Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлтымыздың ұлы ұстаздары

мыз деген пікір бәрін бүлдіріп отыр. Сол школалар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді. Соның үшін біреулері әуелі балалар ана тілімен оқымай, орыс тілінде оқысын дейді, ана тілінде оқығандар да орыс әрпімен оқысын дейді», дей келе, бұндай ұстанымға қарсы шығады. «Бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш болуы тиіс», дейді А. Байтұрсынұлы. Шындығында, ғалым осы жолда барынша күш жұмсады.

«Ана тілі» терминінің де осындай пәннің де авторы болған А. Байтұрсынұлы, ұрпақтың өз ана тілінде білім алуының маңызын, пайдасын түсіне отырып күрес жүргізеді. Ал шындап келгенде бүгінгі қазақтың басындағы хал де сол кезеңдегіден артық та алшақ та емес. Өйткені, бүгінгі қоғамда орыс тіліндегі білім сапалы болады деген желеумен баласын ана тілінде оқытудан бас тартып жатқандар да баршылық қой. Яғни, баланы жастайынан өзге тілмен жетілдіру әлі де сақталып отыр.

Ал оқулық сапасына келер болсақ, бұл өз алдына жеке әңгіме. Дегенмен де, бұл бағытта да Ахаң салған сара жолдан ауытқушылық бар секілді көрінеді, ал бұны қайта жаңғыртудан тек ұтарымыз хақ. Бір ғана мысал келтірейік. А. Байтұрсынұлы бала оқытушыларға арнап жазған оқулықтарында жасөспірімді қызықтырып, ынталандырып, баурап әкететін тұстарына көбірек көңіл бөлген. Ғалымның пайдалануға үгіттеген дағдыландыру, сынау, жетілдіру әдістерінің маңызы да үлкен. Оның оқулықтарындағы қысқа да нұсқа әңгімелерін, мысалдарын оқуға оқушылардың өзі құлшына, қызыға, құныға да кірісетіні кәміл. Ахаңның әңгіме соңынан тобықтай түйінмен қорытындылау әдісі бала тәрбиесіне, мәдениетіне де ерекше әсер етеді, қанымызда бар шешендік өнерді жаңғыртады. Осы тұрғыда ғалымның оқуға жеңіл тілмен баланы тарту әдістері әлі де өзекті болып табылады. Мақал мәтелдер, аталы сөздерге кеңінен иек артқан бұндай әдістердің бүгінгі күні жетіспей тұрғаны рас. Мысалға алатын болсақ, ауылдағы ата мен әжесінің әңгімесін тыңдап өскен баланың тілі қандай көркем болса, қалалық ортада өскен баланың қазақша әңгіме айтуы сондай шолақ көрінеді. Сол екі басқа ортада өскен, бірақ екеуі де қазақша оқыған баланы қатар отырғызып, тексерсеңіз бұған анық көз жетеді. Бұл да оқытушы тарапынан, оқулықтағы қазақы мысалдардың, аталы, шешендік сөздер үлгілерінің жетіспеушілігінен, жастайынан сіңбегендігінен болатын үрдіс.

Өткендегі жиында бір жазушы ағамыздың «Қазіргі қалада тіпті қазақша оқыған балаға «беті табақтай» деп сөз айтсаң түк түсінбейді. Оған түсінікті болуы үшін «беті компьютердің мониторындай» деп сөйлеу керек екен» деп кейігені де осындай кемшіліктерден туындайтын дүние деп білеміз. Тағы бір мысал. Бір танысымның кішкене немере інісі балабақшада және өз әке-шешесімен тілдескенде тек орысша сөйлесіп, ата әжесімен үнемі қазақша сөйлеседі екен. Қазақша мен орысша әбден араласып, миы ашыған болуы керек, бірде ол атасынан «Мен осы дәл қазір қазақша сөйлеп отырмын ба, жоқ орысша ма?», деп күңіреніп тұрып сұрайтын көрінеді. Мұның өзін баланың жастайынан жетілуінің орнына қиыншылыққа ұрынуы деп есептеуге болады. Сондықтан да, А. Байтұрсынұлы ілімдерін, соның ішінде бала оқыту әдістерін бүгінгі ұрпаққа сіңірудің мәнісі зор болатын еді.

Бір сөзбен айтқанда, Ы. Алтынсариннің де А. Байтұрсынұлының да қазақ халқы үшін, әлеуметтің оқу ағарту ісін алға бастыру үшін жасаған еңбегі орасан зор. Сондықтан да осыншама сарқылмас мұраны мирас етіп қалдырған данышпандардың еңбегімен баланы алғаш мектеп табалдырығын аттаған тұстан бастап таныстырудың мәнісі де үлкен. Кезінде «Оқы, оқы және оқы» деген Құран сөзін иемденген Ленинсіз мектеп есіктері ашылмайтындай еді. Ал қазақ балалары үшін осы екі ғалымның жасаған сыйын неге сондайлық деңгейде дәріптемеске?!

Мұхтар Әуезов А. Байтұрсынұлы туралы: «Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемі»», деп дұрыс баға берген. Сондықтан да ұлттың рухани көсемдері шын мәніндегі көсемдер деңгейінде ұлықталуы тиіс.

12
скачать работу

Ұлтымыздың ұлы ұстаздары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ