Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Туризмдегі қауіпсіздіктің теориялық негіздері

факторларды қандай да бір заң бойынша азайтуға немесе сол арақашықтыққа байланысты толығымен жоюға негізделген.

Принципті жүзеге асыру мысалдары

Өртке қарсы қашықтықтар. Өрт таралып кетпеуі үшін ғимараттар мен басқа да объектілерді бір-бірінен белгілі бір аралық қашықтықта орналастырады. Бұл аралықтар өртке қарсы қашықтықтар деп аталады.

Санитарлық-қорғану зоналары. Тұрғын үй құрылыстарын зиянды және жағымсыз иісті заттардан, жоғары деңгейдегі айғай-шудан, вибрациялардан, ультрадыбыстардан, электромагнитті радиожиілік толқындарынан, электрден, иондық сәуле шығарудан қорғау үшін санитарлық-қорғану зоналары қарастырылады. Санитарлық-қорғану зоналары – бұл тұрғын үй құрылыстары және объектілері мен зиянды факторлар шекараларының арасындағы кеңістік.  Санитарлық-қорғану зоналарының мөлшері кәсіпорындарды санитарлық топтастыруына сәйкес бекітіледі.

Әлсіз буындар принципі бұл факторлардың белгілі бір алдын ала есептелген мәнінде істен шығып қалатын немесе жұмыс істейтін, өндірістік объектілерінің сақталуы мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін конструкциялар мен арнайы жабдықтардың әлсіз элементтерінің қауіпсіздігі мақсатында қолданылуы деп түсіндіріледі.

Бұл принцип техниканың әртүрлі салаларында қолданылады. Енді оны іске асыру мысалдарын қарастырайық.

Жарылысқа қарсы тәсілдер. Ғимараттардың жарылысқа төзімділігін қамтамасыз ету үшін ғимараттарда белгілі бір уақыт аралығында жарылыс қысымын қауіпсіз деңгейге төмендетуге болатын жарылысқа қарсы ойыстар қарастырылады. Жарылысқа қарсы ретінде терезе және есік ойыстары жиі қолданылады. Ойыстардың ашылу немесе бұзылу кезінде қысым мүмкіндігінше аз болғаны жөн. Жарылысқа қауіпті ғимараттардың әйнектерін бірқабатты етіп салу ұсынылады. Егер әйнектелу ауданы жарылысқа төзімділікті қамтамасыз ете алмаса, онда тез арада бұзылатын 1 м2 жерге салмағы 120 кг аспайтын панелдер немесе жабындар салған дұрыс.  Ойыстар ауданының барлық жабындар ауданына қатынасы ойыстық коэффициенті деп аталады.

Жарылысқа қарсы клапандар. Әртүрлі аппараттарда, құрылғыларда жарылыстардың бұзу әрекеттерін болдырмау үшін әртүрлі конструкциялардың жарылысқа қарсы клапандарын пайдаланады.

Басқарушы принциптер

Басқарушы деп қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісінің жеке стадиялары мен кезеңдері арасындағы қатынастар мен өзара байланыстарды анықтайтын принциптерді айтамыз.

Жоспарлылық принципі белгілі бір уақытқа іс-әрекеттердің сандық көрсеткіштері мен бағыттарын белгілеуді білдіреді. Бұл принципке сәйкес бақылау цифрлері негізінде әртүрлі иерархиялық деңгейде нақты сандық көрсеткіштер белгіленеді.Қауіпсіздік саласындағы жоспарлау еңбек жағдайын тікелей сипаттайтын көрсеткіштерде көрсетілетін соңғы нәтижелерге жетуге бағытталуы тиіс.

Ынталандыру принципі жұмсалған еңбектің саны мен сапасы есебін және материалдық игіліктер мен моральді көтермелеудегі нәтижелерді алуды білдіреді. Ынталандыру принципі жеке қызығушылық сияқты өте маңызды факторды іске асырады.

Компенсация принципі (латынның compensatiо сөзінен аударғанда орнын толтыру, өтем) психикалық және психофизиологиялық процестердің бұзылған тепе-теңдігін қайта орнына келтіру мақсатында әртүрлі жеңілдіктер беру немесе денсаулық жағдайын жағымсыз өзгерістерден алдын ала сақтандыру деп тұжырымдалады.

Компенсацияны жұмысшыларға, әскери қызметкерлерге және адамдардың басқа да категорияларына қарастырылады. Компенсациялардың бір түрі болып қалыпты жағдайда жұмыс істейтіндерге қарағанда ауыр және зиянды жұмыстарда істейтін жұмысшылар үшін тарифті ставкалардың шамамен 13%-ке, ал өте ауыр және өте зиянды жұмыстағылар үшін 30—33%-тен жоғарылап өсуі жатады. Ерекше зиянды жағдайдағы жұмысшыларға денсаулықтарын нығайту және профессионалды аурулардың дамуының алдын алу үшін тегін емдік-профилактикалық тағамдар беріледі. Болатын зияндардың түрлеріне байланысты қолданылатын емдік-профилактикалық тамақтандырудың 5 ғылыми негізделген рацион әзірленген. Емдік-профилактикалық тамақтану әдетте жұмыс басталардың алдында немесе түскі ас кезінде ыстық тағамдар ретінде беріледі. Күндізгі рационның калориялығы 1364—1481 калорияны құрайды.  Зиянды еңбек жағдайындағы жұмыстарда істейтін адамдарға жұмыс күнінде 0,5 литр сүт немесе оған теңестірілген өнімдер беріледі.

Сонымен бірге, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жеке қорғану құралдарын қолданумен де байланысты болады.

Тиімділік принципі нақты нәтижелерді жоспарланған көрсеткіштермен салыстыруда және шығын мен пайда критерийлері бойынша қол жеткізген көрсеткіштердің бағасында деп түсіндіріледі. Қауіпсіздік саласында әлеуметтік, инженерлік-техникалық және экономикалық тиімділіктерді бөліп көрсетеді. Қауіпсіздіктегі тиімділік функциясы  өте айрықша.

 Ұйымдастырушылық принциптер

Ұйымдастырушылық принциптеріне қызметтерді ғылыми ұйымдастыру жағдайының қауіпсіздігі мақсатында іске асырылатын принциптер жатады.

Уақытпен қорғану принципі қауіпті әсерлер жағдайында адамдардың ұзақ уақыт болуын қауіпсіз деңгейге дейін төмендету деп түсіндіріледі. Бұл принцип иондық сәулелерден, шулардан қорғану, демалыс ұзақтылығын белгілеу және басқада жағдайлар кезінде үлкен мағына алады.

Осыларға мысал келтіре кетейік.

А) Демалыс. Барлық дамыған елдерде жұмысшыларға жыл сайын төленетін демалыс беріледі. Бұл конституциямен кепілдік берілетін адамдаржың ең басты құқығы мен бостандылығы. Демалыс жұмыс кезінде жиналған шаршауды кетіреді, денсаулықтың жақсаруына себепші болады. Демалыс азаматтарды тұрғылықты жерінен басқа жерлерде демалуына бастаушы болады, демек, туризммен айналысуға себепші болады.

Б) Жұмыс күнінің ұзақтылығы. Жалпы жұмыс аптасының ұзақтылығы 35-45 сағатты құрайды. Ол мемлекеттің еңбек заңдылығына байланысты белгіленеді. Еңбектің зиянды жағдайлары жойылмаған жерлерде заңдылықтар бойынша кәсіби зияндылықтардың компенсация жүйелері қарастырылған. Компенсациялардың бір түрі болып жұмыс күнінің ұзақтылығының қысқартылуы есептеледі. Химиялық өндірісте көптеген жұмысшыларға 6 сағаттық (36 сағаттық жұмыс аптасы) қысқартылған жұмыс күні бекітілген, ал кейбір жұмыстарда – 5 сағат, тіпті 4 сағаттық жұмыс күндері де қарастырылған.

Нормалау принципі қауіпсіздіктің белгіленген деңгейін қамтамасыз етуді сақтау жағдайларының регламенттелуінде деп түсіндіріледі. Нормалау қажеттілігі абсолютті қауіпсіздіктің болуы мүмкін еместілігімен шарттас болады. Нормалаудың әдістемелік маңызы зор, себебі норма есептеулер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастыру үшін бастапқы көрсеткіш болып табылады. Нормалау кезінде адамның психофизикалық мінез-құлқы, экономикалық және техникалық мүмкіндіктер ескеріледі.

Эргономикалық принцип бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін адамның антропометрикалық, психофизикалық және психологиялық ерекшеліктері есептеледі деп тұжырымдалады.

Антропометрикалық талаптар бойынша жұмыс орнын, құралдарды, жиһаздарды, киімдерді, жеке қорғаныс құралдарын жобалау кезінде  адамдардың өлшемдері, отырыс-тұрыс кезіндегі қалыптары қарастырылуы керек.

Психофизикалық талаптар адамның сезім мүшелері жұмысының ерекшеліктерімен объект сипаттамалары сәйкестілігін белгілейді.

Психологиялық талаптар адамның психикалық ерекшеліктерінің объектілерге сәйкестілігімен анықталады.

 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары ұжымдық қорғану құралдары (ҰҚҚ) және жеке қорғану құралдары (ЖҚҚ) болып бөлінеді. Өз кезегінде ҰҚҚ мен ЖҚҚ қауіп сипатына, конструктивті орындалуына, қолдану облысына және т.б. байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Кең мағынада алсақ, қауіпсіздік құралдарына адамға қауіптерден қорғаныс болатын барлық іс-қимыл, қызметтерді жатқыза аламыз. Нақтырақ айтсақ, олар – тәрбие, білім, денсаулықты нығайту, тәртіптілік, денсаулық қорғау, мемлекеттік басқару орындары және т.б.

Қауіпсіздік құралдары ең басты қасиеттердің бірі – сенімділікке ие болуы керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау бойынша жұмыс беруші мен жұмысшылардың міндеттері мемлекеттің еңбек туралы заңдылықтарында көрсетіледі.

бақылау сұрақтары

1.   Туризм қауіпсіздігі дегеніміз не, оның мағынасы неде?

2.    Қауіп дегеніміз не?

3.   «Қауіп» категориясының белгілері

4.   Қауіптер қалай топтастырылады?

5.   Тәуекел қауіптің өлшемі ретінде

6.   Пайда болу себептеріне байланысты тәуекелдердің топтамасын беріңіз

7.   Келісімді тәуекелдің анықтамасын беріңіз

8.   Тәуекелдер қандай әдістер бойынша анықталады?

9.   Қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері қалай түсіндіріледі?

10. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағдаршы принциптері

11. Жүйелілік принципі қалай тұжырымдалады?

12. Деструкция принципінің мәні неде?

13. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық принциптері

14. Аралық қашықтықпен қорғану принципі

15. Санитарлық-қорғану зоналары не себепті бекітіледі?

16. Әлсіз буын принципін жүзеге асыру мысалдары

17. Жарылысқа қарсы тәсілдер мен клапандар

18. Басқарушы принциптер

19. Жоспарлылық принципі

20. Ынталандыру принципі

21. Компенсация принципі

22. Тиімділік принципі

23. Ұйымдастырушылық принциптер дегеніміз қандай принциптер?

24. Уақытпен қорғану принципі қ

123
скачать работу

Туризмдегі қауіпсіздіктің теориялық негіздері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ