Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлттық ойындар мен өнердiң тәрбиелік сипаты

. Әр ойынның өз тәртiбi, тәсiлi және тәжiрибесi бар. Сол тәртiп, тәсiл, тәжiрибенi бiлген адам тезiрек қалыптасады, жан-жақты жетiледi. Ойын - адамның қабiлет-қасиетiн ширататын, шымырлататын жүйелi iс-әрекеттiң көрiнiсi.

Ойын-сауықта кiсiлiк қасиет шыңдалады, адам қабiлетiнiң құндылығы артады. Әр деңгейдiң өз өнерi мен өнегесiне қызыққан шетел саяхатшылары осы қайталанбас табыстарды қанша мәртеге дәл сипаттап жеткiзе алған.

Ән-би — сауықшылардың өнерi ғана емес, теңдiк пен туыстыққа тартатын өнегелi өмiр. Ән-би сауығы қысылып-қымтырылудан арылтатын, еркiндiкке емiренушiлiк, әркiмнiң қырағылығы мен көрегендiгiне демеушiлiк ететiн ашық өнер, оның қызбалы түрi. Мысалға, әншi мен бишi, қалжыңқой не айтамын десе де, аңшы ненi атамын десе де өз еркiнде едi. Ән-би, қуаныш пен жұбаныштың бейнелi тiлi. Өнер тiлiмен орындаушы мен көрермен, жеке мен көпшiлiк өзара тұсiнiсе де, таныса да алады. Мұның бәрi де, бiржағы, сыртқы көрiнiстерге ұқсайды, бiржағы, өзiндiк кемшiлiктi жеңудiң, өзiндiк табысқа жетудiң амалды әрекетiне жатады. Осындай белсендiлiкке қазақтың балалары ерте араласқан. Ойын-сауықтары белсендiлiк - мiнездегi кемшiлiкке, жеке адам мен қоршаған ортадағы келiссiздiкке қарсылық, сондай-ақ бойдағы ебедейлiктi көрсетуге шек қоймай жан таласу. Бұл ашық та, нақты сайыс. Оған деген халықтық ықылас жоғары болды. Қолдауы басым ортада әркiм өзiнiң көргенiн, көкейiндегiсiн жеткiзуге алаңсыз әрекеттенедi. Өз қалауынша жарыстың түрi мен әдiсiн таңдайды. Ойындағының бәрi де өтпелi-төкпелi емес. Түптеп келсек, ойын тәртiпке, тапқырлыққа, туралыққа үйретедi, қалжың-әзiлден нәр алады, бас қосып жүздеспек iңкәрден серпiлiс табады.

Осы ерекшелiктердiң ұлттық сипаты мен көрiнiстерi бар. Ұлттық ойын — халық өнерi мен мәдениетiнiң негiзгi бiр саласы.

Ойын кезiнде қазақтың ұлттық ойындарына тән ерекшелiктердi қалай ұғамыз, оларды қолдауға қаншалықты бейiмбiз деген көкейкестi сұрақтар өздiгiнен туындайды. Ұлттық ойын-сауықтар — ұрпақ пен елдiктiң елшiлiгi, халықтың әдет-ғұрпының көрiгi, әр перзенттiң жүрегiндегi оттығы. Мұндай өтiмдi құндылықтар ойын-сауықтың ортақ сақтық қорын, жарқын дүниенi демейтiн әдеттiң қайнар көзiн құрайды.

Ойын-сауықта адам кемшiлiкке налымайды, жалғыздықтың жамандығына шалынып, ұрына бермейдi. Бiрде дауыстап, бiрде белдесiп, бiрде жүгiрiсiп ойын-сауықтың берекесiн келтiргендердiң ортақ ережесi болды. Ол: ойын-сауықта бiрiн-бiрi тек сыйлау, өзара сыйласу, бiр-бiрiне сыйымды болу, әдiлдiктiң әлiппесiн аяқ асты етпеу едi. Сауық құру — жарқын көңiл базары, иманжүздiлердiң ажары ретiнде, татулыққа дем беретiн қарапайымдылықтың қуаты, алғырлықтың қайырымдылығы мол ағымына айналды. Мұндайға мейiрiмдiлiк пен меймандостық — денсаулыққа салмақ, адамгершiлiкке өлшем, елдiкке сын болды.

Ойын-сауық жасөспiрiмдердiң ой қабiлетiн, өмiрге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырады. Олар үшiн ойын — баланың жан-тәнiн қоздыратын тартымды қозғалыс, дене мен ойды қатар жаттықтыратын тартылыс, жеңiстiң дәмiн татқызатын, жеңiмпаздың мәртебесiн көтеретiн кеңiстiк пен қолдау тоғысы. Жарысқа қатысатындардың сезiмi сергек, ойы өткiр, кеудесi мен бiлегi мықты, қимыл-әрекетке ептi болуы шарт. Көшпелi қазақтардың өмiр салты денсаулыққа аса зор мән берген. Атқа мiну өнерi жас баланың сезiмi мен денесiн жаттықтырудың басты және ортақ дәстүрiне айналды. Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында ойнауға бейiмделдi, соған тырысты.

Ойын-сауық - ұрпақтардың өмiр-салтымен, әдет-ғұрпымен ұштасты. Мысалы, бесiк жырларының өзi ойнақы, ұйқасты тiркестерiмен есте қалады. Ойын - өмiрдi және ойнаушының өзiн танудың құралы, ол баланың өмiрге деген құмарлығын оятып, тiл мен жылдамдыққа деген ықыласын арттырады. Ойын - өзгенiң көңiл-күйiн дер кезiнде және дәл ұға бiлуге, өз көңiлiн дұрыс жеткiзе алуға ұйытқы болады. Жасөспiрiм ойын арқылы а) ұшқан құс, жүгiрген аң, қыбырлаган жәндiктер тiршiлiк тiрегi екенiн ертерек сезiне алды; б) өз қабiлетiн күнделiктi тiршiлiк ағымына бейiмдеуге ықшамдайды, өзiн алдағы өмiрге икемдей түседi; в) үлкендердiң өнегесiнен тағылым алады. Ойындар өнеге-өсиеттi күнделiктi тәжiрибеде iске асырудың құралына айналды. Ойнаушылар әртүрлi қозғалыста денешынықтыруға төселдi, үлкеннiң бар қасиетiн қабылдады, iс-әрекет үстiнде сәбиге тиiстi мiндеттердi ойнақы, жеңiл сөздермен, ертерек ұқтыра бiлдi. Ойын түрлерi жүйелi және жедел өзгерген сайын, баланың ойлау, қиялдау, армандау қабiлеттерiн ертерек оятып, тезiрек қалыптырды. Ойынның кең таралған түрлерi осылайша халық тәрбиесiнiң көзiне айналды, халықтық салттың қалыптасуына айқын ықпал еттi.

Әдет-ғұрып ойындарына, “алдымен қыз ұзатар және үйлену тойында болатын ойын-сауықтар жатады. Мысалыға, жер-жерде үйлену тойының мынандай ойын-сауықтары таралған: “тоғызаяқ”, “тоғызтабақ”, “жар-жар”, “беташар”, “құда тарту”, “қол ұстатар”, “шаш сипар”, “неке қияр”, “кемпiр өлдi”, “шымылдық байлар”, “сақина салар”, “есiк ашар”, “ат байлар”, “түндiк ашар”, “ит ырылдатар”, сондай-ақ “тоқым қағар”, “қынаменде”, “қыз кәде” сияқты ырым-жоралар бар. Бұл әдет-ғұрып ойындардың бас кейiпкерлерi — қыз бен жiгiттiң жеңгелерi мен құрбы-құрдастары болса да, сауық өткiзу рәсiмi жер-жерде бiрдей емес, түрленiп жатады. Тойдағы әндер мен жырлар, күйлер мен билер көңiл көтеретiн, қуанышты бiлдiретiн, ой тербететiн, шабыт келтiретiн, қабiлет-қасиет сайысы, дәстүрлердiң тоғысы түрленiп-ақ жатқаны.

Әдет-ғұрып ойындары әдетте арнаулы жырмен, болмаса айтыспен басталады. Айтыс — ақыл-парасат таластыру түрi, тартыс — күш сынасудың жариялы түрi. Айтыс — таланттарға жол ашу, шындықты жеткiздiре серпiлту, өз артықшылығы мен үстемдiгiн мойындатқызу. Айтыста талаптылар мен таланттар түйiседi, табысады, туыстасады. Ыстық сезiм мен тұнық ынтықтан қайнап шыққан халық жыры тыңдаушының жанына жылы тиедi, жүрегiнiң қылын қозғайды. Адамның жан дүниесiне, кiсiлiк қасиеттерiне жол ашады. Өйткенi әншi көңiлдегiсiн, арманын толғайды, ешкiмге елiкпей өзiнше тебiренедi, мұрат пен мұңға орай өзiнше ойын оқтайды, сөзiн саптайды. Суырып салма жырымен өзiнiң де, өзгенiң де жан-тәнiн сергiтедi, бақытты күймен серiктеседi. Жүрегi жырлағанның серiктесi — тапқырлық, шешендiк сөз айтысы, пiкiрталасты сұхбаттасу.

Ата-баба дәстүрi арқылы қанымызга сiңген — күрес, сайыс, найзаласу, садақ ату, бетпе-бет келген қарсыласының жанды жерiне соға бiлу көшпелi өмiрде дене тәрбиесiнiң күрделi болғанын бiлдiредi.

Тартыс — қарусыз айқас өнерi. Қарусыз айқас шығыс халқына тән және танымал өнер. Қазақ қарусыз айқаса бiлген. Қарусыз айқасу элементтерi ат үстiнде отырудан, асауды бұғалық лақтырып ұстаудан, қойды қуалап ұстаудан, малды пышақсыз реп союдан, бұқаны мүйiзiнен ұстап ұрып құлатудан, шалғы тартудан, қол диiрмен тартудан, малдас құрып отырудан құрылады, солар арқылы ширатылады.

Ұлттық ойын жарыстарында денсаулықты сақтау жолы да, өзiн-өзi қорғау амалдары да айқын. Денсаулықты сақтаудың шарты — дененi шынықтыратын қозғалыс пен жаттығуда, ағза мен жүйке тамырлардың тынысын реттеуде, рухты жоғары ұстай бiлуде.

Денешынықтыру — денсаулық көзi, денсаулықты сақтау үшiн әрекет, адамның күш мүмкiншiлiгiн дамыту, жеңiске деген жiгерiн шыңдау, қиыншылыққа төзу қимыл-әрекетiн шоғырландыра бiлу, соларға үйрену:

- дене еңбегiмен үнемi шұғылданып, жаттыққан адамның бұлшық ет талшықтары тез өседi, бойының күш-қуаты қалыптасады;

- сыртқы ортаның түрлi қолайсыз жағдайларына төзiмдiрек келедi;

- қозғалысы жинақы, ширақ, тез, әдемi жарасқан, қарым-қатынастық ережеге бейiмделуi жоғары;

- сезiну, ойлану және еңбектену қабiлеттерi бiр-бiрiмен үйлесiмдi және бiрiн-бiрi толықтырады. Аз қозғалыссыз ортада нерв талшықтары тез тозады, қан айналым жүйкесi бiртiндеп ауруға шалдығады, жүрек қабынады, бойды әуре-сарсаң құрыстырады. Жүрегi шынықпаған адам тез шаршайды, тырысқақ немесе ашушаң келедi. Жалқаулық жекенiң де, ұлттың да қасiретi. Онда санасыздық басым. Жүрегi шыныққан адамның мiнезi де төзiмдi, кеңпейiл, батыл соғады, қарсыласынан қайтпайтын тынымсыз, күрескер келедi. Жүрегi ашық жан қиыншылықтан құтылудың, қуанышқа жетудiң саналы жолын таңдайды, өзiн қарпайымдылық пен қайырымдылықтан ауытқыта бермейдi. Өзiн емдеудiң, сергiтудiң тиiмдi тәсiлдерiн қолданады.

Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрi кең таралған. Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледi:

1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек жалау, сиқырлы таяқ, бақай пiстi, жылмаң т.б.;

2. Жануарлар бейнесiн елестетiп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр және т.б.;

3. Мүлiктiк бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрiк жасырмақ, түйiлген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.

4. Құрал-жабдықсыз  ойнайтын  ойындар:  айгөлек,  ақсерек-көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б.

Ер адамдардың ойын-сауықтары әрқалай қалыптасады. Оның бiрiншi тобына қозғалмалы ойындар — ақсүйек, ақшамшық, алтыбақан, көршi, тиын салу, қысқұлақ, айдап сал, қарамырза, белбеу тастау сияқтылар жатады; екiншi топқа спорттық дара ойындар - аударыспақ, арқан тартыс, ат омырауластыру, аламан бәйге, бәйге, көкпар, қыз қуу, күмiс алу, жаяу көкпар, жаяу жарыс, жiгiт қуу, жорға жарыс, түйе жарыс, қазақша күрес, тұмақ қуу, сайыс, таяқ жүгiрту сияқтылар жатады; үшiншi топты саяси-әлеуметтiк өмiрдiң даму ерекшелiктерiн көрсететiн ойындар — хан жақсыма,   қаһарлы  бану,   ұжымақ-тозақ,   мырш-мырш,   сиқырлы  таяқ, тобық ойнау сияқтылар құрайды.

Ойын-сауық — ақыл мен жiгердiң тартысы, қозғалыстағ

123
скачать работу

Ұлттық ойындар мен өнердiң тәрбиелік сипаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ