Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлы даланың астаналары

қ қазбалардан белгілі болып отыр. Құланнан, Меркіден, Аспарадан табылған жәдігерлерге үңілсек бұл өлкеде, тамақ өнеркәсібімен бірге қол өнер ерекше дамығанын байқауға болады. Соның сарқыншақтары әлі де сақталған. Меркі жүзімінен жасалынған шарап кезінде өте бағалы әрі сапалы болғаны белгілі. Әсіресе сол кездері осы өңірде дамыған мата тоқу өнері кімді болса да қызықтырған. Сонымен бірге ағаштан, сүйектен жасалынған бұйымдар көздің жауын алатындығы жөнінде Таразды жырлаған шығыстың шайырларының өлеңдерінен жиі   кездестіруге болады. Ал Тараз бен Меркінің арасы бір күндік жер екенін еске алатын болсақ бұл өңірде де өнер мен ғылым дамығаны сөзсіз. Бір сөзбен айтқанда, Қарлұқ мемлекеті өмір сүріп тұрған кезде Меркі ерекше дамып, оның атағы алысқа кеткен. Сондықтан да кейінірек Ақсақ Темір жаугершілігін алдымен осы Меркіден бастаған. Кейінірек атасының арманын жүзеге асыру үшін Ұлықбек те Меркіні шапқан, Аспара қорғанын әскери бекініс ретінде нығайтқан.

Қанша дәуірлеп, дамығанымен ағайындардың ішкі ала ауыздығынан 940 жылы қарлұқтарды бауырлары, тілдестері қараханидтер тарих терінен ысырды. Дәл осы кезде Меркі қиратылды. Алайда кейінірек Меркі қайтадан бой көтереді. Бірақ, моңғолдар Таразды жермен жексен еткендей Меркіні де тағы қиратты. Меркі одан кейін де бой түзеді. 1716 жылы Ираннан шыққан «Қырғыз хандарының тарихы» кітабінде мынандай жолдар бар: «Меркі ескі қала Тараздан шығатын жолдың бойында орналасқан. Аспара қамалынан 15-16 шақырымда орналасқан. Қала кішігірім өзен бойында биік төбеге орналасқан. Мешіті, керуен сарайы, жақсы базары бар...» Яғни осыдан-ақ Меркінің қайта даму жолына түскенін, сол маңайда билік жүргізуде шешуші рөл атқарғанын аңғаруға болады. Ұлы Жібек жолымен жүрген керуен де, саяхатшы да Меркіні айналып кетпегенін аңғарасыз.

Ал Меркі жеріндегі Аспара туралы ерекше айтқан жөн. Аспара қаласы Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасы түйіскен жердегі Андас батыр ауылында орын тепкен. Табиғаты ғажап. Алатаудан құлайтын өзен қаланы сыртқы жаудан қорғауға қызмет істегені де анық. Аты Тараз, Меркі, Испиджаб (Сайрам) қалаларымен бірге орта ғасырдың қалаларының қатарында аталатын Аспара туралы аңыз да, жыр да көп. Солардың бірі қазіргі күні Түркияны мекен еткен хан Аспарухтың арғы тегі осы өлкеден шыққан деген сөз бар. Аспара өзенінің жағасында орналасқан ортағасырлық қаланың алып жатқан аумағы өзімен қатарластардың бәрінен үлкен. Қазірдің өзінде қаланың орнында қалған топырақ үйінділерінің ауқымдығы кімді болса да таңдандырады. Үйінділердің кейбір жерлерінің биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Қалаға археологиялық зертеулер жүргізген ғалымдар көптеген құнды материалдар тапқан. Қала туралы мәліметтер ортағасырлық саяхатшылар мен араб, қытай тарихшыларының жазбаларында жиі кездеседі. Мәселен, тоғызыншы ғасырда арабтар Жібек жолының бойындағы елді мекендер мен жер, су аттарының картасын жасаған. Олардың осы картасында Аспараның аты аталып тұрған жері, оның Тараздан, Баласағұннан қанша қашықтықта орналасқаны туралы айтылған, жазылған.

Ал ХІҮ ғасырда Аспара үшін сұрапыл қантөгісті соғыстар басталды. Бұл Алтын Орданы қиратып, қан тамған қылышын шығысқа қарай сілтеп, Моғолстанға қарай сырғыған түркі халқын өзіне толық бағындыруды және Қытайды қырып, тағын күшейтпек болған Ақсақ Темірдің билік құруымен тікелей байланысты. Әмір Темір қанша қуаттымын дегенімен түркі халықтары өздерінің ата-баба жерлерін босату үшін оқтын-оқтын оның иелігіне еткен жерлерге ат тұяғын дүрсілдетіп, шабуыл жасаумен болды. Міне осы кезде Шу мен Таластың ортасында сырғи аққан Аспараның жағасында, Алатаудың баурайында орын тепкен Аспараны нығайтып, биік қорғандар салып, осы жерді сауыт-сайманы түгел мыңдаған атты әскердің мекеніне айналдырады. Ақсақ Темірдің осы әрекетін оның шежірешісі Арабшаһ былай жазыпты: «... Олар сол жерлерге жеткен соң жазық далаға орнығып, бірнеше қамал салды. Қамалдың ең шеткісі әрі шалғай, жеке тұрғаны—Аспара. Олар Аспараны алынбас қамал, шабуылға шығуға әрқашанда ыңғайлы берік бекініс жасады...». «Аспарада 10 мыңға дейін атты әскер тұрды» деген мәліметті де солар айтады. Ал Әмір Темір өлгеннен кейін Аспараға ұмтылған моңғолдардан қаймыққан бекіністің әскер басшысы Алладад қамалды тастап, қотарыла көшіп, таулардан асып, өзендерді жағалап оңтүстік шығысқа қарай бет алады. Тарихта олардың қоныстанған жері туралы әртүрлі мәліметтер бар. Бірақ бұл өңірге көз тігу бір сәт те тоқтаған емес. 1425 жылдары Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбек Аспараны қайтарып алуға ұмтылған.

Тарихшы, археолог Карл Байпақовтың  айтуынша, Меркі жерінде, оның ішінде Аспара үшін шайқас сол кездері бір толастамаған.

Қазба жұмыстары көрсеткендей, бір-бірінежапсыра салған үйлердің қабырғалары өртенгенінің белгілерін көруге болады. Сонымен бірге жебе мен найза ұшын көптеп кездестіресіз. Ал Аспараның тұрғыны көп болғанын қамалдың орнындағы қауыздардан құдықтардан байқайтыныңыз анық. Ал атамекеніміздегі ортағасырлық қалалар мен қамалдардан жиі кездесетін шырағдандардың қалдығын көптеп кездестіресіз Аспарада қазба жұмыстарын жүргізген археологтар сиырдың жауырын сүйегіне жазылған түркі тіліндегі жазбаны тапқан. Жауырындағы жазба ХҮ ғасырда жазылған болып шықты. Онда мынандай сөздер бар: «...Қошқарлық Хасанды қайғырып жоктаймыз. Аһ! .., Құлуй Маулауи бекті қайғырып жоқтаймыз Аһ!... Ұзын Омар да қайтыс болды ... қайғырып жоқтаймыз. АҺ...» Араб харіпімен жазылған осындай жазулар жалғасып кете береді.

Археологтар Аспара қамалынан әбден өңделген койдың омыртқаларын тапқанда ерекше таңғалды. Себебі омыртқа не үшін, неге өңделген? Бұл сауалға нақты жауап жоқ. Сонымен бірге тағы да қайталап айтамыз, ХҮ ғасырда түркі тілінде жазудың табылуы бұл өңірді түркі халықтары мекендегенін дәлелдесе керек.

Тараз, Құлан, Меркі, Аспара өңірін құлазытқан, қиратқан Әмір Темір болды. Ол алдымен Ақ орда, одан соң Алтын орда тағына ұмтылды. Бұл шын мәнінде түрік тілдес, тектес халықтардың мемлекеттік құрылымының әлсіреуіне, қажет десеңіз жойылуына жақындатты. Сол кезде Шыңғысханның Тараз, Құлан, Меркі, Аспара өңіріне билігін жүргізетін Шағатай ұлысы өзіне төніп келе жатқан қатерді сезді. Алайда олардың әрекеті көңілге қонбады.

Өзінің басына төнген қауіптен құтылу үшін, бірлігі мен ынтымағы бұзылған ұлысты қайта біріктіру үшін өзге мемлекетке шабуыл жасады. Осыны пайдаланып Әмір Темір Ақ орданы да, Алтын орданы да, Моғолстанды да бөлшектеп, быт-шыт жасады. Ақыры ХҮ ғасырдың басында Әмір Темір дегеніне жетті. Сөйтіп, кезінде атын айтудан қорқатын мемлекеттерді өз ұрпақтарына ұлыс ретінде билікке берді. Б.Б.Бартольдтың жазуынша Әмір Темір Сайран, Ианги (Тараз), Құлан, Аспараға иелік етуді ғалым немересі Ұлықбекке берді. Тарихшылардың айтуынша Ұлықбек бұл өңірде егіншілікті дамытуға баса назар аударып, қала мәдениетін жоя бастағандай. К.А. Пищулина «Оңтүстік-Шығыс Қазақстан ХІҮ ғасырдың ортасында, ХҮІ ғасырдың басында» атты кітабінде осы екі ғасырдың тоғысында Оңтүстік шығыс Қазақстан ежелгі қалалық мәдениетінен түгел айырылды, дегенді айтады. Рас, Ұлықбек өз ұлысының ең алыс соңғы мекені Аспараны әскери қамалға айналдыру үшін көп тер төккені белгілі.

Бәрі өтпелі. Әмір Темір де, Ұлықбек те мәңгілік билік құра алмады. Түркі халықтары бірте-бірте шағын топтан ірі мемлекеттік дәрежеге дейін көтерілгендей болды. Моғолстанға күш көрсететіндей деңгейге көтерілген Әбілхайыр хандығы шаңырақ көтерді. Алайда алауыздық тағы да оны ірітті, шірітті. Соның салдарынан олардың өмірі де ұзаққа бармады. Әбілхайырмен сыйыса алмаған кейбір ру басылары мен тайпа жетекшілері іргесін кейінге ысыра берді. Осы сәтте «біз қазақпыз» деген Жәнібек пен Керей сұлтан бастағандар өздеріне қаны да, жаны да жақын Моғолстан мемлекетіне жақындап барып, Таразды айналып өтіп, Құлан мен Меркіні, Аспараны артқа тастап Шу бойына Қозыбасыға келіп өз хандықтарының туын тікті. Осылайша Меркі, Аспара, ежелгі Баласағұн, Жетісудің шетінде қазақ ұлысы шаңырақ көтерді.

Тарихшыларымыз қазақ мемлекеттілігінің Керей мен Жәнібек Шу мен Талас атырабында іргесін қалаған жаңа хандықтан басталатынын айтып жүр. Алайда бұдан көп бұрын өзгелер мемлекет ретінде таныған Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ ордасын еске алмаймыз ба?

Не десек те ХҮ ғасырда Орталық Азия мен Қытай, Ресей «қазақ» деген елді таныды. Керейдің тұсында орда орнықса, Жәнібектің тұсында нығайды. Ал Қасымханның билік құрған кезінде хандықтың іргесі кеңіді. Сыр бойындағы қалалар қазақ хандығының иелігіне өтті. Түркістанда қазақ туы желбіреді. Міне осы тұста Меркі мен Аспара қайта бой көтергендей болғанымен бұрынғы деңгейіне жете алмады. Ұлыстар менрулар арасындағы алаауыздық олардың даму жолын тежеді.

Аласапыран жылдар жалғаса берді Бірақ қазақ аты да, жері де тарихтан өшпей ғасырлардан ғасырларға жалғасты. Қазақ жерінің оңтүстік шығысы заман ағымымен бірде дәуірлеп, айы мен күні жарқырады, енді бірде аспанын қара бұлт торлады, жерін жауы бауырына басты. Талай жан беріп, жан алған шайқастар өтті, Қазақ жерін шаңдақ еткен талай жау жер жастанды, Тіпті жаугершілікті ұран еткен халықтар жер бетінен жайылып, жұрнағы өзгелердің табанында тапталды Енді бірі байырғы жерінен айырылып, өзге мекенді бауыр басты. Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», билеріміздің көсемдігіхалқымыздың бірігуіне бастады. Ашығын айтқанда, қазақтың бүкіл тарихы бірігу тарихы Сол үшін бауырын жатқа қиып, жатты бауырына басты.

Ел бірлігін, жер тұтастығын сақтап қалу үшін батырларымыз Атыраудан Алтайға, Қаратаудан Арқаға егеулі найза қолға алып, еңку- еңку жер шалды. Мұның көрінісін де Меркі жері көрді, халқы басынан өткізді. Соның елеулісі, жүректі сыздатып ауыртатыны—қоңсы жатқан қырғыз бауырлардың жоңғарлардан тазартылған жерге ентелей еніп, билік жүргізгені. Бұл туралы қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов былай жазды: «Қазақтардың е

123
скачать работу

Ұлы даланың астаналары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ