Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Түркі қағанаты

Солтүстік Кавказдағы ескерткіштердегі руна жазуларын салыстырғанда соңғы деректер олардың бір диалектіде жазылғанын дәлелдеді23. Руникалық жазуды Кавказға және Еуропаға ғұндар алып келді. Қазіргі венгер тіліндегі 1500 сөз түркі тілінен шыққан.

744 жылы Түркі қағанаты ыдырағаннан кейін билік ұйғырларға ауды. Ұйғыр мәдениетіне Қытай, Үнді, Тохар және Иран мәдениеттерінің күшті әсері болғаны сезіледі198.  Француз ғалымы Готьо және Бартольд ұйғыр әліппесінің соғдылардан алынғанын ғылыми түрде дәлелдеген25, 206.   В.В.Бартольд ұйғыр әліппесі туралы “Ұйғыр әліппесі түркілер Исламды қабылдаған соң араб әліппесімен дереу алмастырылған жоқ. Ұйғыр әліппесі керісінше, мұсылмандық кезінде өркен жайып, монғолдарға жетті, біраз уақыттан соң манчжурлар осы әліппені қабылдады. Сүйтіп, ұйғыр әліппесі Тынық мұхитқа дейінгі жерде қолданымда болды. Осы әліппенің соғдылардан алынғанын XIII ғасырда өмір сүрген мұсылман ойшылы Фахраддин Мүбәрәкшах Мәруеррұди нақты атап көрсеткен. Түркілердің орхон жазуын тастап, ұйғыр әрпіне көшуі кері адым еді. Үйткені ұйғыр жазуы орхон жазуына қарағанда дыбыстарының саны аз болғандықтан, түркі тілінің дыбыстарын беруге жеткіліксіз еді”25 деп жазған.

Неміс ғалымы А.Фон Габен, «еуропа мен мұсылманның миниатюралық кескіндемесі живопись ұйғырлардан, яғни түркілерден шыққан» дейді 89.

Түркі тектес халықтардың ежелгі тарихы мен тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын танытатын VII-VIII ғасырларда Сырдария бойында мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында жыр дәстүрімен жазылған рухани қазына, эпикалық және тарихи мұра - «Қорқыт ата кітабы».

Қорқыт атаның өзі туралы академик Ә.Марғұлан: «...Қорқыттың өмір бойы арман еткені - өлмейтін, жасай беретін өмір іздеу, сол үшін күресіп, өлімге қарсы тұру. Мұнда ажалмен айқасумен бірге, құдайдың өзімен алысудың аялғысы бірге жүреді. Қорқыттың бұл философиясы дүние тарихында өте сирек жолығатын, адам баласы туғызған ойдың ең жарқын бейнесінің бірі болып суреттеледі. Мұны тек Прометей не Харта туралы айтылатын дүниежүзілік әдебиет мұрасына теңеуге болады. Қазақ аңыздары бойынша Қорқыт бар өмірін тағдырмен, дүниені жасаушымен алысу үстінде өткізеді. Өлмейтін өмірді көксеп, тағдырға, өлімге қарсы тұрады. Жас Қорқыттың іздегені адам баласының өлмей, уайымсыз еркін жасауы. Қорқыт философиясы бойынша, өлім оның көзіне зұлымдықтың басы болып көрінеді. Онымен күресуді Қорқыт өзіне бірінші міндет етіп қояды.

Өліммен күресу, адам баласына өлмейтін өмір іздеу жолында Қорқыт халықтың қорғаушысы, халық бұқарасына жан-тәнімен болысатын, оған дем беруді өзіне мұрат еткен кемеңгер бейнесінде суреттеледі.

Өліммен күресу сюжеті әсіресе қазақ пен Алтай елінің аңызында өте жарқын сарынмен айтылады. Бұл сюжет Шумер елінің эпосы «Гильгамеш» жырында да келісті суреттелген. Қазақ халқының өлімге қарсы аялғысы Қорқыт аңызымен байланысты»103.

Қорыта айтқанда Түркі қағанаты кезеңі түркі өркениетінің қалыптасу, шет елдерге тарау және тұтас түркі елі идеясының өмірге келу уақыты болды.

12
скачать работу

Түркі қағанаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ