Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тірі организмдердің көптүрлігі

ілігі: шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, жәндіктер. Буынаяқтылардың тіршілік ортасына бейімделуі. Олардың көбеюі, дамуы. Буынақтылардың экологиясы, олардың табиғаттағы рөлі.

Тікентерілер типі

Тікентерілерінің құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Тікен терілерінің көптүрлігі: теңіз жұлдыздары, теңіз кірпілері, голотуриялар. Тікентерілерінің экологиясы, олардың табиғаттағы рөлі.

Хордалылар (Омыртқалылар) типі

Хордалыларға жалпы сипаттама

Хордалы жануарлардың жіктемесі. Бассүйексіздер, қабықтылар және омыртқалылар типтері. Ланцетниктің құрылысы, тіршілік ерекшеліктері және шығу тегі. Омыртқалы жануарлардың табиғаттағы рөлі.

Балықтар класы

Шеміршекті және сүйекті балықтар. Балықтардың құрылысы, тіршілік ерекшеліктері, көбеюі және дамуы.

Шеміршекті балықтар.  Шеміршекті балықтардың өкілдері: акулалар, скаттар, химералар.

Сүйекті балықтар Сүйекті балықтардың жүйеленуі. Сүйекті балықтардың негізгі кластары: шеміршекті-сүйекті, қостынысты, саусаққанатты және сәулеқанатты балықтар. Балықтардың экологиясы,  олардың табиғаттағы рөлі. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балықтарды қорғау.

Қосмекенділер класы

Қосмекенділердің құрылысы, тіршілік ерекшеліктері, көбеюі және дамуы. Қосмекенділердің көптүрлігі: аяқсыз, құйрықты және құйрықсыз. Қосмекенділердің шығу тегі, олардың табиғаттағы рөлі. Қосмекенділердің экологиясы. Қазақстанда таралған қосмекенділерге сипаттама. Қазақстанда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан қосмекенділерін қорғау.

Бауырымен жорғалаушылар класы

Бауырымен жорғалаушылардың құрылысы, тіршілік ерекшеліктері, көбеюі және дамуы. Бауырымен жорғалаушылардың өкілдері: қабыршақтылар (жыландар, кесірткелер, хамелеондар), қолтырауындар (қолтырауындар және аллигаторлар), тасбақалар және тұмсықбастылар (гаттерия). Бауырымен жорғалаушылардың экологиясы. Қазақстанда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан бауырымен жорғалаушыларды қорғау.

Құстар класы

Құстардың құрылысы, тіршілік ерекшеліктері, көбеюі және дамуы. Құстардың экологиясы мен көптүрлігі: дала және шөл құстары, су және су жағасы құстары, батпақ құстары, күндізгі және түнгі жыртқыш құстар. Орман құстары, жер беті құстары және қырсыз төстілер, пингвиндер, жыл құстары. Құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Құстар экологиясы. Қазақстанда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан құстарды қорғау. Құс шаруашылығы — мал шаруашылығының бір саласы. Үй құстарының негізгі  тұқымдары.

Сүтқоректілер класы

Сүтқоректілерге жалпы сипаттама. Сүтқоректілердің құрылысы және  тіршілік ерекшеліктері. Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Сүтқоректілердің экологиялық топтары: жер беті, жер асты, су және ұшқыш сүтқоректілері. Жыртқыштар, жұптұяқтылар, тақтұяқтылар, кемірушілер, қолқанаттылар, ескекаяқтылар. Сүтқоректілердің шығу тегі. Сүтқоректілердің экологиясы. Қазақстанда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан сүтқоректілерді қорғау.

Үй және ауылшаруашылық жануарлары

Үй жануарларының шығу тегі. Үй жануарларының қолға үйрету орталықтары. Жануарлар селекциясының әдістері. Үй жануарларының көптүрлілігі.

Қой шаруашылығы және оның салалары. Қазақстандағы қой шаруашылығының негізгі бағыттары. Қазақстанда өсірілетін негізгі қой қолтұқымдары.

Жылқы шаруашылығы. Қазақстанда өсірілетін жылқы қолтұқымдары.

Түйе шаруашылығы. Қазақстанда өсірілетін түйе қолтұқымдары: қазақ, қалмақ монғол.

Мал шаруашылығы. Қазақстанда өсірілетін негізгі ірі мал қолтұқымдары.

Мал шаруашылығының салалары; омарта, жібек көбелегін, үй қоянын, бұғы, шошқа және терісі бағалы аң өсіру шаруащылықтары.

Қорытынды

Көрсетілімдер:

Қарапайымдардың, ішекқуыстылардың, құрттардың, моллюскалардың, балықтардың, қосмекенділердің, бауырымен жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің суреттері. Шаяндардың, өрмекшітәрізділердің, жәндіктердің ылғалды препараттары. Жәндіктердің коллекциялары. Муляждар, моделдер, ылғалды препараттар, микропрепараттар, слайдтар, оқу фильмдері  т.б.

Зертханалық жұмыстар:

№1.Кірпікшелі кебісшенің құрылысы мен қозғалуы.

№2.Тұщы су гидрасының сыртқы құрылысы, тітіркендіргіштігі, қозғалуы.

№ 3.  Шұбалшаңның сыртқы құрылысы.

№ 4.  Ұлулардың сыртқы құрылысы.

№ 5.  Өзен шаянының және жәндіктердің сыртқы құрылысы.

№ 6.  Балықтардың сыртқы құрылысы.

№ 7.  Бақаның сыртқы құрылысы және қаңқасы.

№8.   Құстардың сыртқы құрылысы мен қаңқасы.

№9.   Сүтқоректілердің құрылысы мен қаңқасы.

        Практикалық жұмыстар:

Әртүрлі жануарлардың сыртқы құрылысына қарап түрін анықтау. Тірі табиғат бұрышындағы жануарлардың тіршілігіне бақылау жасау. Оларды күтіп-баптау. Жануарларды қорғау шараларын жүргізу.

Топсеруен:

Жануарлардың алуантүрлігін, олардың бірлестіктердегі тірі организмдермен және қоршаған ортамен байланысын, маусымдық құбылыстардың тіршілікке әсерін зерттеу үшін табиғатқа, ұлттық саябаққа, қорықтарға, қорықшаларға және өлкетану мұражайларына топсеруен.

Жазғы тапсырмалар:

1.Жергілікті өсімдіктерге фенологиялық бақылау.

2.Жергілікті өсімдіктердің түрлерін анықтау.

3.Әр топ өсімдіктерінің кеппе шөптерін жасау.

4.Бақылау күнделігін жасау.

5.Құмырсқалардың, аралардың және т.б. топтарындағы тіршілігін бақылау.

6.Балықтардың, қосмекенділердің аквариумдағы және табиғи сулардағы көбеюі мен өсуін бақылау.

7.Құстардың табиғи бірлестіктердегі тіршілігін бақылау.

8.Үй және жабайы жануарлардың мінез-құлқын бақылау.

12
скачать работу

Тірі организмдердің көптүрлігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ