Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметі

ігін өзінен-өзі көрсетіп тұр.
XIX ғасырда еңбек айқайы ("Трудовые выкрики") деп аталатын тұрпайы материалистік теория пайда болды. Оның өкілдері Людвиг Нуаре, Карл Бюхнер, т.б. алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болды, бұл айқайлар ең алдымен етістік сөздердің шығуына негіз болды деп пайымдады. Бұл теорияны жақтаушылардың қателігі сол, олар тілді адамдардың қарым-қатынас кұралы ретінде түсінбей, тек еңбек процесін қостаушы көмекші кұрал деп түсінді.
Олардың тілдің шығуының себепшісі болған алғашқы сөздер етістіктер еді деген пікірінің ешқандай ғылыми негізі жоқ. Тілді табиғи организм деп түсіндіретін натуралистік теория жөне басқа таза биологиялық ағым немесе тілдің шығуы мен дамуын кұдайдың құдіретті күшінің нәтижесі деп түсіндіретін діни-идеалистік теориялар т.б. бұрында да бар еді, қазірде де жоқ емес. Бірақ олардың бәрі, сыйып келгенше, ғылыми емес теориялар екендігін атап айтпасқа болмайды.
Тіл философиясының ғылыми түсінігін кезіндегі археология мен єтнографияның, антропология мен социологияның т.б. зерттеулеріне сүйене отырып жасап берген К.Маркс пен Ф.Энгельс болды. Олардың ілімінше, адам тілінің табиғи қалыптасуына бірден-бір себеп болған адам тектес маймылдардың адамға айналу процесінің барысынла туған қоғамдық қажеттілік - алғашқы адамдардың бірлескен тіршілік іс-әрекеттерін үйлестіру қажетті еді. Демек, адам тілінің шығуы адам коғамының шығу, қалыптасу проблемасына барып тіреледі екен, өйткені біріншісі екіншісінің, яғни антропогенез бен социогенез проблемасының, құрамдас бөлігі болып табылады.
Сонымен, адамның санасы мен сөйлеу тілінің шығуы қоғамдық өндірістің және онымен бірге алғашқы қоғамдық қатынастар мен қажеттіліктердің ұзақ уакыт бойы қалыптасып, адам тектес маймылдардың үйірлерінің алғашқы әлеуметтік адам бірлестіктеріне айналуының және сондай-ақ соған сәйкес дене құрылысының өзгеруінің нәтижесі болып табылды.
Сонымен қатар, ру-тайпалар арасында кұралдар және басқа бұйымдар алмасу іске аса бастады, ал бұл білімдер мен еңбек ету әдіс-тәсілдері, дәстүрлері тілдік қатынас құралы арқылы басқа тайпалар мен халықтардың мүшелерінің арасына тарап отырды.
"Алғашқы тілдің табиғи материясы" да қазіргі заманғы тілдердің "материясынан" көп өзгеше болған - оларда дыбыстық сөздермен бірге "ымдау тілі" де кеңінен пайдаланылған дейді зерттеулердің нәтижелері. Жоғарғы тас дәуірінде (бұдан шамамен 40 мың жылдай бұрын) неандертальдықтардың орнына жаңа адам (неоантроп немесе "Ното заріегш") келеді. Ол енді жеке құрал емес, құрамдас еңбек құрал (мысалы, сабы бар балта) жасай алатын болды, жартастарға көп түсті сурет салуды білді. Оның бас сүйегінің көлемі мен құрылысы қазіргі адамдікінен айнымайды деуге болады. Бұл дәуірде енді нағыз қатынас құралы, қалыптасып келе жатқан ой ұғымдарын қоғамдық жағынан тұжырымдау құралы бола алатын дыбысты тілдің қалыптасуы аяқталды: "... Адамдардың қажеттері және оларды қанағаттандыруға көмектесетін енбектің түрлері көбейіп, әрі қарай дамыған сайын адамдар нәрселердің тұтас топтарына жеке атаулар бере бастады"-. Тілдік белгілер бір-бірінен біртіндеп ажырап, жеке мазмұнға ие бола бастады: тұтаскан аралас сөз-сөйлемдерден аз-аздап жеке сөздер - болашақ есімдер мен етістіктердіњ түп түлғалары бөлініп шыға бастады, ал тіл тұтас алғанда өзінің қатынас құралы және айналадағы дүниені танып білу құралы ретіндегі функцияларын (кызметтерін) шын мәнінде атқара бастады.
Тіл және қоғам. Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұжан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Бұл кең түсінік: тіл арқылы хабарды жеткізуге (информативтік және констациялаушы функциясы), немесе хабарды алуға (сұрау функциясы) болады. Сонымен бірге қозғау салуға, бұйыруға, өтінуге (аппелятивтік функциялары) т.б. болады. Бұлардың хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдерге сәйкес келетінін байқауға болады. Келесі мәселе тілдің қоғамдағы жіктелістері. Ол тілдің қоғамдық дифференциялары деп аталады. Оның негізгілері:
1. Әлеуметтік дифференция әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік топтарына, мамандығына, шаруашылық кәсібіне байланысты жіктелулер бар. Терминдер, арнайы сөздер белгілі бір сала бойынша қолданылады. Оларды әдетте ғылыми терминдер, өнер терминдері және спорттық терминдер деп бөледі. Кәсіби сөздер, профессионализмдер әлеуметтік диалект деген татаумен де белгілі. Олар адамдардың, өлкенің шаруашылық кәсібіне байланысты, соған тән сөздер. Мысалы балық, егін, бақша өнімдері, мал шаруашылығы, құсбегілік, аңшылық немесе өндірістік аймақтардың сол шаруашылыққа байланысты ғана қолданылатын сөздері жатады. Ал жаргондар адамдардың әлеуметтік топтарына байланысты қолданылатын сөздер, бұл мағынасында әскерилердің жаргоны, студенттік жаргон, қылмыскерлердің жаргоны, компьютерлік жаргон деген ыңғаймен қолданыла береді, бұл ауызекі тілде молынан ұшырасады, әдеби тілге енбейді. Жасөспірімдердің тіліндегі сөйлеу ерекшеліктері сленг деп аталады. Бұлар тілдік «модаға, сәнге» байланысты өзгеріп отырады. Лингвистикада бұлардың бәрін жинақтап, әлеуметтік дифференция бойынша сөздердің түрлерін социолект деп атайды.
Бұл атаулар әдеби тілге енбейтіні болмаса, жағымсыз мағынада қолданылмайды. Шындығында, қазіргі әдеби тілде бір кездегі жаргондар сөздің ауыспалы мағынасы немесе, лексико-семантикалық варианты, тұрақты сөз тіркесі түрінде молынан ұшырасады.
2. Территориялық дифференция тілдегі диалектілерді, говорларды тілдің варианттарын береді. Мысалы ағылшын тілінің диалектілерімен қатар, америкалық, австралиялық, британиялық, жаңа зеландиялық, оңтүстік африкалық, канадалық деп аталатын нұсқалары бар. Ал диалектілер – жергілікті аймақтардың тілдік ерекшеліктері. Ол фонетикалық (сөздің айтылуындағы дыбыстық айырмалар), лексикалық (сол аймақта ғана қолданылатын сөздер) және грамматикалық (аймақтар бойынша сөз тұлғаларының айырмасы) диалектілер болып бөлінеді. Говорлар, сөйленістер – деген аймақтың ішіндегі сөйлеу ерешелігі бар шағын аудандар. Картаға түсіргенде диалект аймақтарының шекарасын изогластар бөліп тұрады. Бұл диалектология ғылымының зерттеу объектісі. Кейде диалект мен тілдердің айырмасын белгілеу қиын болады: бір тілдің екі диалектісі бір-бірін түсінбеуі де мүмкін, керісінше екі басқа тілде сөйлеушілер толық түсініседі. Бұл жағдайларда халықтың тілі деген түсінікке ғана қарайды.
Тіл өзінің бағытталуы бойынша монологті, диалогті, полилогті түрлерде жарық көреді. Монологті тіл кейінгі деп есептеледі. Себебі тіл, қарым-қатынас қажеттілігінен пайда болған.
Тіл және қоғам мәселелеріне тілдің мәртебелері, қолданылу аясы, мемлекеттік және ресми тіл, халықаралық қатынас тілі статустары, тілді дамыту мәселелері де жатады. Қазір әлемде шамамен 6000-ға жуық тірі тіл бар деп есептеледі. Олардың 70 пайызының жазба тілі жоқ және жойылып кетудің алдында тұр. «Әлемдік тілдер» деген атауды негізінен БҰҰ-ның ресми жұмыс тілдеріне қолданылады. Олар қытай, ағылшын, испан, француз және орыс тілдері. Тілдің таралуын, көлемділігін сол тілде сөйлейтін адамдардың санымен есептейді: 10 млннан аса адам сөйлейтін тіл лингвистикалық өлшеммен ірі тіл болып саналады. Жер бетінде ондай тілдердің саны 100-ге жуық. Қазіргі ана тілі, қос тілділік (билингвизм), көп тілділік (полиглотизм) мәселелері де осыған енеді. Тіл халықтың және ұлттың, ұлттық мемлекеттіліктің басты белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттер әрқашан тіл саясатын басты назарда ұстайды.
Тілдің пайда болуы, дамуы, әдеби тілдің қалыптасуы, стильдік тармақталуы туралы мәселелер де тіл және қоғам түсінігіне орайласады. Бұл бағыттағы барлық мәселелермен тіл білімінің қомақты саласы болып табылатын социолингвистика ғылымы айналысады.

Әдебиеттер тізімі

1. Маслов Ю. С. Введение в языкознание. М.,1987.
2. Кодухов В. И. Введение в языкознание. М.,1987.
3. Реформатский А. А. Введение в языковедение. М., 1967.
4. Будагов Р. А. Введение науку оязыке. М.,1965.
5. Широков О. О. Введение в языковедение. М.,1985.
6. Головин В. А. Введение в языкознание. М., 1983.
7. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А., 1995.
8. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1978.
9. Степанов Ю. С. Основы языкознания. М.,1992.
10. Теоретические основы классификаций языков мира. М.,1980.
11. Основные направления структурализма. М., 1964
12. Дирингер Д. Алфавит. М.,1963.
13. Вандриес. Ж. Язык М.,1987.
14. Щерба Л. В. Языковая система и речевая деятельность. М., 1974.
15. Гумбольдт В фон. Избранные труды по языкознанию. М., 1964.
16. Соссюр Ф. Курс общей лингвистики. М., 1933
17. Аймауытов Ж. Ана тілін қалай оқыту керек? “Жаңа мектеп” 1925 №2
18. Арапов М. В. Квантивная лингвистика. М. 1988.
19. Даль В. Толковый словарь М., 1935.
20. Байтұрсынов А. “Тіл тағылымы” А., 1989.
21. Дулатов М. Жаңа жазу ережелері. Қ 1923.
22. Жиенбаев С. Қазақ тілі методикасы. А. 1941.
23. Жинкин Н. И. Коммуниткативная система человека и развития речи в школе М. 1969.
24. Жинкин Н. И. Реч как проводник информация. М. 1982.
25. Жұбанов Қ: Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер А. 1999.
26. Жұмабаев М. Педагогика. А. 1992.
27. Кеңесбаев С. Жанұзаков Т. Руссо-казахский словарь лингвистических терминов. А. 1966.
28. Оразбаеваа Ф. Ш. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. А. 2002.
29. Аймауытов Ж. Комплекс пен оқыту жолдары. 1929.
30. Әлімжанов Д. Маманов Ы. Қазақ тілін оқытук методикасы. А. 1965.
31. Байтұрсынов А. Тіл құрал, I, II, III Тіл танытқыш Қ. 1925.
32. Дулатов М. Жаңа жазу ережелері. Қ. 1923.
33. Қазақ тілінің түсіндірме сө

123
скачать работу

Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ