Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы

қате-кемшіліктердің жиі кездесетін, сөз мәдениетіндегі қауіпті аймақтың бірі осы тұста деуге болады. Өйткені этномәдени лексиканың мән-мағынасын жете түсінбегендіктен, мәдени семантикаға қайшы келетін сөз қолданыстар жиі кездесе бастағаны байқалады. Мысалы, газет бетінен қайсыбір мектепте эстетикалық тәрбие мақсатында үкілі қыз байқауын өткізгені жайында айтылған. Ал шынында үкілі қыз сөзі “үкі тағылған, құда түсушілер үкітағар ырымын жасаған” деген мәдени семантиканы білдіреді. Байқау конкурсты өткізушілердің үкілі қыз сөзінің мәдени семантикасынан бейхабарлығын көрсетеді.

Тілдік тұлға үшін мәдени-тілдік семантиканың аса күрделі түрі фразеологимдер, паремологизмдер тәрізді тілдік таңбаның мазмұн межесіндегі құрылымдармен байланысты.

Этностың ақиқат дүние туралы көзқарасы, салт-дәстүрі, жол-жоралғылары әдет-ғұрпы, моралі, әдебі, тұрмыс-тіршілігімен байланысты ақпараттар жинақтаған тұрақты сөз орамдарының мазмұндық құрылымында ақиқат дүниенің тілдік бейнесін көрсететін ұлттық менталитетті танытатын компоненттер болады. Осыларды айқын аңғара білмеген жағдайда сөйлеуші/жазушы коммуникативтік сәтсіздікке ұшырауы ықтимал. Соңғы жылдары әсіресе радиохабарларда жылы лебізді құттықтау сөз айта келіп, мерейтой иесіне “қартаймаңыз!” деп тілек білдіреді. Қазақ мәдени қоғамдастығы “қартаймаңыз” деген тілекті қабылдай қоймайды, мұндай тілек “кәрілік жасқа жетпеңіз” дегендей сезіледі. “Адам қартаймайтын шайтан емес қой” деп қайсыбір кісілер мұндай тілекті қош алмайды. Қазақ cалтында қарттық үлкен құрмет, адамның қызметі, атақ-дәрежесінен гөрі жасын сыйлау, жасына қарай жол беру жағы мықтап ескеріледі. Үлкендердің байырғы кезде кәрілікке жеткізсін, жағың түспей, жамандық көрме; ақ сақалды сары тісті бол дейтіні сол этикалық норманы айқын аңғартады.

Сонымен, тілдік тұлғаның коммуникативтік сәтсіздікке ұшырау қаупі жиі кездесетін аймақтың бірі негізінен мазмұн межесі этномәдени семантикаға ие тұрақты сөз орамдарымен, яғни фразеологизмдер мен паремологизмдердің мәдени-ұлттық семантикасымен байланысты деуге болады.

 

          Әдебиеттер тізімі

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 260 б.
  2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. –581 б.
  3. Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. Алматы: Ғылым, 1987, – 272 б.
  4. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. Астана: Елорда, 2001. –230 б.
  5. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Атамұра, 2005. – 272 б.
  6. Матезиус В. Избранные труды по языкознанию. М.: Едиториал УРСС, 2003. – 232 с.
  7. Головин Б.Н. Основы культуры речи: Учеб. пособие. –М.: Высш. Школа, 1980. –335 с.
  8. Скворцов Л.И. Теоретические основы культуры речи. М.: Наука, 1980. –252 с.
  9. Речевое воздействие в сфере массовой коммуникации. – М.: Наука, 1990. –136 с.
  10. 10.  Сүлейменова Э.Д. Понятие смысла в современной лингвистике. Алматы: Мектеп, 1989. – 160 с.
  11. 11.  Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие. Мн.: Тетра Системс, 2004. –256 с.
1234
скачать работу

Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ