Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұйымдасқан кәсiпорындар өндiрiсiн дамытуды болжау

Өндірілген тауарларға кедендік төлемдерді төлемеу, жүкті еркін түрде тасымалдау, ұлттық валютаның еркін айналыста болуы және төлемдерді төлеудің еркін түрде жүруі, Еуропалық Одақтың қабылданған келісімінде көрсетілген. Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің экономикалық мүдделерін қорғау үшін, орнын толтыру шаралары және бәсекелестерді ығыстыру үшін тауарларды төмен бағамен сатуға қарсы механизм әзірленген, бұл кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін тарифсіз реттеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттің аумағында жүргізілетін транзиттік тасымалдар, көлік қызметтері салаларын дамытуға әсерін тигізеді, осыған байланысты оларды жүзеге асырудың тәртібін ықшамдау мемлекеттердің шекарасы арқылы тасымалданатын жолаушылар мен жүк көлемінің артуына мүмкіндік береді

Сонымен қатар осалдық, сыртқы сұраныстың тұрақсыздығынан ғана емес, кейбір көзқарастар бойынша экспорттық мүмкіндіктің тұрақсыздығынан да пайда болады.

Тауар рыноктарымен қатар дағдарыс негізгі сауда бойынша әріптес болып табылатын Ресей экономикасы арқылы да туындауы мүмкін. Себебі Ресей Қазақстанның импорты мен экспортында жетекші орынды иеленеді. Жағымсыз жағдайдың пайда болуы әлемдік дағдарыстың Ресей экономикасына қандай дәрежеде әсер етуіне тікелей байланысты болады. Себебі Ресей экономикасы әлемдік шаруашылық байланыстарында тек қана тауар рыноктары арқылы ғана емес,  сонымен қатар қаржы капиталы арқылы шоғырланған.

Инвестицияны Қазақстанға тарту, әлемдік экономикалық дағдарысты таратудың үшінші бір жолы болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, әлемдегі жағымсыз жағдайлардың орын алып, дамуы кезеңінде ең алдымен аса тәуекелшіл рыноктары бар дамушы елдерге қиын соғады, бұндай елдерден инвесторлар тез уақытта өздерінің капиталын алып шығуға тырысады. Сонымен қатар, Қазақстан әскери әрекеттегі елдердің аумағына жақын орналасқан елге жатады /24/.

Бірақ, республикада портфельдік инвестициялардың іс-жүзінде жоқ болуына байланысты, тікелей инвестициялардың негізгі үлесі жоғары табыс беретін мұнай-газ секторына шоғырланған және жақын болашақта олардың көлемінің азаюы мүмкін емес.

Сонымен, саяси қақтығыстар мен әскери әрекеттер салдарының көлеңкесінде пайда болатын толық көлемдегі экономикалық дағдарыстың құлдырауы кезіндегі Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласында келесі жағымсыз үрдістер мен тәуекелдер орын алуы мүмкін:

  • Әлемдік экономикалық құлдырау тез арада әлемдік сауда көлемін төмендетіп тастады, оның ішінде Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары бар (мұнай, металл, кен, көмір). Осының нәтижесінде сауда айырымы ең төменгі белгіге дейін төмендеуі мүмкін, бұл елдің сыртқы операциялар бойынша төлем төлеуге қабілеттілігіне үлкен қауіп төндіреді.;
  • Шетел инвесторлары тарапынан келетін валюталық қаржы ағымымен қатар, көптеген «қара және сұр» шығынды жабу жобаларын қайтару мен экспорттық алымдарды қайтармау қауіпі төнеді және жалған импорттық операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
  • Дағдарыс жағдайында көптеген сауда әріптестері өздерінің валюталарын құнсыздандыруға баруы мүмкін, бұл республиканың сыртқы саудасының тиімділігін айтарлықтай төмендетуі мүмкін;
  • Қаржылық мүмкіндіктерді қысқарту ең алдымен инвестициялық тауарлардың импорттық көлеміне әсерін тигізеді. Бұл қазақстан экономикасының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мен жетілдіру саясатын ары қарай жалғастыруға мүмкіндік бермейді;
  • Контрабандалық тауарларды елге тасу көлемі онан сайын арта түседі, ал шекара аймағындағы елді мекендер көрші елдердің сауда аймағына айналуы мүмкін;
  • Өткінші жүк тасымалының көлемі күрт төмендеп кетуі мүмкін, бұл ағымдағы есеппен жағдайды онан әрі қиындатады.

Бірақ, бұндай қауіптер нақты болып тұрғанымен, бұл экономиканы дамытудың ең нашар түрі болып табылады. Айта кететін жай, 1998 жылғы дағдарыс кезеңінен бастап Қазақстанда беріктіліктің сыртқы жағымсыз жағдайларға қарсы тұруға және бұндай жағдайды қайта болдырмауға бейім жетерліктей қоры жиналды. Қазақстан экономикасында әлемдік рыноктағы сұраныстың азаюына қарсы тұратын ішкі сұраныстың көбеюі, дағдарыстың алдын алуға толық мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлемдегі рыноктарда мұнайдың ең төменгі бағасы орын алған жағдайда, Ұлттық қордың құрылуы, жетіспейтін валюталық түсімдердің орнын жабуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әлемдік рыноктағы мұнайдың ең төменгі бағасы орын алған жағдайда, қазақстанның мұнай өндірудің ең төменгі өзіндік құны мұнай өңдеудің рентабельділігін бір деңгейде ұстап тұрады.

Қазақстандық кәсіпорындардың сыртқы экономикалық байланыстарының тиімділігін жетілдіру, кедендік баға белгілеу, бюджеттік салықтар, несие саясаты және тағы басқада ішкі және сыртқы факторларға тікелей байланысты болады.

Бірнеше мемлекеттер аумағында бірыңғай экономикалық саясатты жүргізу, қазіргі уақытта Еуропалық Одақ деп аталатын Еуропалық экономикалық қоғамдастықты өмірге алып келді. еркін жеке тұлғалар мен капиталдарды,  тауарлар мен қызметтерді ауыстыруы  Еуропалық елдердің бірігуінің негізі болып табылады, бұл мемлекеттер арасындағы экономикалық және сауда байланыстарын дамыту процесстерін күшейтуге және кедендік шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Қоғамдастыққа мүше елдер арасындағы экономикалық, сауда және қаржылық байланыстардың жалпы жүйесін ықшамдау, жеке және заңды тұлғаларға екі еселік салық салуды жою, мемлекеттер арасындағы валюталық және кедендік мәселелерді шешу Еуропалық Одақты құрудың тағы бір мақсаты болып табылады. Сыртқы экономикалық байланыстарға мүше Қазақстандық кәсіпорындар үшін бұл бірігу анықталған қандай да бір мүддені көздейді, себебі ТМД елдерінің кәсіпорындарымен сауда және тағы басқа да байланыстар тарихи сипат алады және геосаяси жағдайлармен алдын ала анықталып қойған. Ерекше  мүдде болып, жалпы жүйені, мүмкіндігінше бірыңғай валютаны құру болып табылады, бұл төлемдерді төлеуде және валюталық бағамдардың айырмасын анықтаудан құтылуға мүмкіндік береді.

Өндірілген тауарларға кедендік төлемдерді төлемеу, жүкті еркін түрде тасымалдау, ұлттық валютаның еркін айналыста болуы және төлемдерді төлеудің еркін түрде жүруі, Еуропалық Одақтың қабылданған келісімінде көрсетілген. Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің экономикалық мүдделерін қорғау үшін, орнын толтыру шаралары және бәсекелестерді ығыстыру үшін тауарларды төмен бағамен сатуға қарсы механизм әзірленген, бұл кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін тарифсіз реттеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттің аумағында жүргізілетін транзиттік тасымалдар, көлік қызметтері салаларын дамытуға әсерін тигізеді, осыған байланысты оларды жүзеге асырудың тәртібін ықшамдау мемлекеттердің шекарасы арқылы тасымалданатын жолаушылар мен жүк көлемінің артуына мүмкіндік береді

12
скачать работу

Ұйымдасқан кәсiпорындар өндiрiсiн дамытуды болжау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ