бұл идеялар қазақ әдебиетінде бұрынна бар үлгілермен қоса жанрлық формалар арқылы жүзеге асырылып, роман, драма, публицистиканың соны түрлері туды. Әлеи әдебиетінің классикалық шығармалары аударылды. Сөйтіп, әсіресе Абай сабақтарын нысана тұтқан, бұрынғы озық дәстүрлерді жалғастырған жаңа сапалы Алаш ұранды әдебиет тарихымыздағы ерекше кезең болып табылады.
Кеңес өкіметі, компартия тап тартысы, саясат шаруашылық саласында ғана емес, ғылым, білім, идеологияның да тізгінін қатал тартып ұстап отырды. Дәлірек айтқанда, марксизм-ленинизм ілімін темір заңға айналдырды, бұра тартқандардың басын шапты, тілін кесті. Орасан зор мақсатты іске асыру үшін арнаулы ұйымдар құрылды (Пролетар жазушылардың ассоциациясы, Жазушылар Одағы), партия, қауіпсіздік комитеттерінде өнер қызметін бақылап, бағыттап, тексеріп, жазалап отыратын арнаулы бөлімдер болды. Бұлар жазушы, әнші-күйші, суретші, композитор, сәулетшілердің жазған-сызған, істеген-жасағанын ғана емес, жүрген-тұрғаны, ішкен-жегені, ымдаған-сөйлегеніне дейін түгел аңдып, жіпке тізіп, біліп отырды. Тап тартысы, орыс үстемдігі, коммунистік мұратқа көлеңке түсіретін сәл нәрсенің өзі қырқылып, өшіріліп, жойылды. Бұл үшін жоғарыдан қаулы-қарарлар түсірілді, оларды талқылайтын, жан беріп, жан алатын жиналыстар өтті, «күнәһарларға» тас боран жасалды. Кеңестік идеология санасына әбден сіңген, соған ұйыған, Алланы ұмытқан, мұсылмандықтан безген, обал-сауапты, рахым-қайырды білмейтін қаныпезерлер әулеті қалыптасып, олар ел тарихын мансұқтап, отаршылар алдында бас шұлғып, ұлттық игіліктерден безіп шығып, санаткерлер төбесіне әзірейіл қамшысын үйірді.
Бірнеше репрессия, қызыл қырғыннан кейін ұлы қайраткер, қаламгерлерінен айырылып, есеңгіреп қалған, тұла бойын түрме, азап, ажал қорқынышы билеген жазушылар біріне-бірі сенбеді, аяғын аңдып басты, шошынды. Сөйтіп табиғи дарын еңсесі түсіп, қор болып, партия не айт десе соны айтты. Көр-жерді, бір күндік науқанды әуезе етті. Тырнақтай қабілеті жоқ әлдекімдер таудай талант иелеріне уағыз айтты, не жақсы, не жаманды үйретті, арыстанның басына албасты шықты.
Уақыт өтті. Заман өзгерді. Кешегі бай, кедей, завод, фабрика, колхоз, совхоз, 8 март, 23 февраль, 1 май, Халықтар достығы, Октябрь революциясы, Ленин, коммунист, азамат соғысы, колхоздастыру, индустрияландыру, Отан соғысы, шаруашылықты қалпына келтіру, тың шабуылы, космосты игеру секілді тақырып қуалап, саяси тапсырыспен өнер заңдарын мансұқ етіп, соцреализм талаптарына жауап ретінде жазылған дәмсіз, нәрсіз, өтірік шығармалар бүгінде жер жастанды. Бірақ саптаяққа ас құйып, басынан қарауыл қарап, қаһарлы қылыштан қан тамып отырған қат-қабат қайшылықты заманда зорлық-зомбылық көріп, боздақтары қуғын-сүргінге ұшырап, мерт болғанмен, тірілер тірлігін жасады, қазақтың ұлы сөзі – қазақтың әдебиеті өлген жоқ.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті әлемдік көркемдік тәжірибені меңгерген дарынды қаламгерлер жасаған, барлық жанрларда дамыған, сұлулық жүйесі қалыптасқан, биік эстетикалық деңгейге көтерілген маманданған өнер екенін тамаша туындыларымен әйгілеп берді. Алаш ұранды әдебиет мұраттары ілгері дамып, жай көзге оп-оңай шалына бермейтін, өнердің ғажайып ұлттық игілік, асыл арна, биік нысаналары көгала толқын іспетті ағыстар талантты қаламгерлер шығармаларында өрістен өріске көтеріліп, жаңа арналар тауып, буы бұрқырап жатты. Саясаттан қашу, тоталитаризм құрығынан құтылу үшін қаламгерлер шыншыл сөз өткізудің сан алуан тәсілін тапты: бүгінгі тақырыптардан кетіп, тарих қойнауына сүңгіді; астарлы, емеурін ой айту амалдарын меңгерді; сөз өнерінің табиғатына жат сарындардан безді. Көкейкесті сырларды бейнелі, суретті, ишара сырлы сөзбен айта білген үздік шығармалар халық махаббатына бөленді, ұлттың рухани игілігіне айналды; еліміздің тұрмыс-салтын, тарихын, мінез-құлқын өзге жұрттарға таныстырды.
Алаш тарихын 1917 жылдан бастау шындыққа келмейді деп білеміз. Тұтастай алғанда қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының нақты әрекеттері, әдебиеті мен музыкасындағы сарын-мотивтер, данагөйлерінің ой тағылымындағы сан ғасырлық рухани қуат 1905 жылы жанартаудай атылды. Бұл әйгілі Қарқаралы құзырхатында (петициясында) көрініс берді. Қазақ елі орыс патшалығына қарағаннан кейінгі әлеуметтік – саяси жағдайға толық баға берілген. Жер-суға, экономикаға, мемелекеттік құрылысқа, мәдениетке, дінге, мектепке қатысты талаптар нақты айтылған. Осы көкейкесті ойлар 1913 жылдан шыға бастаған «Қазақ» газетінің негізгі арнасын құрады, 1917 жылы құрылған Алаш партиясы бағдарламасының жұмыс жүйесіне айналды.
Алаш қайраткерлері шоқ жұлдыз іспетті қазақ елінің барлық өлкелерінде туған аса дарынды, жан-жақты таланттар. Олар партиялық ұйымдастыру істерінде, құрылтайлар өткізуде, бағдарлама жасауда, көркем әдебиетте, публицистикада, ғылымда, педагогикада, дипломатияда қатар, тең еңбек ете білді. Партияға мүше болған, ұлт үшін жандарын қиған мыңдаған қатардағы қаракөз тағы бар.
Алаш мүшелерін түгелдей қырып тастағанмен, олардың идеялары қазақ халқының санасында, жаужүрек перзенттерінің іс әрекетінде жалғасып жатты. Бұл ретте Алаштың бас шығармасын тудырған Мұхтар Әуезов, коммунист бола жүріп алаш идеяларын іске асырған Смағұл Садуақасов, Ілияс Омаров, Бауыржан Момышұлы, Ілияс Есенберлин, Ермұхан Бекмах
123
скачать работу

Тәуелсіз Қазақстан мұраттарының Алаш идеяларымен сабақтастығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ