Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Turbo Pascal - дағы енгізу және шығару операторлары

"margin-bottom: 0cm; line-height: 100%;"> WRITE (b: n) немесе WRITE (b: 5)

 

операторы арқылы жүзеге асырылады. Мұндағы b - айнымалының атауы: n - мәні бүтін сан болып келетін тұрақты түрінде берілген орын саны, оны бірден бүтін санмен де жазуға болады. Егер b: 5 пішімі беріліп, ал b =56 ( екі немесе үш разрядты сан) болса, онда беске дейінгі толтырылмаған орындарға сол жақ шетте бос орын қалдырылады. В = 56 мәні үшін WRІTE (b: 5) операторы экранға

«56»

тіркесін шығарады.

Нақты сандар ушін оның жалпы енін, сонан соң бөлшегі алатын орынды көрсету қажет, сол себепті аралас сандарды бейнелеуде оның ені қос нүктемен бөлінген екі бүтін сан арқылы жазылады. Сонымең нақты сан үшін пішім екі саннан тұрады:

 

І- санға берілетін барлық орын.

ІІ- үтірден кейін алынатын бөлшек цифрлар саны.

 

Мынадай оператор берілсін делік: WRІTE (Ү: 5: 2)

Мұндағы 5 - нәтижеге берілген барлық орын, 2 үтіпден соңғы бөлшек бөлігіне берілетін орындар саны. Мысалы, С= - 145.7865 болғанда WRITE (С: 8: 3) операторы экранға - 145.786 мәнін шығарады, мұндағы жалпы орындар саны - 8, ал бөлшек үш санмен бейнеленетіндіктен соңғы бір цифр жазылмай қалып отыр. С айнымалысының берілген мәнін толық бейнелеу үшін WRITE (С: 9: 4) операторын жазу керек еді. Жалпы нақты санды экранда бейнелеу операторының жазылу түрі:

 

WRITE (С: п: т);

 

мұндағы n - С мәнінің барлығына берілген орын саны; m - С мәнінің бөлшек бөлігіне белгіленген орын саны. n - нің мәні таңбаны, бүтін мен бөлшекті бөлетін нүктені және бүтін сандар орнын бөлшек қосып көрсететіндіктен, ол n > m +3 болуы тиіс. Экранға шығаратын сандардың арасында қалдырылатын бос орын санын да осы жолмен көрсетуге болады. Ол үшін екі апостроф жазып, одан кейін қос нүктемен бөлінген бүтін сан арқылы қалдырылатын бос орындар санын өрнектейміз, мысалы:

 

WRITE (b: 8: 3,":4, с: 12: 4);

 

мұндағы 4 - b мен с сандарының арасындағы бос орын саны.

Егер нақты сан үшін: WRIТЕ ('Ү =', Ү: 8: 3) пішімі берілсе, ал оның мәні Ү=1.76 болса, экраннан Ү=1.760 тіркесі көрінеді.

Егер операторда пішім көрсетілмесе, онда нәтuжеде сол сан экспоненциальды түрде экранға шығады.

Паскаль тілінде параметрсіз шығару операторы WRITELN жаңа жолға өту үшін қолданылады.

Егер WRITELN (аl, а2, ...,an); операторы қолданылса, онда аl, а2, ... ,аn. мәндерін экранға шығарған соң курсор келесі жолға көшеді.

WRITE операторын түсініктеме беруге қолдануға болады. Мысалы:

 

WRITE (' А, В, С мәндерін енгізіндер: ');

READ (А, В, С);

 

Мұндайда экранға:

А, В, С мәндерін енігізіндер:

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ