Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ТЕРБЕЛІС АУРУЫ

мен, күнара 10 мл 1% бұлшық етке спазмолитинді қолданады. Спазмолитинді бұлшық етке 0,5% 3-10 мл новокаин ертіндісімен кезектестіріп отырады. Амизилді 0,001 г таблетка түрінде тағайындайды. Метамизилді ұнтақ түрінде береді 0,001 г тамақтан соң 10-15 күн бойы. Цинаризин және белласпонмен қосып никотин қышқылын беру жақсы нәтиже көрсеткен. Вегетативті параксизмдер кезінде пирроксанды қолданады. Витаминдік ем көрсетілген.

Физиоем ішінде дәрілік препараттармен (5% новокаин ертіндісі немесе 2%  бензогексонидің сулы ертіндісі)қол саусаұтарымен табанға  электрофарезді қолданады. Тоқтың күші 10-15 Ма, процедураның ұзақтығы 10-15 минут.

Полиневриттік синдромдар кезінде жоғарғы жиіліктегі электротерапияны қолдану нәтижелі. Сонымен қатар инемен рефлексті ем қолданады.

Еңбек ету қабілетінің сараптамасы.

Тербеліс ауруының 1 деңгейінде – динамикада дәрігердің бақылауымен бұрынғы жұмыс орнында жұмысын жалғастрып, белсенді түрде амбулатолрлы ем алады.

Тербеліс ауруының 2 деңгейінде – қолайсыз кәсіптік факторларға байланысты, науқас  міндетті түрде жұмыстан шегеріледі. Науқасқа 1-2 айға дейінгі жұмысқа жарамсыздық парағы және санаторлық курорттық ем ұсынылады, сонымен қатар ары қарайғы динимикалық бақылу мен жұмысқа жарамдылық сұрағы шешіледі.

Ауыр жағдайларда, толығымен немесе біраз ғана жұмыс ету қабілетін жоғалтқан болса, науқасты вибрациямен байланысы жоқ жұмысқа орналастырады немесе ДЕСМ бағыттама береді.

Тербеліс ауруының профилактикасы.

  1. Жұмыстың ұйымдастырылуының дұрыстығы (әр бір сағат сайын 10 минуттық үзіліс, өндірістік жаттығулар, бөлмедегі температура 160С төмен болмау керек).
  2. индивидуалды профилактика (жұмысшылардың инструктажы, алақанның беті мен қолға арналған арнайы қолғаптар).
  3. цехтардағы профилактикалық медициналық процедуралар (ыстық сумен ванналар, УФС, В1, С1 және РР витаминдерін қабылдау).

Жұмысқа қабылдауға болмайтын көрсеткіштер:

  1. айқын вегетативті дисфункциялар, шеткі жүйке жүйесінің сүлелі аурулары;
  2. облитерирлеуші эндартериит, Рейно ауруы, шеткі тамырлардың ангиоспазмы;
  3. тірек қимыл аппараттарының аурулары, қозғалыс қызметінің бұзылыстарымен;
  4. кез келген себептен пайда болған вестибулярлы аппараттың қызметінің бұзылыстары;
  5. әйел жыныс ағзаларының орналасуларының аномалиялары;
  6. жоғары және асқынған жақыннан көргіштік(9,0Д жоғары);
  7. шизофрения және т.б эндогенді психоздар.

Отоларинголог және невропатолог, терапевтердің қатысуымен 12 айда 1 рет кезеңді түрде медициналық қараулардан өту керек.

Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Қайсысынан басқасы тербеліспен байланысы бар жұмысқа алуға медициналық қарсы көрсеткіш болып табылады?

  1. облитерациялық эндоартериит
  2. Меньер ауруы
  3. НЦД
  4. сүлелі бронхит
  5. Рейно ауруы

 

2. Емханада 38 жастағы ер адам алақан мен саусақтарындағы әлсіз ауыр-сынуларға, әсіресе суық әсер еткенде байқалатын жансыздану сезіміне шағымданады. Ауырғанына 3 ай болған.  Соңғы 10 жыл бойы бульдозерде жұмыс істеген. Тексергенде:  алақандары мен саусақтарын қарағанда өзгерістер жоқ. Неврологиялық статусында – саусақ ұштарында гипестезия типіндегі сезімталдықтың әлсіз бұзылғаны анықталды. Капилляроскопияда – тырнақ асты капиллярларының айқын емес спазмдары байқалды. Диагноз?

  1. Рейно синдромы
  2. 1 кезеңдегі тербеліс ауруы
  3. НЦД
  4. 2-ші кезеңдегі тербеліс ауруы
  5. полиневрит

 

3. Жергілікті тербелістің әсерінен дамыған және нейро-тамырлы бұзылыстармен басым көрінетін тербеліс ауруында қайсысынан басқасы қолданылады?

  1. ганглиоблокаторлар (пахикарпин)
  2. кальций дәрілері (кальций глюконаты)
  3. тамыр кеңітетін дәрілер (никотин қышқылы)
  4. орталыққа әсер беретін холинолитиктер (аминазин)
  5. антибиотиктер

 

4. Бұрғылаушыда тербеліс ауруының бастапқы кезеңі анықталды. Сондықтан ол жер бетінде слесарьлық жұмысқа ауыстырылды. Қанша мерзімге қосымша ақылы сырқат қағазы беріледі?

  1. 2 айға дейін
  2. 1 жылға дейін
  3. сырқат қағазы берілмейді, МӘСК жолданады және 3 топтағы мүгедектік берілуі тиіс
  4. аурудың барлық белгілері жоғалғанға дейін сырқат қағазы беріледі
  5. сырқат қағазы берілмейді және басқа жұмысқа ауыстырылуы тиіс

 

5. Мыналардың қайсысы тербеліс ауруына тән емес?

  1. Рейно синдромы
  2. ангиодистония синдромы
  3. диэнцефалық синдром
  4. қимылдық параличтер
  5. гипертониялық синдром

 

6. Тербеліс ауруының 2-ші кезеңіне қай белгілер тән емес?

  1. ангиодистониялық
  2. вегетациялық-сенсорлық полинейропатия
  3. полирадикулярлық (қимылдық)
  4. вестибулярлық
  5. жүрек-тамыр жүйесінің тұрақсыздығы

 

7. 35 жастағы ер адам 13 жыл бойы тракторист болып істеген. Алақандары мен саусақтарындаға қақсауға және жансыздануына, қолдарының шаршағыштығына, басының ауыруына, ұйқысының бұзылуына шағымданады. Тексергенде: алақандары көкшілденіп ісінген, қолғап тәріздес алақанның ішкі бетіндегі сезімталдықтың бұзылғаны, білектердегі рефлекторлық қозғыштықтың күшейгені анықталады. Капилляроскопияда – цианоздың үстінен тырнақасты капиллярлардың тарылғандары анықталады. Алақан мен білезік сүйектерінде склероздық өзгерістер қоршаған ұсақ тесік тәріздес қуыстар байқалады. Диагнозы мен еңбекке жарамдылығы?

  1. Рейно синдромы, амбулаторлық ем
  2. 1-ші кезеңдегі тербеліс ауруы, қосымшаақылы сырқат қағазы
  3. 2-ші кезеңдегі тербеліс ауруы, кәсіптік ауруы бойынша сырқат қағазы
  4. 3-ші кезеңдегі тербеліс ауруы, МӘСК-ке жолдау
  5. гипотониялық тптегі НЦД

 

  1. 2-ші кезеңдегі тербеліс ауруы бар адамға дұрыс эксперттік шешім қабылдау?
  2. МӘСК-ке жіберу
  3. стационарда емдеу
  4. еңбектік сырқат қағазын беру және амбулаторлық ем
  5. Дәрігерлік Кеңес Комиссиясы арқылы еңбекке орналастыру
  6. санаторлық-курорттық ем

 

  1. Тербеліс ауруы бар адамға тиімді физиотерапевттік емдік әдіс таңдау?
  2. никотин қышқылымен электрофорез
  3. гидрокортизонмен электрофорез
  4. димексидпен электрофорез
  5. тетрациклин майымен ультрадыбыс
  6. кальций хлоридімен фонофорез

 

10.Тербеліс ауруына шалдыққан адамға мына дәрілердің қайсысы қажет?

  1. муколитиктер
  2. прокинетиктер
  3. ганглиоблокаторлар
  4. антибиотиктер
  5. ксантин туындылары
12
скачать работу

ТЕРБЕЛІС АУРУЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ