Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұрар Рысқұлов

ң, Мұхтар Қазыбектің, Ғаппар Маймақовтың ізгі ізденістерін атап көрсетеді. Талантты тарихшы Мәмбет Қойгелдінің тынымсыздығы нәтижесінде Тұрар турасындағы талай деректер айқындалып, жұмбақ жатқан құпиялар ашылып, маңызды материалдар табылды. Ол кісінің жан-жақты талдап жазғанындай-ақ, Тұрар Рысқұловтың өмірбаянында оның тікелей ұйымдастыруымен және төрағалығымен 1926 жылы Мәскеуде өткен ұлт мәселелеріне арналған кеңестің жөні бөлек, жосығы ерек. Оған РСФСР құрамын­дағы автономиялық құрылымдардың басшы қайраткерлері, БОАК және КСРО ОАК мүшелері қатысқан. “Қатысқан кісілердің құрамы, сондай-ақ онда талқыланған мәселелердің маңызы жағынан бұл кеңес, уақыт көрсеткендей, шын мәнінде ұлт мәселесіне арналған бүкілодақтық бесінші кеңестің міндетін атқарған еді. Одан бұрынғы ұлттар мәселесіне арналған төртінші кеңес 1923 жылғы 9-12 маусым аралығында болған. “Өте құпия” деп мөр басылған төртінші кеңестің материалдарын жетпіс жыл өткен соң, 1992 жылы жеке кітап етіп мәскеулік “Инсан” баспасы шығарды.

Ал “Националдар кеңесі” немесе “Рысқұлов кеңесі” атанған 1926 жылғы кеңестің материалдары да “құпия” деген белгімен Мәскеу архивтерінде сақтаулы”, деп жазған болатын М.Қойгелді 1994 жылы. Ғалым бұдан әрі жаңа империялық принциптердің үстемдік алуына жанұшыра, батыл қарсы шыққан З.Валидов, М.Сұлтанғалиевтердің қызметтен аласталып, абақтыға жабылғанын, алайда алашшыл арыстардың бірегейі Тұрар Рысқұловтың орталықтың озбырлығына наразылық рухын титтей де бәсеңдетпей, қайта өзгеше өрістете түскенін дәйектейді. “Ал тезірек шешімін табуды күткен мәселелер күн өткен сайын көбейе түскен. Сөйтіп, большевиктердің ұлттық езгіде келген халықтарға теңдік жұмағын беру жөніндегі уәдесі қол жетпес мұнарға айнала бастайды. Бұл жағдай РСФСР құрамындағы автономиялық құрылым басшылары арасында орталықтың саясатына деген наразылықтың өсе түсуіне негіз болды. Т.Рысқұлов өткізген кеңес сол наразылықтың жиынтық көрінісі болатын. Кеңес қабылдаған ұсыныстарда орталық биліктің ұлт аймақтарымен қатынасын қатал сынға алған жолдар жеткілікті еді”, деп жазады Мәмбет мырза “Адасқан кім? Т.Рысқұлов па, жоқ әлде тоталитарлық жүйе ме?” деген мақаласында. Ал енді сол кеңестегі Тұрар Рысқұловтың қорытынды сөзіне қараңызшы: “Орталық мемлекеттік аппарат өздеріңізге мәлім мүдделерді қорғап әбден қалыптасып қалған. Енді оны сол қалыптасып қалған бағыттан басқа жаққа бұру жеңілге түспес. Аппарат ұлттық аймақтардағы ерекшеліктерді есепке алуға бейімделмеген. Керек десеңіз, оның жетекшілері қандай ұлттардың қайда тұратынын да білмейді. Онда жұмыс істейтін шенеуніктер ұлтшылдық пиғылмен уланған, ұлыдержавалық шовинизм тура осы орталық мекемелерден тарап отыр. Қазіргі экономикалық саясатта елді индустрия­ландыру мәселесі – ең негізгі мәселе. Міне, осы мәселеде де ұлттық аймақтардың түпкілікті мүдделері мүлде есепке алынып отырған жоқ”.

Тарихшы түйіндегендей-ақ, Иосиф Сталин өзінің басты бағытын өткір сынға алған мұндай кеңеспен келісе алмас. Сондықтан көсем көпке бармай-ақ кәззаптық күрес ашты да жіберді. РСФСР-дың барлық автономиялық құрылымдарында “Рысқұлов кеңесінің” бағытын айыптаған жиналыстар өте бастады. Әрине, Қазақстанның астанасы Қызылордада қызу қарқынмен қамдастырылды. 1926 жылғы 18 желтоқсанда өткен осындай жиында негізгі баяндаманы Ф.Голощекин жасайды. Қорытындысы да, қаулысы да белгілі. Кейін, он екі жылдан соң, репрессиялау кезінде “Рысқұлов кеңесіне” қатысқан қайраткерлердің бәрі қамалды. Айуандықпен азапталды. Атылды.

“Тоталитарлық жүйе Т.Рысқұлов пен оның пікірлес серіктерін кешірген жоқ… Тұрар мен оның серіктері тура жол таңдаған еді. Бұл – уақыт дәлелдеген ақиқат”, дейді Мәмбет Қойгелді.

1999 жылы Алматыдағы “Санат” баспасынан Мұхтар Қазыбек пен Ғаппар Маймақовтың “Құпия кеңестер” атты кітабы шықты. Бұл жинақтың да елді елең еткізгені мәлім. Авторлар онда Ресей Федерациясы мұрағатынан Мәмбет Қойгелді алғаш тауып оқыған “Т.Рысқұловтың Жеке кеңесінің” материалдарын жан-жақты талдап, саралайды. Құпия кеңестердің әрқайсысының өзгешеліктері, төртінші кеңестің неліктен құпия өткізілгені, Тұрарға төнген қауіптің себептері, ұлттық теңсіздік пен шовинизмнің кесапатты көріністері, Тұрар Рысқұловтың тікелей өзі ұйымдастырған төтенше кеңес және онда көтерілген күретамырлы мәселелер, Тұрар өткізген Жеке кеңесті жоққа шығаруға тырысқан Голощекиннің қорқау-қарау әрекеттері, қазақтарды, әсіресе, ұлттық басшы кадрларды бір-біріне айдап салып, өз қолдарымен өздерін құртқызуды басты бағыт етіп ұстанғаны, Рысқұловқа қарсы қанқұйлы күресі – бәр-бәрі нақтылы фактілер, хаттамалар мен өзге де құжаттар арқылы дәлелденеді. Аталмыш кітаптың жартысынан сәл ғана астамы пайымды, байыпты талдауларға арналса, қалған бөлігінде “Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті Төралқасы жанындағы Ұлттар бөлімі және РСФСР Халық комиссарлары кеңесі Төрағасының орынбасары Рысқұлов жолдастың инициативасы бойынша шақырылған ұлт өкілдерінің БОАК пен КСР Одағы Орталық атқару комитеті мүшелері және ұлттық шет аймақтардың басқа да өкілдерінің Жеке кеңесінің стенограммасы” толық түрде берілген.

Парасатты жандардың, адал ниетті, пейілі түзу адамдардың Рысқұлов феноменін түсініп, түйсінуіне арналған, оның ілімдерін, мұраттары мен мұраларын игеруіне көмектесетін кітаптар онша көп болмаса-дағы, біраз-біраз баршылық екенін айтып-ақ, келтіріп-ақ жатырмыз ғой. Солардың ішінде ізденімпаз ғалым, талантты тарихшы, тұрартанушы Ордалы Қоңыратбаевтың “Тұрар Рысқұлов. Қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. Түркістан кезеңі” атты кітабы ғылыми мәні, зерттеушілік зері, тарихи маңызы, танымдық мазмұны, құжаттық құндылықтары жағынан айрықшаланады. Ордалының орны бөлек осы еңбегінде талданғандай, тек 1920 жылғы мамыр айында ғана Тұрар тындырған тірліктерге назар аударыңызшы. 1920 жылғы  4 мамырда Өлкелік партия комитетінің кеңейтілген мәжілісінде Т.Рысқұлов “Түркістанның қазіргі кезеңдегі жағдайы туралы” өзі даярлаған тезистерді жариялап, баяндама жасады. Ұзаққа созылған пікірталастан соң, мәжіліс Ш.Элиаваның “бұл тезистердің ашық баспасөз бетінде жария болмауын қамтамасыз ету үшін оған “өте құпия” деген белгі қойып қабылдау керек” деген ұсынысы мақұлданды. Барлық даулы мәселелерді Мәскеуде, тікелей Лениннің алдында шешіп келу мақсатымен Түркістан республикасының өкілетті делегациясы тағайындалды. Түрікаткомның 5 мамырдағы мәжілісінде Мәскеуде жүрген Түркістан республикасының өкілдері осы делегацияға есеп беріп, тіркеуден өтетіні туралы бұйрық шығарылды. Т.Рысқұлов бастаған делегация келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге аттанып кеткеннен кейін, оның бар мақсатын қаралауға арналған арыздар, хаттар астанаға қарай ағылды. П.Н.Лепешинский дегеннің хатында жағдайдың мейлінше шиеленіскені, Рысқұловтың әрекеттері, Түріккомиссия жұмысының қиындағаны айтыла келе: “Алдымен мұсылмандардың бағытының сипаты туралы екі ауыз сөз. Олардың ішіндегі саяси көсемдердің арасынан ең ақылдысы, болашағынан мол үміт күттіретіні және өте өсіп келе жатқаны – Рысқұлов”, деп жазылған. Лепешинский Тұрарды жергілікті буржуазия мен ұлтшылдардың ықпалындағы адам ретінде сипаттайды. 1920 жылғы 17 мамырда Мәскеуге Түркістан республикасының өкілетті делегациясын басқарып барған Т.Рысқұлов РК(б)П Орталық комитетінің хатшысы Н.Н.Крестинскийге өздерінің келгенін хабарлайды. Түріккомиссия мүшелерін қатыстыра отырып, делегацияның баяндамасын тыңдау және ұсынылған мәселелерді шешу үшін РК(б)П  Орталық комитетінің мәжілісін шұғыл түрде шақыруды талап етеді.

1920 жылғы 25 мамырда Т.Рысқұлов РК(б)П Орталық комитеті мен В.И.Ленинге “Түркістан республикасы жағдайының жоспары туралы” баяндамасын тапсырады. “Баяндамамен В.И.Ленин тікелей танысып шыққан, түпнұсқада қарындашпен салған белгілері бар”, дейді О.Қоңыратбаев. Тарихшы тоғыз беттен тұратын Тұрар баяндамасының барлық он тармағының таңғажайып мазмұнына талдау жасай отырып, мәтіндерін де толық келтірген. Рысқұловтың бүкіл болмыс-бітімі, мақсат-мұраты, түркішілдігі, ұлтжандылығы, көрегендігі, батырлығы – бар-баршасы осынау батыл баяндамасынан білініп тұр.

“Т.Рысқұлов Түркістан республикасының шынайы саяси-мемлекеттік егемендігі жолындағы саяси күрескер болды. Республиканы түркі тілдес халықтардың “ұлттық мемлекеттігіне” айналдыру мақсатын қойып, осы бағытта социалистік революция жариялаған “ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын” өмірге демократиялық жолмен енгізу үшін қажырлы күрес жүргізді. Республика егемендігі – саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты болуы тиіс дербестік құқықтарын қамтитын”, дейді Ордалы мырза.

“Тұрар Рысқұловтың Түрік республикасын құру идеясының дұрыстығын кеңестік Қазақстанның және кеңестік түркілердің кейінгі тағдыр-тарихы дәлелдеп берді. “Түркі тілдес түгел бол!” Бұл – аяулы арысымыз, бүкіл түркі тектес халқымыздың ұлы перзенті Тұрар Рысқұловтың ұраны, ұстанған бағыты. Мұраты, мияты. Сонымен бірге кейінгі ұрпаққа мұраға қалдырған ұлы өсиеті”, деп жазады танымал тарихшы Талас Омарбеков. “Тұрар Рысқұлов ғұмыр бойы империялық идеологиямен, империялық әлімжеттілікпен, империялық қулық-сұмдықпен алысып өтті. Арыстанша арпалысты. Аз ғұмырының айқасқа шықпаған күні, тартысқа түспеген сәті жоқ десек те болғандай”, дейді әдебиет сыншысы, мәдениеттанушы, публицист Әмірхан Меңдеке. Сол Әмірхан бір мақаласында өзінің Ташкент мұрағат­шысы Миразиз Мирсабировпен сөйлескенін жазады. “Білгенде қандай! – деген-ді Мирсабиров. – Әсіресе, мұндай қиянаттарды сіздердің Рысқұловтарыңыз жақсы білген. Тур ЦИК-ті басқарып тұрған кезінде Ресейдің отаршылдығын әшкере қылатын еңбектерді жариялаумен ден қоя айналысқан. Сол тұста біраз кітаптар да жарық көрген. Бұлардың ішін

1234
скачать работу

Тұрар Рысқұлов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ