Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы

сының әлеуметтік-саяси қатынастарына арналған еңбектерінің де мәні зор («Абылай», «Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, сауыт-саймандары», «Шона батыр», «Сот реформасы туралы жазбалар», «Даладағы мұсылмандық», «Тәңірі», «Қазақтың көші-қоны», т.б.). Көптеген еңбектерінде ол тарихшы, географ, этнограф қана емес, публицист, әдебиетші, жазушы ретінде де көрінеді.

Ол А.Пушкин, М.Лермонтов, т.б. орыс ақын-жазушыларының еңбектерімен қатар, Еуропа әдебиетінен Ж.Руссо, Ч.Диккенс, В.Теккерей, В.Шекспир, Гете шығармаларын сүйіп оқыған. Сөйтіп, Батыс, Шығыс орыс әдебиетін зерттеуге де ерте кіріскен. Кадет корпусында Костылецкий екеуі қазақ эпосын зерттеуді қолға алып, «Қозы Көрпеш — Баян сұлуды» орыс тіліне аударған. Костылецкий арқылы бұл дастанның Обаған нұсқасын Березиннің хрестоматиясына енгізген. Қазақ ауыз әдебиетінің теориялық мәселелері сөз болатын «Қазақтың халық дастандарының үлгілері туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз-әңгімелері», «18 ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», т.б. еңбектерінен оның терең білімдарлығы көрінеді. Уәлиханов қазақтың батырлар жыры үнді-герман эпостарына ұқсайтындығын айтады. Тарихи жырлардың шығу тегін қуалай келіп, Ноғайлы заманының бұл туындылары 14-16 ғасырларға жататынын анықтаған. Қазақтың халық поэзиясын жасаушы, орындаушы ақын, жырауларды Шоқан Батыстың рапсод, бардтарымен салыстырған. Ол халық поэзиясының көркемдігіне сүйсіне отырып, одан тарихи, этнографиялық мағлұматтар іздеген.

Уәлихановтан қалған мұраның бір бөлігін бейнелеу өнері саласындағы еңбектері құрайды. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. Одан 150-ге тарта сурет қалған. Көбінесе акварель, майлы бояумен, ал кейде тушь, қалам, сиямен жұмыс істеген. Оның қолынан шыққан суреттердің біразы 19 ғасырдың 60-шы жылдары «Всемирная иллюстрация», «Искра», «Русский художественный лист» секілді басылымдарда жарияланған. Өзінің күнделіктерін, жолжазбаларын суретпен көркемдеп, көрнекі материалмен толықтырып отырған. Тастағы жазуларды, ондағы көне заманның суреттерін қағазға айнытпай түсіру арқылы кейінгі ұрпақтың сол жазуларды оқуына жағдай жасаған.

1958 жылы Шоқан Уәлихановтың Алтынемелдегі қабірі басына биік ескерткіш орнатылды. Алматыда, Көкшетауда, Семейде, Алтынемелде Шоқанның мүсіндік ескерткіштері бар. Тарих және этнология институтына, Көкшетау мемлекеттік университетіне, Алматыдағы бір көше мен мектепке, Астанадағы үлкен көшеге, Ақмола облысының бір ауданына ғалым есімі берілген. Сүйегі жатқан Алтынемелде мемориалдық кешен орнатылған. Ғылым саласындағы жетістіктері үшін ғалымдарға Уәлиханов атындағы сыйлық белгіленген. Ш.Уәлихановтың туғанына 150 жыл толуы 1985 жылы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтті.

Дереккөздері:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том, 2006 ж.
Ж.Бейсенбайұлы, «Жасын-тағдыр жарқылы» (тарихи-ғұмырнамалық хикаят), 1987 ж.
Материал скачан с сайта — www.TemaKosan.net

12
скачать работу

Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ