Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Turbo Pascal - дағы енгізу және шығару операторлары

Туре <тип атауы> =<тип мәндері>;

Логикалық шамалар екілік сандар жүйесіне сәйкес «1» және «О» деген мәндерді ғана қабылдайды. Мұндағы «1» тексерілетін белгілі бір шарттың - логикалық тұжырымның орындалатынын, яғни ақиқат екенін, ал «О» сол шарттың орындалмайтынын - тұжырымның жалған екенін көрсетеді. Бұл екі мән программада ағылшын тіліндегі айтылуына сәйкес true (1) және false (О) болып жазылады.

 

Символдық шамалар апострофқа алынған бір символды ғана мән ретінде қабылдай алады, мысалы, 'R','Л','%'тағы басқа. Бірақ әрбір таңбаны оның кодына байланысты реттелген бүтін сандармен де өрнектеу мүмкіндігі бар.

Мәліметтердің қарапайым түрлерін стандартты типтер деп атау қалыптасқан. Стандартты типтердің real түрінен өзгелері реттелген деп аталады, өйткені оларды бүтін сан арқылы өрнектей отырып өсуі не кемуі бойынша реттеп орналастыруға болады.

Стандартты типтер. Паскаль тілінде төмендегі қарапайым типтер пайдаланылады:

Бүтін типтер - SHORTINT, INTEGER, LONGINT, ВУТЕ, WORD;

Нақты тип - REAL, SINGLE, DOUВLE, EXTENDED, СОМР;

Логикалық - BOOLEAN;

Симводық - CНAR;

Ауқымды (диапозонды) тип;

Саналатын тип;

 

3.5 Паскаль тіліндегі программа дайындау жолдары.

 

3.5.1 Программа құрылымы.

 

Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. қандай да бір блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы - мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі.- сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс - әрекеттерді (операцияларды, амалдарды) атқару бөлімі.

Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі бөлімінің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі (глобальді) блок болып саналады. Ал блок ішіндегі блок - жергілікті (локальді) блок деп аталады.

Негізгі блок - негізгі программа блогы, сондықтан ол басқа блоктарға кірмеуі тиіс. Жергілікті блоктарға процедуралар мен функциялар кіреді, олар кейбір программаларда болмауы да мүмкін.

Программалардың негізг объектілері болып саналатын айнымалы, тұрақты және oлapдың типтері орналасқан блогына байланысты басты немесе жергілікті деп аталады. Программа объектілерінің де жұмыс істеу, ықпал ету аймағы сол өздері орналасқан блокпен шектеледі. Блоктық құрылым программа мәтінін тиянақты түрде қатесіз құрастыруға мүмкіндік береді.

Турбо Паскаль программасының тақырыбын (атауын) жазбай кетуге де болады, бірақ жалпы Паскаль тілінің стандарты бойынша программада тақырып болуы қажет.

Сонымен Паскаль тіліндегі кез келген программаның тақырыбы, одан кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек.Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:

  1. Программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының

тізімі (ол uses түйінді сөзімен басталады);

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ