Ұлы көш – ұлттың абыройы
тық туралы халықаралық келісімге қол қойғанын және әрбір іссапарында осы елдердің басшыларына қандастарымыздың мәселелерін үнемі тапсырып, оның орындалуын міндетті түрде қадағалап отыратынын жеткізді. Ресей, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия басшыларының қазақ бауырларымызға көрсетіп отырған қамқорлықтары үшін ризашылын білдірді. Және осындай көзқарастың елдер арасындағы достықтың беки түсуіне қызмет ететіні сөзсіз.
Қазақтар бүгінде дүниежүзінің қырықтан астам елінде тұрады. Әрине, басым көпшілігі Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде өмір сүруде. Соңғы кездегі деректер бойынша, Өзбекстанда бір жарым миллион, Қытайда — 1 миллион 500 мың, Ресейде миллионға жуық, Түрікменстанда — 100 мың, Моңғолияда — 80 мың, Қырғызстанда — 45 мың қазақ бар. Өзге елдердің арасынан Түркия, Иран және Ауғанстанда қазақтар біршама көп және олар жинақы орналасқан. Еуропа мемлекеттерінде қажырлы қызметімен абыройға бөленіп, еңбек етіп жүрген қазақтарымыз аз емес.
Өңірлерге барып, сайлаушылармен кездесулер өткізген кезде, елге оралған қандастарымыздың да тұрмысымен таныс болып жүрмін. Алдыңғы лекпен келген қазақтар елімізге біржола сіңісіп кетті деп айтуға толық негіз бар. Олар әртүрлі салада еңбек етіп жүр. Бірқатары экономика, әлеуметтік қызметтер саласында жүрсе, енді бірқатары нарық заманының тілін жетік меңгеріп, сауда-саттық саласында еңбек етіп, отбасын асырап жүр. Араларында республикаға таныла бастаған жас журналистер де, айтыс ақындары да, әнші-сазгерлер де бар. Мектеп, колледж және жоғары оқу орындарында ұстаздық етіп жүрген бауырларымыз да жеткілікті.
Біздің қандастарымыз көбірек тұратын елдермен мүмкіндігінше автокөлік, пойыз және әуе жолы қатынастарын жақсарта түсу керек. Жол қатынасы оңай болса, көшіп келетіндерге де кедергі азая түседі. Мәселен, Қазақстан мен Моңғолия арасын 60 шақырымдай Ресейдің жері бөліп жатыр. Тікелей жол жоқ. Соның әсерінен біздің елге сапар жасағандар 1000 шақырымдай жерді айналып келетін көрінеді. Бұл мәселені Моңғолияға іссапармен барып келген әріптесім Амангелді Момышев Парламент қабырғасында көтерді.
Және бір айта кетерлік жайт, 2008 жылғы 2 желтоқсанда Үкіметтің қаулысымен 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламаны әзірлеуге ел Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылғы 28 тамыздағы Жарлығы негіз болды. Онда Елбасы Қазақстанның көші-қон саясатының 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасын жасауды тапсырған болатын. 2009-2011 жылдары аталған бағдарламаны іске асыруға барлығы 197 млрд 795,6 млн теңге бөлу көзделген. Оның ішінде қосымша 118 млрд 073,3 млн теңге қарастырылатыны жоспарланған. Бүгінгі таңда елге оралған қандастарымыз «Нұрлы көш» бағдарламасының игілігін көре бастады. Осы бағдарламаны қабылдаған мемлекетімізге, Елбасымызға оралмандардың айтар алғыстары шексіз. Қандастарымыздың келуі үшін заңды тұрғыда барлық жағдай жасалуда. Көптеген өңірлерде бейімдеу орталықтары ашылды. 1991 жылы басталған Ұлы көш алдағы уақытта да жалғасын табады деп ойлаймын. Ортамыз толсын, ағайын!
Динар НӨКЕТАЕВА, Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мүшесі
«Айқын» газеті, 24 мамыр 2011 жыл.
http://www.parlam.kz/3/mazhilis/news-details/id63/7/1
| | скачать работу |
Ұлы көш – ұлттың абыройы |