Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ТОКСИКАЛЫҚ ГЕПАТИТТЕР

с істеу аурудың міндетті түрде жұмыспен қатынасы бар екенін дәлелдейді. Бұл кезде жұмыс уақытының ұзақтығын ескеру керек.

Сүлелі токсикалық гепатитке аурудың баяу дамуы тән, ол  холецистит белгілерінсіз диспепсиялық шағымдармен, бауыр көлемінің ұлғаюы, бауыр клеткаларының қызметтерінің бұзылуларымен жүреді. Осы бұзылыстарды анықтауда биохимиялық тексеру әдістерінің маңызы зор, және көбінесе энзимологиялық тестер.

Бауыр үшін органоспецификалық немесе цитоплазмалық ферменттер белсенділіктерінің жоғарлауының маңызы зор, ол улы заттардың бауырға әсерлерінің ерте белгілері болып табылады. Оларға жатады: аланинаминотрансфераза (АЛТ), лактатдегидрогеназа (ЛДГ5). Пигментті алмасулардың зақымданулары аз мөлшерде көрінеді, бастапқы сүлелі түрлерінде айқын клиникалық сарғаюларға әкеледі.

Гепатиттің жеңіл түрінде билирубиннің  тек бос фракциясы ұлғаюы мүмкін. Айқын түрінде билирубиннің қос фракциясыда жоғарлауы мүмкін. Аурудың өршуі кезінде  айқын клиникалық сарғаю, қан сары суындағы билирубин деңгейі біршама жоғарлауы мүмкін.

Бауырдың арнайы қызметтерінің біріне белокты синтездеу қабілеті, соның ішінде альбуминді синтездеуде жатады. Токсикалық гепатиттің бастапқы түрлерінде қан сары суындағы альбумин деңгейі төмендейді, ал айқын түрінде осы төмендеу айқынырақ болады.

Өндірістегі жұмыс жағдайына, науқастың жалпы жағдайына, аурудың клиникасына және оның ұзақтығына байланысты бауырдың токсикалық химиялық зақымданулары кезіндегі дәрігерлік еңбек ету сұрақтары шешіледі.

Уланулардың жеңіл түрлерінде науқаста бауырының зақымданулары емнен кейін қалыптасқаннан соң бұрынғы жұмысына қайтып келуіне болады. бірақ уланудан кейін бір жыл бойы динамикада дәрігердің бақылауында болады.

Айқын сарғаюмен, жоғары гиперферментемиямен, функционалды сынамалардың күрт төмендеуімен, жалпы ауырлық жағдайларына байланысты бауыр көлемінің ұлғаюы болған кезде науқас ұзақ уақыт бойы емделеді. Стационардан шыққаннан кейін бауыр қызметтері толық қалыптаспаған кезде науқасты санаторлық курорттық емге бағыттама береміз және 1,5-2 ай бойы улы заттармен қатынасы жоқ  жұмысқа ауыстырылады.

Егер ауру сүлелі түрге ауысып, бауырдың зақымдануларының қалдық белгілері сақталынса, науқасты міндетті түрде улы заттармен қатыныспайтын жұмысқа орналастыру керек. Ал осы уақыт ішінде науқасты уақытша  ІІІ топтың мүгедектігіне ауыстыруға болады.

Жұмыс істеу қабілетінің жоғалту деңгейі аурудың ағымына, оның нәтижесіне байланысты.

Кезеңді түрдегі тексерулер кезінде бауырда зақымдану белгілерінсіз  бауырдың қызметтерінің жетіспеушіліктерінің жеке дара түрлері анықталынса, нгауқас міндетті түрде динамикалық бақылауға алынуы керек.

Токсикалық гепатиттің диагнозы қойылған кезде, ДКК арқылы 2 ай мерзімінде улы заттармен қатынасы жоқ жұмысқа ауыстырылады, сонымен қатар барлық алдын алу және реабилитациялық шаралар жүргізіледі. Сүлелі токсикалық гепатиттің клинкалық латентті ағымы кезінде бауыр қызметтерінің тұрақты бұзылыстары болады,бұндай кезде улы заттармен қатынастары жоқжұмысқа ауыстырылады және  кәсіптік ауруы бойынша мүгедектік тобы беріледі.

Токсикалық гепатиттердің алдын алу сұрақтарын шешу кезінде алдын ала және кезеңді түрдегі медициналық тексерулердің маңызы зор. Жұмысқа алар алдындағы алдын ала  тексерулер үшін жұмысшының токсикалық гепатитпен және алкогализммен зардап шекпейтінін гепатотропты заттармен жұмыс істеудің қарсы көрсеткіштерінің болмауына қатал түрде қадағ,алау жасау керек.

12
скачать работу

ТОКСИКАЛЫҚ ГЕПАТИТТЕР

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ