Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұрар Рысқұлов

ың жай-жапсарын ашып берген бұл еңбекті Г.Сафаровқа Рысқұлов жаздыртқан. Отаршылдық туралы өзімізден гөрі орыс зерттеушісінің сөйлегенін жөн көрген. Орыстың сөзі өтімді боларын білген. Кітапқа енген деректердің басым көпшілігін авторға Тұрар Рысқұлов берген”.
Тарихшы ғалым М.Қойгелдінің жазбаларына қайта оралсақ, ол кісі: “Кеңестік биліктің негізсіз ұстанымын алдымен Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов бастаған Алаш қозғалысының жетекші тобы сынға алды. Бұл топтың сыны мазмұны жағынан кеңестік биліктегі Тұрар Рысқұлов пен Смағұл Садуақасов бастаған ұлттық элитаның, Еуропада эмиграцияда жүрген Мұстафа Шоқайдың пікірімен бір жерден шығып жатты”, дейді. Мұстафа Шоқай мен Тұрар Рысқұловтың мәңгілік мұраттары бір арнадан табылғанын, екеуінің екі түрлі жағдайда жүріп, ұлт қамы, түркі тағдыры жолындағы мақсаттары бір болғанын талай жыл Түркияда білім алған тарихшы, Мұстафадан мәністі докторлық диссертация қорғаған ғалым, жуырда ғана “Дарын” мемлекеттік сыйлығына ие болған Дархан Қыдырәли да өз еңбектерінде жан-жақты негіздеп, нақтылы дәлелдеп көрсетті. Қазақтың біртуар перзенті Нәзір Төреқұловты зерттеп жүрген зерделі ақын Сәрсенбек Сахабат та Тұрар мен Нәзір ой-пікірлерінің құнарлары қалайша қабысып, тілектерінің табысып жататынын жазып жүр. Тұрартанушы Молдияр Серікбаев сынды азаматқа баяғы Виктор Устиновтың өзі алғыс айтқан. Жүздеген журналистердің ұстазы, талапшыл тәлімгері Темірбек Қожакеев, тағы басқалар қалам тербеген.
“Сарыбала деген атты таңдауымның да себебі бар. 1925 жылы Қызылордаға барғанымда Тұрар Рысқұловтың жақсылығын көп көрдім. Алғашқы жазған хабарларымды, болмашы өлең, фельетонымды осы кісі қарап, Бейімбетке жолдап отыратын. Тұрар мені Сарыбала деуші еді. Прототипіме ат іздегенде осы есім ойға түсті”, дейді тазалығынан танбаған сырбаз суреткеріңіз Ғабиден Мұстафин.
Тұрарды тарихи-деректілік тұрғыдан да, кәусар әлем – көркем әдебиетке тән келбеті жағынан да таныта білген, осы жолда ерлікпен еңбектенген, әрине, қазақ­тың қайраткер қаламгері, халқымыздың сүйікті жазушысы Шерхан Мұртаза екендігі аян. Шерағаңның “Қызыл жебе” роман-эпопеясының бірінші кітабы “Рысқұл” 1978 жылы, екінші кітабы “Тұрар” 1980 жылы, үшінші кітабы “Жұлдыз көпір” 1984 жылы, төртінші кітабы “Қыл көпір” 1991 жылы, бесінші кітабы “Тамұқ” 1994 жылы жарық көрді. Сыншы Сайлаубек Жұмабек өзінің “Жұлдызы нұрлы суреткер” атты монографиясында: “Қызыл жебе”, сөз жоқ, роман-эпопея! Суреткердің лирикалық-философиялық прозасы осы роман-эпопеяда барлық бітім-болмысымен мейлінше жарқырап көрінген демеске шараңыз жоқ. Қазақ халқының ұлы перзенті Тұрар Рысқұловтың теңдессіз трагедияға толы өмір жолы әрқашан халық трагедиясымен бірлікте қарастырылады. Қырық жылға жуық уақыт ішінде қазақ халқының басынан кешкен зобалаңдары, аштық қырғыны, репрессия зардаптары талай-талай романдарға, роман-эпопеяларға жетіп-артылатыны белгілі... Сонымен, қырық жылға жуық шығармашылық бейнетінің нәтижесінде дүниеге “Қызыл жебе” роман-эпопеясы келді”, дейді.

Кемеңгер суреткеріміз Мұхтар Әуезовтің “Қараш-Қараш оқиғасындағы” әуез-әуенді қайталамай, Рысқұлдың әуелгі қасіретін өзінше өрнектеген шебер прозашы Шерхан Мұртаза алғашқы екі кітапта әкелі-балалы қос мұңлықтың тағдырына оқырманды ортақтастыра тартып, баурап әкете барады. Үшінші кітап “Жұлдыз көпірде” автор тереңдігі мен Тұрар тереңдігі үйлесе, ұнаса, жараса кіріккен. Түрік республикасын құру идеясы да көрінісін тапқан. “Қыл көпірде” ұлттар мәселесіне байланысты мұраттары жан-жақты ашыла түседі. “Дегенмен, “Қыл көпір” романында ең басты назар Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған екі хатының әлеуметтік тарихына аударылады”, дейді сыншы С.Жұмабек.
Бесінші кітап “Тамұқтың” тарауларына ой көзін жіберіп көріңізші. “Соңғы сәуле”, “Тұтқын”, “Тергеу”, “Ескендір”, “Өмірзая”, “Әзиза”, “Тұрар”, тағы да “Өмірзая”, тағы да “Тұрар”... “1937 жылдың мамыры мен 1938 жылдың ақпаны аралығында озбырлықтың, өктемдіктің қанды шеңгеліне түскен қазақ халқының ұлы перзенті, біртуар тарихи тұлғасы, аса көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың, яғни тоталитарлық режимнің ноқтасына сыймаған ғажайып қайсар, ғажайып өр, ғажайып адал, ғажайып көреген күрескердің ғаламат тұлғасына шексіз сүйсінеміз! Шексіз тағзым етеміз! Шексіз аяймыз!” депті сыншы Сайлаубек.
Бәрібір, жоғарыдағы біз атаған, айтқан-жазғандарын аз-аздап қана келтірген, там-тұмдап қана тоқталған тарихшылардың, публицистердің, сұңғыла суреткерлеріміздің дүниелерін, Тұрар Рысқұловтың өз туындыларын байыптап байқап шыққанның өзінде Тұрартұғыр дейтұғын текті түсінік, ұлағатты ұғым пайда болады. Тұрартұғыр!
Тұрартұғыр. Ол – Рысқұлов феноменінің тау тұлғалы тұрпаты. Өткен ғасырдың жиырмасыншы және отызыншы жылдарында Тәңіртаудың шоғыр-шоғыр шыңдарындай асқақтап шыққан Алаштың ардақтылары аз емес-ті. Солардың бірі һәм бірегейі – Тұрартұғыр дейтұғын дара ұғым тудыратын Тұрар Рысқұлов. Тұрартұғыр – түркі ұлттарының түгел тағдырын тым-тым тереңнен ойластыра алған, қазағының қамын қайраткерлікпен қарастыра білген, ұлтын аштықтың алапатынан алып қалған, тоталитарлық тәртіп билігінің биіктерінде жүріп-ақ, қаскөй қызметтестерінің аңдуында отырып-ақ Алаш арнасындағы азаматтық парызын адал атқарған ардақтымыздың бейнесі. Тұтас таудың қымбат құзары. Тұрартұғыр – басшы бола білмектің, басқара білмектің, ел мен жерге, халыққа қызмет етпектің, зиялылық пен зияттылықтың үлгі-өнегесі. Тұрартұғыр – Тәуелсіздікті баянды етпек бағыттағы таланттар мен дарындардың бағдар етер биік мұнарасы.
Тұрартұғырыңызды ешкіміңіз де еңкейте алмақ емес. Тұрартұғыр төмендемейді. Тарих өз бағасын әлдеқашан беріп қойған.
Әрине, түрлі-түрлі тосқауылдар шыға берер. Пікірталастар бола берер. Бірқатар себептерін жаңа айттық қой. Тау тұрпатты тұлғаларымыздың ешқайсысына да оңай болмағаны белгілі. Солардың ішінде Рысқұловқа өте-мөте ауыр болды. Оның қайшылықтары мен қателіктері кездеспеуі беймүмкінтұғын. Тоталитарлық билікте жүрген соң кейде айтқысы келмегенін айтуға, жазғысы келмегенін жазуға мәжбүрленді. Бірен-саран реттерде сөйтіп, сайып келгенде, бәрібір, Алаш арнасынан табылды. Әнебір алмағайыпта қателескенін айтып, кешірім сұрауға тиісті еді. Аждаһа-апаттың аузына түсіп кетпеу үшін. Орағытып өтіп, қазақтайын ұлтына, түркідейін жұртына, айналып келгенде, адал ниетті адамзатқа қызмет қылмақ үшін. Ондай кешірімді Ахмет Байтұрсынұлынан бастап, Мұхтар Әуезовке дейінгі талай тарландарымыз, Алаштың айтулы ардақтылары сұраған.

Түпкі мақсат үшін.
Түбегейлі тірлік үшін.
Түптің-түбінде келетін
Тәуелсіздік үшін.

Әңгімемізді әу баста асылдың тұяғындай, алтынның сынығындай Сәуле Тұрарқызынан бастағанымызда гәп бар. Жақында республикалық басылымда сол кісінің “Проспект Рыскулова” деген мақаласы шыққан. Алматыдағы Рысқұлов даңғылынан сыр шертіп бастаған Сәуле әпкеміздің негізгі айтпағын, көңіл-күйіндегі күйзелісін түсінесіз. Сәуле Тұрарқызы өкпе-ренішін жасырмайды. Алайда, қаншама қанқұйлы, қанқасап заманның зарарын тартып, азабын арқаласа да ақ адал пейілінен айнымаған, парасаттылығынан танбаған. Зиялы-зияттылар қанынан жаратылғандықтан ғой, ішкі мәдениеті, этика-эстетикасы таңғажайып биік, қазақтың діліне берік бекзат қызы бірқатар елеулі ескертпелер жасапты. Рысқұловтың өмірі мен қызметіне, Тұрардың өз тұлғасына және отбасы мүшелеріне байланысты баспасөзде орын алып жүрген ағаттықтар мен көпе-көрнеу бұрмалаушылықтарды атап-атап көрсетіпті. Интернеттегі бірер бұра тартушылықтарға тоқтала келіп, онда әлі күнге дейін Т.Рысқұлов 1943 жылғы 19 сәуірде “жүрек талмасынан” қайтыс болды делініп тұрғанына таңырқайды. Шын мәнінде ондай мәлімет әдейі, тау тұрпатты тұлғаны төмендетпек үшін, қитұрқылықпен құрастырылғаны белгілі. Тұрардың 1938 жылғы 10 ақпанда атылғаны әлдеқашан дәлелденген. “Интернеттегі мәліметтерді түзету керек!” дейді Сәуле Рысқұлова. Әпкеміз, сондай-ақ “Мой город другим не заменить” атты кітаптың авторы да Т.Рысқұловтың өмірбаяны мен тағдырына байланысты бұрмалауға жол бергеніне, “Аргументы и факты-Казахстан” басылымындағы С.Оспанова айтты деген ағаттықтарға, тағы басқа да дәлсіздіктер мен дәйексіздіктерге реніш білдіріп, шынтуайтында қалай екенін, анасының, ағасының, әпкелерінің қалай тұтқындалғанын, тағдырлары қалай болғанын, әкесі мен шешесінің қайтіп, қандай жағдайда қосылғанын, қалай ғұмыр кешкенін, Тұрар Рысқұловтың халық шаруашылығы салаларын дамытудағы зор еңбегін, қайраткерлік қасиеттерін нақ-нақ баян етеді. Ештеңені де бұрмаламауды, ол үшін тарихи еңбектерді, қазір жол ашылған құжаттарды қарап, оқып-тоқуды, қателіктерді тездете түзетуді ұсынады.
Сәуле Тұрарқызына мың да бір алғыс! Тебіреніспен оқисыз мақаласын. Көңіл күйзелісін ұғынасыз. Баспасөзде де, басқа сөзде де, интернетте де бұр­маланбасқа тиіс талай-талай нәрселердің мәдениетсіздікпен өзгертіліп, сауатсыз, қате жазылатындығына етіңіз үйрене бастағанына үрейленіп, селк ете қаласыз. Сәуле әпкеңізге сол үшін көп-көп рахмет дейсіз. Мінекиіңіз, мақаласының соңында тағы да: “Бозбала Тұрар жетімдіктің зардабын сезініп, өзгеше өткірлік, батылдық қасиеттерін ертерек шыңдады. Сондай шақтарында ол өзінің жасын екі жылға үлкейткен”, деп жазыпты. Ренжімеңіз, Сәуле Тұрарқызы, сіз қайта-қайта жазды екен деп, әлсін-әлсін айтты екен деп, тездете түзей қоймас түземекке тиістілер. Дегенмен, есіл ердің Түркістан республикасын 28 жасында емес, 26 жасында басқарғанын, 44 жасында емес, 42 жасында жазықсыз атылғанын жүрегіне жазып қойғандар баршылық.
...1938 жылғы 8 ақпанда құрамында – төрағалық етуші армиялық әскери заңгер Ульрих, мүшелері – бригадалық әскери заңгер Зарянов, б

1234
скачать работу

Тұрар Рысқұлов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ