Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұйымдасқан кәсіпорындарды дамытудың шетелдік тәжірибесі



 Другие рефераты
Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің нысаны Ұйымдасқан кәсіпорындардың заңнамалық базалары Ұйымдасқан кәсiпорындардың мәнi мен маңызы, олардың ұйымдастыру формалары

Әртүрлі елдердегі ұйымдасқан кәсіпорындардың даму барысы мен ауқымы ең алдымен инвестициялық климатқа байланысты болады. Осы уақытта ұйымдасқан кәсіпкерлік тек қана экономикалық сипатқа ғана емес, сондай-ақ басқа да, мысалыға әртүрлі елдердің аймақтық және топтық мүдделеріне жағдай жасауы мүмкін. Сонымен, социалистік елдердің тауар өндірушілері құрған ұйымдасқан кәсіпорындар, шоғырландыру процесстерінде өздерінің рөлдерін ойнады және тәуелсіз әріптестердің ғана емес толығымен социалистік жүйенің экономикалық мүдделеріне қызмет етті.

Дамыған капиталистік елдердің кәсіпорындары мен корпорацияларының ұйымдасқан кәсіпорындарды құрудағы айтулы көлемі туралы. 80-ші жылдардың басында-ақ америкалық компаниялардың 5300-дей шетелдегі бөлімшелерінің 1760-ы Батыс Еуропада біріккен кәсіпорын статусына ие болды. 1984 жылы АҚШ-та шетел капиталының қатысуымен әрекет етуші кәсіпорындар өздерінің өнімдерін 56 млрд. доллар көлемінде өткізді. Бұл әлемдік шаруашылықта тікелей тартылған шетел инвестициясын орналастыру сипатына ие болады. Дамыған капиталистік елдерге  американың  77 пайыз, ұлыбританияның 82 пайыз, батыс германияның 86 пайыз және 50 пайыздан артық жапондардың тікелей тартылған инвестициясы бағытталған.

Батыс-Батыс қарым-қатынасында теңдей жағдайдағы технологиялық және экономикалық мүмкіндіктерге ие әріптестердің ұйымдасқан кәсіпкерлігі, бәсекелестік жағдайында рынокқа жеке шыққандарға қарағанда, олардың бірлесіп өткізу рыногын игере отырып шығындарды төмендетуі өте тиімді болып саналады.

1981-1982 жылдары ГФР-де жапон инвестициясының қатысуымен 40 аралас кәсіпорындар, ал 1984 жылы жапон кәсіпорындарының қатысуымен батыс еуропа елдерінде 865 ұйымдасқан кәсіпорындар құрылды. 1985 жылы Жапонияның тікелей инвестиция құрылымының ұйымдасқан кәсіпорындардағы үлесі 62,2 пайызды құрады /11/.

Дамыған капиталистік мемлекеттерде экономикалық қарым-қатынас шеңберінде ұйымдасқан ғылыми-іздестіру ұйымдарын құру кеңінен орын алуда. Ғылыми іздестірудің, жаңа ғылыми өтімді өнімді өндіру үшін жобалау шешімдерін қалыптастырудың және бұл өндірісті іске қосу тәуекеленің жоғары болуымен қатар рынокты меңгеріп алудың қиын және құнының жоғары болуы, ғылыми-техникалық және экономикалық даму мүмкіндіктері жоғары әріптестерді де бірлесіп әрекет етуіне алып келеді. Дамыған капиталистік елдердің трансұлттық компаниялары мен кәсіпорындары арасында құрылған көптеген ұйымдасқан кәсіпорындар, электроника, шағын процессорлы техника, байланыс құралдары, биотехнология, химиялық технология және басқа да ғылыми өтімді салаларда әрекет етеді.

Өнеркәсіптік дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы Солтүстік-Оңтүстік қарым-қатынасы шеңберінде ұйымдасқан кәсіпорындардың қалыптасуы мен қызмет етуінің ерекшеліктері айтарлықтай сипат алады. Бұндай кәсіпорындардың дамуы, бір жағынан үйреншікті неоколониализмнің принциптері шеңберінде жүзеге асырылса, ал екінші жағынан дамушы елдердің өздігінен экономикалық дамуға және дамыған капиталистік елдердің инвесторлары санасып отыратын жаңа экономикалық қатынастардың тәртібін бекітуге талпынысын көрсетеді.

Дамушы елдердегі ұйымдасқан кәсіпорындар, дамыған капиталистік мемлекеттердің трансұлттық компаниялары мен кәсіпорындарының осы елдің экономикасына тікелей бағыттаған инвестициясының шеңберінде құрылады. Осындай инвестициялардың көлемі 70-ші жылдардың басы мен 80-ші жылдардың ортасына дейін шамамен 5 есеге дейін артқан. Осыған сәйкес, олардың негізгі үлесі «жаңа индустриялық елдерде», сонымен қатар минералдық және биологиялық ресурстарға бай елдерде орналасқан.

Инвесторлардың (негізінен АҚШ, Батыс Еуропа және Жапония елдерінің трансұлттық компанияларының) негізгі мүддесі болып, дамушы елдердің арзан табиғи ресурстарын, шикізаттарын, жұмыс күшін пайдалану мен жергілікті рынокты меңгеру болып табылады. Кейде бұл мүдделерге саяси мүдделер де қосылуы мүмкін.

Ал, қабылдаушы дамушы елдердің мүдделері болып, елге прогрессивті технологияларды және басқару әдістерін тарта отырып, ұлттық табиғи ресурстарды тиімді өзіндік пайдалануға, елдің өмір сүру деңгейін көтеруге қол жеткізу болып табылады.

Өнеркәсіптік дамыған капиталистік елдердің трансұлттық компаниялары мен кәсіпорындары ұйымдасқан кәсіпкерліктегі дамушы елдердегі әріптестерінің осы елдің аумағында әрекет етуші капиталды ұлттық етуге деген талпынысына қолдау көрсете отырып, олардың саяси ортадағы белсенділіктерін пайдалана отырып елдің табиғи ресурстарына, жұмыс күшіне және рыногына қол жеткізуге тырысады. Дамушы елдерде жапон капиталының қатысуымен құрылған кәсіпорындардың 80 пайызы жергілікті әріптестермен құрылған ұйымдасқан кәсіпорындар болып табылды.

Дамушы елдерде ұйымдасқан кәсіпорындарды құру шетел инвестицисына жергілікті табиғи ресурстарға қол жеткізіп беретін ең тиімді жол болып табылады.

Дамушы елдерде құрылған ұйымдасқан кәсіпорындар, елдің ұлттық бизнесін жандандыруға, шетел тәжірибесін пайдалана отырып елдің экономикасын басқаруға, жергілікті ресурстарды экспортқа шығаруға және ұйымдасқан кәсіпорындардың өнімін үшінші бір елге сатуға мүмкіндік береді.

Соңғы 10-15 жылдың  төңірегінде ТМД елдерінің аумағында шетелдің қатысуымен құрылған ұйымдасқан кәсіпорындар белсенді түрде дамуда. Бұл процесс айтарлықтай тұрақтылыққа ие болды және әлемдік шаруашылық байланыстарында ұйымдасқан кәсіпкерліктің даму үрдісіне белгілі бір дәрежеде ықпал етіп отыр.

Шетел инвестициясын заңды түрде біріккен кәсіпкерлікте ұлттық кәсіпорындар мен ұйымдармен бірлесе отырып пайдалануға Югославия аумағында — 1968, Румынияда – 1971, Венгрияда – 1972, Польшада – 1976, Болгарияда – 1980, Чехословакияда – 1985, ССРО-да – 1987, Вьетнамда – 1977, Қытайда – 1979, Моңғолияда – 1980, Кубада 1982 жылдардан бастап рұқсат берілген.

Экономикалық өзара көмек көрсету Кеңесінің шарттарында Кеңеске мүше елдердің әріптестерінің қатысуымен құрылған келесі екі жақты өндірістік бірлестіктер әрекет етті: Польша мен Венгрия арасындағы тас көмірді өндіріп, өңдеп өткізетін «Халдекс» кәсіпорыны (1959 жылы Польшада құрылған); «Дружба» мақта-тоқыма фабрикасы (1972 жылы Польша мен ГДР-лік әріптестер арасында құрылған); Польша мен ССРО арасындағы «Миракулюм», «Посиб» кәсіпорындары; Болгария мен ССРО арасындағы «Автоэлектроника» кәсіпорыны және тағы басқада кәсіпорындар.

Қазіргі уақытта Венгрияда 1000-нан аса ұйымдасқан кәсіпорындар батыстық кәсіпорындар капиталының қатысуымен әрекет етуде. Бұл кәсіпорындардағы жалпы шетел инвестициясының көлемі шамамен 90-100 млн. АҚШ долларын құрайды. Венгрияның инвестициялық климатында батыстық инвесторларды төмендегілер қызықтырады:

-  шетел инвестициясының қатысумен және әртүрлі шаруашылық ассоциацияларды және кәсіпорындарды құруға мүмкіндік беретін заңнамаларының болуы; салықтық жеңілдіктер және тағыда басқалар;

-  Венгрияның ішкі шаруашылық механизмінде дамыған рыноктық элементтердің болуы;

-  Венгриялық кәсіпорындар мен ұйымдардың сыртқы экономикалық байланыстар бойынша іс-тәжірибелерінің мол болуы, елде жақсы жолға қойылған банктік жүйенің және дамыған іскелік инфрақұрылымдардың бар болуы.

Кәсіпорынды барлық керек-жарақпен толық қамтамасыз етіп отыру мәселесін жеткіліксіз шешу, келісім-шартта көрсетілген шетел инвестициясының көлемі мен олардың нақты игерілуі арасындағы айырманың пайда полуына алып келеді. Бағалау бойынша, тек қана 1980-86 жылдары Қытайдың еркін экономикалық аймақтарында келісім-шартта көрсетілген жалпы шетел инвестициясы көлемінің 50 пайызы ғана игерілген.

Бүгінгі таңда социалистік елдердің әріптестері мен капиталистік мемлекеттердің ұйымдары (кәсіпорындары) арасында құрылған ұйымдасқан кәсіпорындардың дамуына Батыстың қолдан жасап отырған экономикалық емес, саяси мәні бар шектеулері кедергі келтіріп отыр.

скачать работу


 Другие рефераты
Маркетинг предприятия. Управление платежеспособностью и финансовой устойчивостью
Развитие новых жанров искусства, как технической революции
Султанмахмут Торайгыров
Самобытность древнерусской культуры


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ