Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҰЛТТЫҢ ОРТАҚ ҰРАНЫ: ОТАН, ТӘУЕЛСІЗДІК

сқарған көсем¬дерін, қол бастаған батыр¬ларын, олардың ерліктерін жыр еткен шешен-жырауларын сөз етеді. Тәуелсіздік үшін болған ата-бабаларымыздың қанды жорықтары, дабылды, дауылды азаттық күрес жолдары, ел бос¬тандығы, бірлік жолы, ұлтжан¬ды¬лық, ұлттық сананы негізгі арқау етіп алған. Жұмыстың “Ұлт-азаттық қозғалысының бе¬лестері” атты бөлімінде, Қазақ¬стандағы ұлт-азаттық қозғалыс¬тарын 7 кезеңге бөліп, оның себеп-салдарын көрсеткен:
І кезең. Қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың Ібір-Сібір жұртын жаулап алуға қарсы азаттық қозғалысы.
ІІ кезең. Қоқан-Хиуа хан¬дық¬тарына қарсы ұлт-азаттық қоз¬ғалыс. Бұл ұлт-азаттық қоз¬ғалыс үш жүзді одан әрі қа¬быстырды, кіріктірді, біріктірді, ұлттық дәрежеге көтерді.
ІІІ кезең. Ресейге қосылу кезеңі, бодандыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс.
ІV кезең. Отарлау саясатына қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұл¬дарының басқаруымен болған шаруалар көтерілісі.
V кезең. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
VІ кезең. ХІХ ғ. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
VІІ кезең. 1917 жылғы Ақпан және Қазан революциясы.
Міне, осылай 1590-1990 ж.ж. арасындағы Ресей, одан қалды кеңестік империя кезіндегі қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалы¬сы осындай асулардан өтті. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқы өзінің ата-баба тарихына сүйіс¬пен¬шілік¬пен қарауға құқықты. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз бір сәт құлдыққа бас сұғып, өзінің отар ел болған болмысына ризашылық білдіріп, отырып қалған емес. Олар арының тазалығын ту қы¬лып, азаттық жолын қалады. Ата-баба салты – тарихымыздың үлесі халқы¬мыздың баға жетпес мұрасы.
Өсіп келе жатқан жас буын¬дар бойында ұлттық патриоттық сана-сезім қалыптастыруға зиянын келтіріп отырған, оларға рухани жұтаңдық әкеліп отырған ақпарат құралдары өте көп. Оның үстіне жақын шет елдер¬ден әдейі шақырылып жатқан эстрада жұлдыздары ақша табуға жарайтын жеңіл-желпі құнды¬лығы төмен өнер деп айтуға тұрмайтын шығармалармен жастарымыздың санасын жұта¬туда. Көптеген жасөспірімдердің нашақор¬лыққа, маскүнемдікке, қаңғыбастыққа берілуінің эконо¬микалық себептерінен басқа саналарындағы рухани бостық¬тың игерілмеуі деуге болады. Оның тағы бір дәлелі – жастардың патриоттық сана-сезімінің қалыптасуына тікелей немесе жанама түрде теріс ықпал ететін жайттар. Төл жәдігеріміз – ауыз әдебиеті, мақал-мәтелдер, қанатты сөз, өлең, жыр, терме, ана әлдиі, ата тілегі – ұлттық тәрбие бесігі.
Егемен ел жағдайында жастарды отансүйгіштікке тәр¬биелеу, олардың елін-жерін сүйетін, ана-тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін қамтамасыз ету бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге болады.
Біздіңше патриотизм – ол өзінің туған жеріне, ана тіліне, мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімі, сол мемлекеттің, Ота¬нының гүлденуіне, өсіп өр¬кендеуіне өз үлесін қосу, қызмет ету.

Авторы: Байзақ МОМЫНБАЕВ, Қазақстан және Ресей Білім академияларының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

123
скачать работу

ҰЛТТЫҢ ОРТАҚ ҰРАНЫ: ОТАН, ТӘУЕЛСІЗДІК

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ