Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Термиялық процестер

ден алынған сұйық С5 – тен жоғары көмірсутегілерді атайды. Пиролиз шайыры көлемі, негізінен пиролиз шикізатына байланысты болады. Шикізатының құрамында 10-15 % диен көмірсутегісі, 10-15 % олефин, 25-30 % бензол, 10-15 % толуол, сондай-ақ стирол және инден , циклоолефин-циклопентадиен секілділердің шектеусіз қоспасы және тағы басқалары. Пиролиз шәйірін өндеу екі түрлі жылулық және химиялық жолмен жүзеге асуы мүмкін.

Пиролиз процесінің химиялық өзгерістері 26 суреттегі негізгі бағдарларында көрсетілген. Пиролиздің негізгі реакциясы (әсіресе,шикізат ретінде мұнай фракциялары пайдаланылған) олефин және парафин түзетін көмірсутегі қатарының крекинг (26 сурет , І  бағдары). Оның алғашқы өнімдері одан әрі бөлінуге төзімді келеді(екіншілік крекинг – ІІ және ІІІ бағдарлары). Нәтижесінде , олефиндері мол жеңіл көмірсутегілер қоспасы дайындалады. Сәйкес олефиндердің дигидрленуі ацителен мен оның туындыларын , сонымен қатар жоғары реакциялық қабілетті бутадиен және басқа да диенді  көмірсутегілердің түзілуіне әкеледі (ІV).  Соңғысы пиролиз жағдайында циклдеу реакциясына түседі (V). Циклоолефиндерді дегидрлеуде арендер құрастырылады, жекелей алғанда , бензол түзіледі (VІ). Ол полициклді көмірсутегі мен кокстың (VІІ) негізін қалаушы болып табылады. Соңғы реакцияның (яғни коксты шетке ығыстыруды ұлғайту) температураның 900-10000С дейін жоғарылауына    мүмкіндік туғызады.

Келесі қалаусыз жүйе – пиролиз жағдайында қанықпаған көмірсутегілердің полимерленуі іс-жүзінде жүзеге асырылмайды. Бұл реакция экзотермиялық және төмен температурада басталады.

Сондықтан бұл реакция жүретін және жылдамдығы жоғары болатын температуралы аумақтан тез өту , пиролиздегі газды суыту кезеңіндегі негізгі міндет. Шикізаттың жоғары температуралы орындарда  болу уақытын ұзарту мақсатты өнімдердің қалаусыз өзгерістерін ұлғаюына үлес қосады. Сондықтан пиролиздің таңдамалығын (селективтілігін) жоғарлату үшін әрекеттесу ауқытын азайту қажет. Алайда, мұндайда; шикізатты өндеу дәрежесі өту жолында кеміп , сол себепті өнім шығуы азаяды – ал рецикл шығындары өседі.

Экономикалық жайларды есепке ала отырып , жүйедегі жағдайды тиімділендіру ендігі жерде таңдаулыққа байланысты.

Қазіргі кезде пиролиз процесі мынадай бөлімдерден тұрады: көмірсутегі шикізатының пиролизі, пиролиз газын сығу және тазарту , газ бөлу, пиролиз шайырын өңдеу. Көп жағдайда , пиролиз құрылғысының жобасы қолданылатын шикізаттың сипатына байланысты анықталады. Бірақ, қандай құрылғы болмасын оның ең негізгі екі бөлімі кездеседі: бастапқы шикізаттың пиролизі мен рецикл өтетін, ыстық деп аталатын бөлімі , және алынатын өнімді бөлу мен тазарту қызметін атқаратын , суық деп аталатын бөлім. Бастапқы шикізатты пештің конвективтік аймағына (бөлігіне) салып, оны су буымен араластырып, кететін газ есебінен тиісті температураға қыздырады.

Содан соң, көмірсутегі мен будың қосындысы пештің радиантты аймағына түседі. Мұнда пиролиз әрекеттесуінің өтуі қыздырылған панельдердің сәулелердің жылуы арқылы жалғасады. Өнімдер пештен шығарда 800-8500С температурасына дейін қыздырылады.Олефиндердің полимеризациясы аталатын қажетсіз әрекетті болдырмау үшін, әдетінше, оларды жылдам суыту немесе ысылту арқылы екі кезеңде жасайды.

Бірінші кезеңде (түзу емес ысылту) – су қоспасымен және екіншісінде (түзу ысылту) конденсация кезінде түзілген пиролиз майымен 350-4000С температурадағы суытылған өнімнің ағымы ауыр қоспаларды ала келетін алғашқы фракциялану тізбегіне түседі Мұнда ортаңғы қатардағы бөліктерден пиролиз жанармайы мен су алынады. Пиролиздің қоспаланбаған газдары тізбектің  жоғарғы қатарына шығады. Сығымдаудан соң, сілті ерітіндісімен шайылып  және кептіріліп, оларды құрылғының суық бөлігіне жібереді.

Оның техникалық безендірілуінің біреше нұсқасы бар : аз немесе көп қоспалы сутегі, 99,9% тазалықтағы этилен ,95-99,5% тазалықтағы пропилен , 25%-дан 50% дейін бутадиені бар С4 қосындысы , С5 қосындысы және ароматты көмірсутегілерге бай пиролиз жанармайын алу.

Этилен бойынша шығымды жоғары деңгейге жеткізу үшін (нафта кеінде 30%-дан жоғары) 8500С температураны қолданады, әрекеттесу уақыты 0,2-0,3 с және Н2О/шикізат массалық қатынасы = 0,5-0,6 болуы қажет.

Соңғы онжылдықта жүйені дамытылуының қатаңдығын ұлғайтуға бағытталуда. Яғни мүмкіндігінше , температураны арттырып, әрекеттесу уақытын кеміту жолдары қарастырылуда. Жанармай қоспаларының пиролиз құрылғысының кескіндемесі суретте 28 берілген. Шикізат 1,0-1,2 МПа қысымда булы қыздырғышқа жіберіледі, 1000С -қа дейін қыздырылады.Содан соң , ыстық бумен араластырылып , пиролиз пешінің конвекциялық бөліміне түседі.Мұнда жанармай буланып, ол 500-6000С-қа дейін қыздырылады. Осыдан кейін көмірсутегі ыдырауы өтетін радиант бөліміне салынады .Пештен 7500С өтетін температурада және 0,2-33 МПа қысымда шыққан пиролиз газы ысылту бөліміне жіберіледі. Бұл жерде камераға берілген бу конденсатының есебінен 7000С температураға дейін жылдам суытылады. Жылдам  суыту арқылы олефиндердің екінші рет полимерлеу және конденсациялау реакцияларын болдырмайды.

Одан кейін жылы су  буын өндіруге қолданылатын, ысылту-буландыру құрылғысында пиролиз газы 4000С температураға дейін суытылады. Содан соң газдар 700С температурадағы сіңдіргіш май бүркитін құрылғыдан өтеді. Пиролиз газдары 1800С дейін суытыладыжәне келесі өңдеулерге жібріледі . Құрылғы жиынтығында бірнеше жылуалмастырғыштары бар пештер орналастырылған пиролиз пештері, ысылту бөлімінің , пиролиз , ысылту-бу  құрылғысының және май бүрку аппаратының пештері болады. Сцытылған пиролиз газдары барлық пештерден жалпы коллекторға жиналады және ол алғашқы рекфикация тізбегінде шайылуға жіберіледі. Газдың төменгі бөлігі күйе мен кокстан ауыр сіңдіргіш маймен жуу арқылы тазартылады, ал жоғарғы бөлігі жеңіл сіңдіргіш майды буландырып жіберу есебінен салқындатылады. Бл кезде ауыр шайыр конденсациясы да өтеді . Пиролиз газы тізбектен су қоспалары – тоңазытқышқа түседі, мұнда жеңіл майлар мен су буларының конднсациясы жүреді. Сепараторда жеңіл май қосындылары мен су , кейін сығу аймағына, газ бөлу және газ тазарту бөлігіне түсетін пиролиз газынан бөлінеді.

12
скачать работу

Термиялық процестер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ