Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тәуелсіздік бізге бәрінен де қымбат

өскен екен.

Инвесторлардың экономика­мыз­ға қаражат салуына да қо­лай­лы жағдай жасалып келеді. Та­биғи ресурстарымыздан, шикізаттан, мұ­най секторынан тү­се­тін түсімдерді ұлттық қорға жи­нау арқылы бола­шаққа деген ұтым­ды ұмтылыс жа­сал­ды. Ұлт­­тық қорымыз да елдің әлеу­меттік-экономикалық жағ­дай­ы­ның тұ­рақ­ты дамуы­на негіз болды. Осы Ұлттық қордан 10 млрд. доллар еліміздегі қаржы ры­но­гын тұ­рақ­тандыруға бөлін­ді. Бұл шешім әлемдік қаржы дағ­да­ры­сының Қазақстанға әсе­рін баяу­ла­тып, экономи­камыз­ды ты­ғы­рық­­қа тіремей, қалыпты даму жо­лына бастады.

2010 жылдың 1 қаңтары­нан бастап 2010-2014 жылдар­ға ар­нал­ған мемлекеттік үде­мелі ин­дуст­рия­лық-иннова­ция­­лық даму бағ­дар­ламасы жү­зеге асырыла бас­та­ды. Бағ­дар­ламаның негізгі мақ­саты – экономиканы әрта­раптан­ды­ру, қазақстандық қам­ту­ды ұл­ғай­ту, шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жол ашу, шикі­зат­тық емес экс­порттық әлеуетті арттыру, жо­ға­ры технологиялық өн­ді­ріске көшу. Индустриялан­ды­ру­­дың алғашқы жылының өзінде жалпы құны шамамен 800 миллиард теңгеге 152 өнер­кәсіптік ны­­сан іске қосылып, 24 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашыл­ған. 2014 жылға дейін осы бағ­дар­лама аясында құны 8,1 триллион теңге құрайтын 294 инвес­ти­ция­лық жобаларды жүзеге асы­ру жос­парланып отыр. Бо­лашақта да жал­ғасын табатын бұл бағдарла­мадан халықтың күтері көп.

Тәуелсіздікке жету жолы қан­шалықты ауыр болса, тәуел­сіздік­пен тыныстаудың баяндылығы да соншалықты жауапты екені анық. Жас ұр­пақ тәуелсіздіктің тағы­лым­дарын танып, қастерлеп, құр­мет­теп отыруы керек. Тәуел­сіздік бізге бәрінен де қым­бат. Сон­дықтан да бәріміз еліміз үшін ең­бектенуіміз, халқы­мыз үшін қыз­мет істеуіміз керек.

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің бюро мүшесі

«Егемен Қазақстан» газеті

12
скачать работу

Тәуелсіздік бізге бәрінен де қымбат

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ