Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Түріксой ұйымы – түркі халықтарыны мәдениетінің бірлігі

әулет ескерткіштері", "Көк түрік мемлекетіңің тарихы", "Диуани лұғат ат-түрік", "Ұлы Бұлғар-татар өркениетінің ескерткіштері", "Түркі әлемі поэзиясының антологиясы", "Күлтегін", "Қорқыт ата кітабы", "Менің елім Гагауз" атты бағалы кітаптар, "Едіге" эпосының татар нұсқасы, кырғыздың "Манас" эпосы, башқұрттың "Орал батыр" эпосы, М.Әуезовтің тавдамалы шығармалары түркі халықтарының тілдерінде жарыққа шықты. Ұйымның төрт айда бір шығатын "ТҮРКСОЙ" атты жур­налы бар.

Жалпы ТҮРКСОЙ өзінің қызмет ету қағидалары бойынша қалыптасқан халықаралық құрылымдар үлгісінің бірін де қайталамайды. Басқару формасы мен жүйесі ашық демократизм, сайлау, әр тараптың кұқықтары мен міндеттерін сақтау принциптеріне негізделген.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының атқарған шараларымен қатар алға қойған міндеттері де жеткілікті. Ұйым түркі тілдес халықтар арасында достық қарым-қатынас пен өзара түсіністік орнатуға, бәріне тиімді әліпби қалыптастыруға, туркі тілдес халықтардың рухани құндылықтарын, тарихи-мәдени мұрасьн сақтауға күш салып келеді. Түркі халықтары тілі ұқсас болса да осы кезге дейін әр түрлі әліпби қолданып жүргені баршаға белгілі. Тіпті латын әліпбиін пайдаланатың түркі тілдестердің жазуы да бір ізге түсірілген емес. Ұйым осыны ретке келтірудің жолдарын карастыруды естен шығармайды.

ТҮРКСОЙ халықаралық қатынастарды жетілдіру, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау бағытыңда жұмыс жүргізетін кез-келген ресми және бейресми құрылымдармен, қозғалыстармен серіктес болуды жөн санайды. Бұл жағынан ол үлкен беделге ие. ТҮРКСОЙ-дың бастамалары өзге ұйымдар тарапынан үнемі мақұлданып отырады.

Біздің елде "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айрықша назар аударып отырған осы бағдарлама бойынша атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі - ежелгі дәуірдің мұрасын зерттеп, жарыққа шығару. Ал біздің арғы тарихымыз ортақ, рухани бастауымыз бір екені белгілі. Ендеше бұл бағдарлама аясында біз бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани құндылықтарды түгендей алады екенбіз. ТҮРКСОЙ-дың мақсат-мүддесімен үндес осы мемлекеттік бағдарлама көптеген тарихи жәдігерлерімізді қайта оралтатын болады.ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы кұрылғаннан бергі уақыттың ішінде түркі тілдес елдердің мемлекет басшы-ларының қолдауына ие болып келеді. Бұл елдердің президенттері өздерінің жоғары денгейдегі басқосуларында ұйымның жетістіктерін жақсы бағалады. Мәселен, Ыстамбұл, Бішкек, Ташкент және Баку қалаларында өткен саммиттердің қорытынды құжаттарында түркі дүниесіне қызмет ететін осы кұрылымның маңызы туралы айтылды. Мемлекет басшылары ұйымның дер кезінде құрылғанына ризашылық білдіріп, түркі әлемінің ортақ мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде дамытудағы рөлін атап көрсетті. Елбасьмыз Нұрсұлтан Назарбаев ТҮРКСОЙ-дың бұдан бұрын Қазақстанда өткен мәжілістеріне қатысқан елдердің мәдениет саласының басшыларын қабылдап, түркі әлемінің түрлі мәселелері жөнінде ой бөлісті.

Енді міне ТҮРКСОЙ-дың келесі мәжілісі Қазақстанда өтпек. Біздің ел түркі әлеміндегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі ретінде ұйымның алдағы жоспарларын талқылау үшін іргелі басқосу ұйымдастырып отыр. Бұл жолы түркінің рухын тербеген ТҮРКСОЙ-дың туы қонақжай қазақ жерінде биігірек көтерілетініне сеніміміз мол.

12
скачать работу

Түріксой ұйымы – түркі халықтарыны мәдениетінің бірлігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ