Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлттық ағаш ою-өрнегінің этномәдени қызметі

е кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ» деп зиялы азамат кезінде мұңайған екен. Қазіргі кезде өз өнерін баласына, қызына үйретіп, кілем тоқып, ұршық үйірумен айнылысып отыратын апалар, әжелер азайған тәрізді. Сондықтан баланы қолөнерге баулу және оны қызықтыру үшін ең алдымен оған үлгі алатындай жағдай туғызып, қазақ қолөнерінің әсемдік құпиясын ашып көрсету қажет.

Қазақтың ұлттық өнердегі эстетикалық талғамды дұрыс өз мәнінде түсіндірудің маңызы зор. Қазақ халқының қолөнерінде өрнек ерекше орын алатыны белгілі. Біз өрнек өнерін көркем шығармашылық өнері ретінде қабылдаймыз.»[4]Қазақтың ою және өрнек деген қоссөзі бірге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді, мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Ойылған, кесілген, тілінген, қиылған оюды екінші бір затқа жапсырып, жымдастырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын: сырмақ, сандық, кебеже, киім-кешектерді, қабырғаларды безендіруге қолданылады. Осындай бағытта бір бұйым жасамас бұрын оқушыларға ою-өрнек түрлерін, оюдың мән-мағынасын, тарихын тереңірек түсіндіру қажет. Өйткені бала қандай оюды қолданатынын білу керек және оларды дұрыс таңдай білуі қажет. Халықтың өмір сүру ерекшелігі мен тұрмысын көп жағдайда кәсіпшілігінің дамуы айқындалып отырады. Жоғарыда айтылып кеткен тұрмыс бұйымдарының бәрі өте-мөте қажетті заттар болып қана қойған жоқ, сонымен қатар адамның өміріне де көрік беретін. Шебер оларды жасай отырып өзінің арманын, мүддесін әсемдікке деген түсінігін білдіруге талпынатын жасыратыны жоқ қазір жастарымыз ою-өрнек сырын жете білмейді. Атап айтқанда, қазақ оюының 3 түрге бөлінетінін, оның түсірілу тәсілін, сыры мен сипатын біле бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі, белгілі мақсаттан туған мағынасы бар. Оған жаңа мазмұн беріп байытып, халқымыздың мүддесіне жарата білсек қандай жақсы. Оқушы ою өнерін шын ынтамен үйренуге, түсінуге құштарланса үлкен жетістіктерге жетеді. Ойы ұшқыр, қиялы қанатты болады. Ою-өрнекті меңгеру үшін біріншіден, оюды қиып үйренген өте қолайлы әдіс. Қағаз бүктеп қаттауға аса қиындық туғызбайды. Сол себепті алдымен ою сырлары мен әдіс-тәсілдерін қағаздан үйренуге дағдыланған дұрыс және олардықандай түстегі қағазға жапсыру екендігін білу де – үлкен талғаммен туатын өнер.               

Ұлттық мәдениетімізді меңгермей, мәдениетті адамзат тәрбиелеу және ұлттық сананы қалыптастыру мүмкін емес. Қай кезеңде болсын адамзат алдында тұратын мұрат-міндеттердің ең бастысы, өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Білімді, жан-жақты тәрбиелі жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсірудегі халық қолөнерінің тәлім- тәрбиелік, білім-танымдық ролі орасан зор.     Халық  бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті талғай да, таңдай да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетін де, қолөнерді мұрат тұтып жетілдіре білген. Шебердің кейбір сан саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырғаны белгілі. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деп, Абай атамымыз айтқандай болашақтағы өнер адамдары мен ірі өндіріс адамдары осы оқушылардың ішінен шықпасына кім кепіл? Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі 1993 жылы ұлттық «Тәлім - тәрбие тұжырымдамасын» барша бұқара халыққа ұсынды. Онда мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында ұлттық тәлім – тәрбие курстарын жүйелі түрде ұйымдастырып отыру және ұлт мәдениеті мен оқу-тәрбие жұмыстарын үнемі насихаттауды құрастыру екені ерекше атап көрсетілген еді. Бірақ, зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғанындай, қазақ мектептерінде ұлттық қолданбалы өнер түрлерін дамыту ойдағыдай емес.

Осы мәселелер бойынша жинақталған мағлұматтарды талдай отырып мына өзекті мәселелер алдан шығып отыр.

1.Зерттеу барысы айқындаған қанағаттанарлық сапаға көтеріле алмауының бірден бір себебі: оқушыларға ұлттық қолданбалы қажетті оқу материалдарының және дидактикалық құралдарының жеткіліксіздігі;

2.Жалпы қолданбалы өнер саласында түсініктері бар, бірақ ол түсініктер өте үстірт және ұлттық өнер табиғатының мазмұнымен, мәнімен үйлесім таппайды, әрі оқушылардың шығармашылық ой-қиялы мен талғам өрісіне ықпал етпейтін жағайда жүргізіліп, нақтылы көркемдік білім көздерін айқындауға дұрыс көңіл бөлінбеген;

3.   Ұлттық тәрбие беру ісінде халық педагогикасының озық үлгілері мен қолданбалы өнердің ұлттық дәстүрлері тиімді қолданылмайды.

Осы жүргізілген жұмыстарға ой қорытып тұжырымдасам жалпы оқушыларға қазіргі технология сабағында ұлттық өнерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдеріне жататындар мыналар:

-    оқушыларды халықтың өнеріне сендіру, оның арнаулы түрлерін оқытып үйрену;

-    ұлттық өнердің жасалуы мен орындалу жолдарына жаттықтыру, дағдыландыру;

-    халық өнерінен үлгі өнеге алу және еліктеу;

-    оқушылардың ұлттық шығармашылық сезімдерін көтермелеу және дамыту, ойлау мен танымдық қабілетін қалыптастыру.

Біз еліміміздегі мәдени құндылықтардан, өнерімізден, салт-дәстүрімізден мәдениетімізді білеміз. Міне, осы халықтық мәдени мұраларға сүйене отырып, ғылыми жобамды ашуға тырыстым.

Қазақтың ұлттық ағаш ою-өрнегінің этно-мәдени қызметін зерттеп, барысын талдай келе оны халық игілігіне айналдыру мақсатында өзекті мәселелерді көтердім:

1.                        «ұлттық мәдениет, өнер» пәндері гимназия сыныптарына ғана емес,  жалпы орта білім беретін мектептерде жүргізілсе;

2.                       Республика деңгейдегі ұлттық мәдени құндылықтарға арналған арнайы газет-журнал шығарылса;

3.                       Ұлттық ою-өрнегіміз белгілі бір дәрежеге көтерілсе;

4.                       Халықтың қажеттілігіне жасалған ағаш бұйымдарының, соның ішінде қазіргі таңда жасалынып жатқан ағаш бұйымдарында қазақтың ұлттық ою-өрнегі қолданылса;

5.                       Қазақстан Республикасының бір қаласы – ұлттық мәдени қала дәрежесіне көтерілсе.    

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     Х.Арғынбаев .«Қазақ халқының қолөнері».Алматы. «Өнер», 1987 жыл, 168 бет.

2.      Х.Маданов. «Қазақ мәдениетінің тарихы», Алматы. 1998 жыл, 45 бет.

3.      «Қазақстан мектебі». Алматы. «Дәуір»,  №5 2004 жыл, 7 бет.

4.   «Қазақстан мектебі». Алматы. «Дәуір»,  №2 2004 жыл, 54 бет.

12
скачать работу

Ұлттық ағаш ою-өрнегінің этномәдени қызметі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ